Жылдың ең үздік мұғалімі таңдалды

16 Мамыр 2013, 10:31

Елордада «Үздік мұғалім - 2013» қалалық байқауының финалы өтті. Астананың 2013 жылғы үздік мұғалімі және байқаудың Гран-при иегері болып №70 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова танылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Алғашында үздік мұғалім атағы үшін қаланың 30 мектебінен 30 ұстаз бақ сынады, - деп хабарлайды байқауды ұйымдастырушы Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы. Байқаудың қалалық кезеңіне 9 мұғалім өтті. Олар: №9 «Зерде» ДБМ - К.Тердікбай, №70 МЛ - М.М.Қуатбекова, №38 МЛ - З.К.Туитина, №3 МГ - С.Н.Окружко, №4 МГ - М.К.Уәзірханов, №60 МГ - А.С.Хамитова, №54 МГ - Д.М.Бегәлиева, «Мирас» ХМ - Н.Е.Байжанов, №36 ОМ Л.Н.Матасова.  «Мұны сіз істей аласыз» атты финалдық турда «Үздік мұғалім - 2013» байқауына қатысушы дайындаған эмблемалар мен бойтұмарларды қазылар алқасы таңдады. Барлық қатысушылар да педагогикалық дара қабілет танытып, шығармашылық және сахна мәдениеті мен шеберлігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иесі және Астана 2013 үздік мұғалімі болып - №70 мектеп лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова танылды. І орын №36 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Н.Матасоваға; ІІ орын «Зерде» дарынды балалар мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тердікбай Кушайға; ІІІ орын №4 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі М.К.Уәзірхановқа берілді. «Ұлттық педагогиканы насихаттаушы» аталымында №54 мектеп лицейдің технология мұғалімі Д.Ш.Бекәлиева; «Зерттеуші мұғалім» аталымында №60 мектеп лицейдің тарих пәнінің мұғалімі А.С.Хамитова; «Кәсіби шебер» аталымында №3 мектеп гимназияның химия пәнінің мұғалімі Н.С. Окружко; «Шығармашыл педагог» аталымында «Мирас» халықаралық мектебінің қазақ тілінің мұғалімі Н.Байсақова; «Әдіскер» аталымында №38 мектеп лицейдің ағылшын тілінің мұғалімі З.К.Туитина жеңімпаз атанды.    Baq.kz

Елордада «Үздік мұғалім - 2013» қалалық байқауының финалы өтті. Астананың 2013 жылғы үздік мұғалімі және байқаудың Гран-при иегері болып №70 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова танылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Алғашында үздік мұғалім атағы үшін қаланың 30 мектебінен 30 ұстаз бақ сынады, - деп хабарлайды байқауды ұйымдастырушы Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы. Байқаудың қалалық кезеңіне 9 мұғалім өтті. Олар: №9 «Зерде» ДБМ - К.Тердікбай, №70 МЛ - М.М.Қуатбекова, №38 МЛ - З.К.Туитина, №3 МГ - С.Н.Окружко, №4 МГ - М.К.Уәзірханов, №60 МГ - А.С.Хамитова, №54 МГ - Д.М.Бегәлиева, «Мирас» ХМ - Н.Е.Байжанов, №36 ОМ Л.Н.Матасова. 
«Мұны сіз істей аласыз» атты финалдық турда «Үздік мұғалім - 2013» байқауына қатысушы дайындаған эмблемалар мен бойтұмарларды қазылар алқасы таңдады.
Барлық қатысушылар да педагогикалық дара қабілет танытып, шығармашылық және сахна мәдениеті мен шеберлігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иесі және Астана 2013 үздік мұғалімі болып - №70 мектеп лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова танылды.
І орын №36 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Н.Матасоваға; ІІ орын «Зерде» дарынды балалар мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тердікбай Кушайға; ІІІ орын №4 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі М.К.Уәзірхановқа берілді.
«Ұлттық педагогиканы насихаттаушы» аталымында №54 мектеп лицейдің технология мұғалімі Д.Ш.Бекәлиева; «Зерттеуші мұғалім» аталымында №60 мектеп лицейдің тарих пәнінің мұғалімі А.С.Хамитова; «Кәсіби шебер» аталымында №3 мектеп гимназияның химия пәнінің мұғалімі Н.С. Окружко; «Шығармашыл педагог» аталымында «Мирас» халықаралық мектебінің қазақ тілінің мұғалімі Н.Байсақова; «Әдіскер» аталымында №38 мектеп лицейдің ағылшын тілінің мұғалімі З.К.Туитина жеңімпаз атанды.

 
 Baq.kz

Бөлісу: