Мексикада төрт жылда қалалардың 34 мэрі өлтірілді

16 Мамыр 2013, 10:26

Мексика билігінің хабарлауынша, соңғы төрт жылда бандиттік қақтығыстарда 1200 түрлі мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде қалалардың 34 мэрі өлтірілген. Бұл туралы ВВС хабарлады. Осыған орай Мексиканың Муниципалитеттер федерациясының президенті Сергио Арредондо Ольвера бұл мәселе бойынша елдің бұдан бұрынғы президенті Фелипе Кальдерон есірткі мафиясына қарсы бастаған соғысты айыптап отыр. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2007 жылдан бері елде жалпы 70 мыңнан астам адамның өмірі қиылған көрінеді. ҚазАқпарат.

Мексика билігінің хабарлауынша, соңғы төрт жылда бандиттік қақтығыстарда 1200 түрлі мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде қалалардың 34 мэрі өлтірілген. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Осыған орай Мексиканың Муниципалитеттер федерациясының президенті Сергио Арредондо Ольвера бұл мәселе бойынша елдің бұдан бұрынғы президенті Фелипе Кальдерон есірткі мафиясына қарсы бастаған соғысты айыптап отыр.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2007 жылдан бері елде жалпы 70 мыңнан астам адамның өмірі қиылған көрінеді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: