11 млн-шы қазақ атанған сәбиге Оңтүстік Қазақстан әкімі ат сыйлады, деп хабарлайды BNews.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген 11 млн-шы қазақ баланың ата-анасын облыс әкімі А.Мырзахметов құттықтады. «Құрметті Мәлік Абдрахымұлы, Шолпан Бақытжанқызы! Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі атынан Сіздерді отбасыларыңыздағы үлкен қуанышпен құттықтаймын», деп басталған әкімнің құттықтау хаты. Әрбір бесінші қазақ дүние есігін ашатын өңірде он бір миллионыншы қандасымыздың туылуы Ұлысымыздың ұйытқысы саналатын оңтүстіктің демографиялық мәртебесін тағы бір дәлелдеді, деп атап өткен А.Мырзахметов. Аталған құттықтауды қуаныш иелеріне табыстаған Қазығұрт ауданының әкімі Б.Қыстауов облыс әкімдігі мен өңір тұрғындары атынан сәбиге тұлпар тарту етті. Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес 11 миллионыншы қазақ өткен жылы 28 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. Нәрестенің аты - Мұхтар Абдрахым. Оның тұрғылықты жері Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылы. Анасы Шолпан Күдірбекова - мұғалім, әкесі Мәлік Бадамбаев ауыл шаруашылығымен айналысады.
Baq.kz