Астанада шемішке шаққаны үшін екі күнге қамалды

16 Мамыр 2013, 05:25

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Астанада қоғамдық орында шемішке шаққаны үшін екі күнге қамауға алынды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.   «СҚО-ның 21 жасар тұрғыны 17.00 сағаттар шамасында қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол ҚР ӘҚБтК 330 б. 1 т. бойынша қамауға алынды», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда. ІІД мәлімдеуінше қоғамдық тәртіпті бұзған азаматқа сот үкімімен 2 күндік қамауға алу жазасы тағайындалды. Одан басқа темекі тұқылын көшеге тастағаны үшін 1984 жылғы азамат 1 тәулікке қамалды. К. деген азамат та қоғамдық орында дәрет сындырғаны үшін 1 тәулікке қамалды. ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2 күнде (14-15 мамырда) Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты  барлығы 61 материал қарап, олардың 12-не әкімшілік қамау шарасы қолданып, 49-на 3 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынған. 1 АЕК= 1731 теңге.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Астанада қоғамдық орында шемішке шаққаны үшін екі күнге қамауға алынды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

 

«СҚО-ның 21 жасар тұрғыны 17.00 сағаттар шамасында қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол ҚР ӘҚБтК 330 б. 1 т. бойынша қамауға алынды», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

ІІД мәлімдеуінше қоғамдық тәртіпті бұзған азаматқа сот үкімімен 2 күндік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Одан басқа темекі тұқылын көшеге тастағаны үшін 1984 жылғы азамат 1 тәулікке қамалды. К. деген азамат та қоғамдық орында дәрет сындырғаны үшін 1 тәулікке қамалды.

ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2 күнде (14-15 мамырда) Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты  барлығы 61 материал қарап, олардың 12-не әкімшілік қамау шарасы қолданып, 49-на 3 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынған.

1 АЕК= 1731 теңге.

Бөлісу: