Жүсіп Баласағұн-1

Атаның орны балаға қалады.

Адам өмірі туралы

Ұл туса - әкеге тартар.

Адам өмірі туралы

Ата өлсе - бала аман.

Адам өмірі туралы

Ұлың менен қызың - жарқыраған екі көзің.

Адам өмірі туралы

Сұлу әйел алған - өмір бойы қарауыл боп өтеді, бай әйел алған - өмір бойы құл болып өтеді.

Әйел, ана туралы

Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Жақсы мен жаман туралы

Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың.

Мінез-құлық туралы

Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.

Достық туралы

Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда.

Достық туралы

Дос достың кемшілігін кешіре білер

Достық туралы

Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара.

Сауда-саттық туралы

Сыйлағанды - сыйла, илегенді - иле.

Әдептілік, сыйластық туралы

Ағайынмен - сыйлас, үлкен мен кішіге - күле қара.

Әдептілік, сыйластық туралы

Халық бүлінсе - саясат түзейді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Халық тарықса - үкімет жұтайды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма!

Сақтық туралы

Қылыш қан төксе - иесі ел билейді.

Соғыс туралы

Хан да - біреудің ұлы, құдайдың құлы.

Бек, хан туралы

Ханның әділетсіздігі - бар пеленің басы.

Бек, хан туралы

Ханның - ақысы болса, қараның - қақысы бар.

Бек, хан туралы

Бек қайда барса - құлы сонда.

Бек, хан туралы

Бек деген - от: жақын жүрме - күйесің.

Бек, хан туралы

Бек қызыққа құмар болса - қалған елдің күні қараң.

Бек, хан туралы

Сараң бек ел билей алмайды.

Бек, хан туралы

Қылыш - ел шауып, қазына құрайды.  

Қару-жарақ туралы

Күле сөйлесең - күллі тілегің орындалар.

Жылау-күлу туралы

Не ексең - соны орасың.

Еңбек туралы

Сайтан сүйгенді - құдай сүймейді.

Дін, иман туралы

Жамандық жасасаң - жауабы өкініш болар.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы іс көп жасайды.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсыдан - шарапат.

Жақсы мен жаман туралы

Жаман мінез жау қылмағанды қылар.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсының - тілегі таусылмайды, жаманның - мұңы бітпейді.

Жақсы мен жаман туралы

Жаманға жуыспа.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы - жақсы тілек тілейді, жаман - күнде қарғап-сілейді.

Жақсы мен жаман туралы

Жазасын тартпайтын жамандық жоқ.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.

Жақсы мен жаман туралы

Әділ сөз ащы көрінер.

Әділдік туралы

Әділ заң - тірегің.

Әділдік туралы

Әділдік жолын өзің аш.

Әділдік туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы