15 Мамыр 2013, 08:59
Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен.Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Өмірде болған тарихи тұлға ретіндегіболмысы аз зерттелген. Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына,шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-геәпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығысмәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды. Ж. шешендік сөздері — далалық өркениеттәжірибесінің жарқын көріністерінің қатарына жатады. Терең тағылымдытолғамдар өміршеңдікке шақырып, ақыл-ой салтанатын түйсінугемүмкіндік береді.
Атты мен жаяудың сәлемі жараспас.
Теңсіздік туралы
Басқа пәле - тілден.
Тіл туралы
Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім.
Қанағат-рақым туралы
Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі.
Жақындық туралы
Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік.
Әділдік, шындық туралы
Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы.
Төрт түлік мал туралы
Қадірлі болғысы келген кісіге үш серік керек: бақ, дәулет, ырыс.
Бақыт туралы
Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? - «Балам біледі» дер.
Адам өмірі туралы
- Дүниеде не жетім?
- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел
жетім, жарынан айырылған ер жетім..
Жоқтау туралы
Әкесі өлген - асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген - ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген - оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген - сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.
Жоқтау туралы
Өзің білмес ісіңді - білгендерден сұрап ал.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Он бес жас - құйын қуған желмен тең, жиырма жас - дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес - ағып жатқан селмен тең, қырық бес - аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде - селкілдеген шал боларсың, тоқсанда - сексенге де зар боларсың, жүзге келсең - дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың.
Адам өмірі туралы
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз - көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру - жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.
Адам өмірі туралы