Дулат Бабатайұлы

Бабатайұлы Дулат (1802-1871) - ойшыл, ақын. Аякөз өңірінде туған. 1880 жылы «Өсиетнама» деген жинағы Қазанда басылып шыққан. Ақын өлеңдерін ел аузынан жинап, сақтаушы - халық ақыны Шәкір Әбенов. Өлеңдерінде саяси-әлеуметгік тақырьпттар терең де жан-жақты кең көрініс тапқан. Елдік мұраттарын жан ауыра жырға қосқан. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы бізге етене таныс.

 

Иман-жанның сапасы.

Дін, иман туралы

Ата-ананың ақылы - қазылған қара жолмен тең,

Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең.

Ақыл-ой туралы

Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең,

Жақсының көрген жарығы - анық атқан таңмен тең.

Жақсы мен жаман туралы

Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең,

Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең.

Жақсы мен жаман туралы

Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.

Жақсы мен жаман туралы

Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар.

Білгенін түзу кім етсе - қара басы бимен тең.

Жақсы мен жаман туралы

Бір үйде өскен балалар бірлік қылса азар ма?!

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Жаман болса ұлығың - аш-арығы оңалмас.

Жақсы мен жаман туралы

Мал - дүниенің опасы.

Төрт түлік мал туралы

Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.

Күншілдік, қызғаныш туралы

Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең.

Жақсы мен жаман туралы

Талқаныңды жеп қойса - туысқаның жатпен тең.

Ағайын-туыс туралы

Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар,

Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар.

Ар-намыс, ұят туралы

Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең,

Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең.

Жақсы мен жаман туралы

Баяны жоқ дүниені бір күндік демей не дейміз.

Дүние туралы

Рас жаман өзін - өзгені қор көрген адам.

Жақсы мен жаман туралы

Имансызға - пейіш жоқ, имандының - көңілі тоқ.

Дін, иман туралы

Уәдесінде тұрмаса - жақсыға өлім сол болар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Сыйласпаған ағайын жатыңменен пара-пар.

Ағайын-туыс туралы

Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас.

Жақсы мен жаман туралы

Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай,

Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай.

Жақсы мен жаман туралы

Парақор болған төрелер - қуаңнан шыққан жұтпен тең,

Шежіре қуған адамның - көкірегі сызған хатпен тең.

Парақорлық туралы

Жаттан рақым не күтсін - бастан жаны кеткен ер,

Шуылдаған қарғадай - көшбасшысы өткен ел.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы