Петропавлда қазақ тіліндегі басылымдар сатылмайды

15 Мамыр 2013, 08:11

Петропавлда қазақ тіліндегі басылымдар сатылмайды. Cауда орындары иелерінің сөзіне сенсек, қазақша баспасөзге сұраныс жоқ көрінеді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.     - Қазақ тіліндегі «Солтүстік Қазақстан» газеті бар ма?   - Жоқ. Ондай сатылмайды.   Жаппар Төлегенов - қазақ тіліндегі газет-журналдарды іздеп жүріп оқитындардың бірі. Облыс орталығындағы дүңгіршіктерден «Жұлдыз», «Жалын» секілді сүйікті журналдарын таппаған ол кітапхананың тұрақты оқырманына айналды.   Жаппар Төлегенов, қала  тұрғыны:   - Барлық  басылымдарға  жазылу мүмкін  емес қой. Мысалы «Айқын», «Жас алашты» таба алмайсың. Сатушылар бетіңе бежірейіп тұрып қарайды, «сен не сұрап тұрсың?» дегендей. Қазақ басылымын, қазақша кітап сатып  алу деген ол бір мүшкіл жағдай.    Ғаламтордың қарқынды дамығанына қарамастан, газет-журналдар әлі де көпшіліктің көзі һәм құлағы болып отыр. Ал сатушылар болса, дүңгершіктегі қазақтілді басылымдардың кездеспейтінін оларға деген сұраныстың жоқтығымен түсіндіреді.   - Қазақ тінідегі газеттерді өте аз сатып алады, - дейді дүңгіршектегі сатушы.   Петропавлда төл басылымдарымызды тек «Қазпошта» бөлімшелері арқылы  сатып немесе жаздырып алуға болады. Өңірде жазылым бойынша республикалық басылымдардың көш басында «Егемен Қазақстан» газеті тұр екен. Бірақ оның өзін жеті-ақ мың оқырман алады.   Социал Жұмабаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы:   - Бір проблема осы. Құдайға шүкір, көп шығып жатыр қазір. Бәрін де естиміз.   Жаппар Төлегеновтің пікірінше,  арнайы дүңгіршектерде «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Айқын» сынды газеттер сатыла басталса, өңірдегі мемлекеттік тілге қатысты қордаланған мәселелердің біразы  өз шешімін табар еді. Baq.kz

Петропавлда қазақ тіліндегі басылымдар сатылмайды. Cауда орындары иелерінің сөзіне сенсек, қазақша баспасөзге сұраныс жоқ көрінеді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.  

 

- Қазақ тіліндегі «Солтүстік Қазақстан» газеті бар ма?
 
- Жоқ. Ондай сатылмайды.
 
Жаппар Төлегенов - қазақ тіліндегі газет-журналдарды іздеп жүріп оқитындардың бірі. Облыс орталығындағы дүңгіршіктерден «Жұлдыз», «Жалын» секілді сүйікті журналдарын таппаған ол кітапхананың тұрақты оқырманына айналды.
 
Жаппар Төлегенов, қала  тұрғыны:
 
- Барлық  басылымдарға  жазылу мүмкін  емес қой. Мысалы «Айқын», «Жас алашты» таба алмайсың. Сатушылар бетіңе бежірейіп тұрып қарайды, «сен не сұрап тұрсың?» дегендей. Қазақ басылымын, қазақша кітап сатып  алу деген ол бір мүшкіл жағдай. 
 
Ғаламтордың қарқынды дамығанына қарамастан, газет-журналдар әлі де көпшіліктің көзі һәм құлағы болып отыр. Ал сатушылар болса, дүңгершіктегі қазақтілді басылымдардың кездеспейтінін оларға деген сұраныстың жоқтығымен түсіндіреді.
 
- Қазақ тінідегі газеттерді өте аз сатып алады, - дейді дүңгіршектегі сатушы.
 
Петропавлда төл басылымдарымызды тек «Қазпошта» бөлімшелері арқылы  сатып немесе жаздырып алуға болады. Өңірде жазылым бойынша республикалық басылымдардың көш басында «Егемен Қазақстан» газеті тұр екен. Бірақ оның өзін жеті-ақ мың оқырман алады.
 
Социал Жұмабаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы:
 
- Бір проблема осы. Құдайға шүкір, көп шығып жатыр қазір. Бәрін де естиміз.
 
Жаппар Төлегеновтің пікірінше,  арнайы дүңгіршектерде «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Айқын» сынды газеттер сатыла басталса, өңірдегі мемлекеттік тілге қатысты қордаланған мәселелердің біразы  өз шешімін табар еді.
Baq.kz
Бөлісу: