Қайрат Лама Шариф қанша жалақы алатынын жариялады

15 Мамыр 2013, 08:06

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф өзінің мүлкі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Агенттік басшысы өз мүлкі туралы бүгін Қазмедиа орталығында журналистерге арналған кездесуде мәлімдеді. Қ.Лама Шарифтің айтуынша, ол агенттік төрағасы ретінде 600 мың теңгеден аса айлық алады екен. Зейнетақы жинақтау қорында 5 миллион теңгеден астам қаржысы бар. Алматыда 3 бөлмелі және Астанада 3 бөлмелі бір бір пәтерден иеленген. Зауыттан 2010 жылы шыққан 1 "Toyota Prado"  көлігі және бар екен. Өзінің бауырлары мен балалары ешқайсысы жеке кәсіппен айналыспайды екен. Оның жиған-тергенін паш етуіне «Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» акциясы себеп болыпты.  Нұрлыбек Досыбай  

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф өзінің мүлкі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Агенттік басшысы өз мүлкі туралы бүгін Қазмедиа орталығында журналистерге арналған кездесуде мәлімдеді.

Қ.Лама Шарифтің айтуынша, ол агенттік төрағасы ретінде 600 мың теңгеден аса айлық алады екен. Зейнетақы жинақтау қорында 5 миллион теңгеден астам қаржысы бар. Алматыда 3 бөлмелі және Астанада 3 бөлмелі бір бір пәтерден иеленген. Зауыттан 2010 жылы шыққан 1 "Toyota Prado"  көлігі және бар екен. Өзінің бауырлары мен балалары ешқайсысы жеке кәсіппен айналыспайды екен. Оның жиған-тергенін паш етуіне «Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» акциясы себеп болыпты. 

Нұрлыбек Досыбай

 

Бөлісу: