100 жылдық сағат

15 Мамыр 2013, 03:18

Атырау облысының өлкетану көрмесінде 100 жылдық «Янтарь» маркалы қабырғаға ілетін маятник-сағат қойылды. Бұл туралы мұражай директоры Серік Мұхамбетов хабарлады.    Көрме Халықаралық мұ­ражай күніне арналып, 18 ма­мырда атап өткізілмек. Серік Мұхамбетовтың ай­туынша, бұл ретте ең көне жә­дігер «Янтарь» маркалы қа­бырғаға ілінетін маятник-сағат болып отыр. Ол Құрман­ғазы ауданының Кудряшово село­сының тұрғыны Нина Соло­довниковадан сатып алын­ған, сағатқа шамасы 100 жыл­дай уақыт болған. Жалпы алғанда, қол сағат, қалта сағат, қабырға сағаты бар, барлығы 36 жәдігер қойылған. Сонымен қатар мұражай ди­­ректоры мұражайда бір­неше жыл бұрын осында ашыл­­ған «Жас экскурсия жетек­ші­сі» клубына қатысушылар­­дың жұмысы қорытындылана­тынын да айта кетті. – 15-16 мамырда мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өткізіледі. 17 мамырда дәстүрлі «Мұ­ражайдағы түн» акциясы өтеді, – деп атап өтті Серік Мұхамбетов.  Айқын.

Атырау облысының өлкетану көрмесінде 100 жылдық «Янтарь» маркалы қабырғаға ілетін маятник-сағат қойылды. Бұл туралы мұражай директоры Серік Мұхамбетов хабарлады. 

 

Көрме Халықаралық мұ­ражай күніне арналып, 18 ма­мырда атап өткізілмек.

Серік Мұхамбетовтың ай­туынша, бұл ретте ең көне жә­дігер «Янтарь» маркалы қа­бырғаға ілінетін маятник-сағат болып отыр. Ол Құрман­ғазы ауданының Кудряшово село­сының тұрғыны Нина Соло­довниковадан сатып алын­ған, сағатқа шамасы 100 жыл­дай уақыт болған.

Жалпы алғанда, қол сағат, қалта сағат, қабырға сағаты бар, барлығы 36 жәдігер қойылған.

Сонымен қатар мұражай ди­­ректоры мұражайда бір­неше жыл бұрын осында ашыл­­ған «Жас экскурсия жетек­ші­сі» клубына қатысушылар­­дың жұмысы қорытындылана­тынын да айта кетті.

– 15-16 мамырда мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өткізіледі. 17 мамырда дәстүрлі «Мұ­ражайдағы түн» акциясы өтеді, – деп атап өтті Серік Мұхамбетов. 

Айқын.

Бөлісу: