Бұқар Қалқаманұлы-1

14 Мамыр 2013, 08:14

Өлетұғын тай үшін, Қалатұғын сай үшін, Қылмаңдар жанжал, ерегіс. Тәлім-тірбие, өсиет, тағлым туралы Аталыдан би қойсаң - адаспас жол мен жорадан, Атасыздан би қойсаң - босамас аузы парадан. Тәлім-тірбие, өсиет, тағлым туралы Жал-құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз, Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз. Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас, Жаман қатын алсаңыз - топқа кірер ұл тумас. Сақтық туралы Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге, Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. Байлық-кедейлік туралы Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да - тартпай қоймас негізге. Байлық-кедейлік туралы Асқар таудың өлгені - басын мұнар шалғаны, Көктегі бұлттың өлгені - аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені - еңкейіп барып батқаны, Айдын шалқар өлгені - мұз болып тастай қатқаны. Қара жердің өлгені - қар астында қалғаны, Өлмегенде не өлмейді - ғалымның хаты өлмейді. Ғылым-білім, өнер туралы Ауылда адам бар болса - ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса - елі ала болмайды. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Ақсақалға жарасар - тілеуқорлық тобасы, Бәйбішеге жарасар - қолдағы қара сабасы. Келіншекке жарсар - емшектегі баласы. Қыз он беске келгенде - шашынан көп жаласы, Бұл жалғанның жаманы - ағайынның аласы. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Арғымақтың жалы жоқ - жабылар жалымен теңесер, Жақсылардың малы жоқ - жамандар малымен теңесер. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жетпіс деген жел екен. Адам өмірі туралы Жетпіс бес жасқа келгенде, Жылуы болмас қойныңның, Қаруы болмас сойылдың - Өлмесең де жойылдың. Адам өмірі туралы Сексен бес жасқа келгенде, Екі қара көзді алар, Ауыздағы сөзді алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіңдегі нұрды алар, Етіңдегі шырды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар - Өлмегенде нең қалар?! Адам өмірі туралы Тоқсан бес деген торы екен, Дүйім жанның қоры екен, Адам өмірі туралы Қарайын десең - Екі жағың ор екен, Найза бойы жар екен, Түсіп кетсең түбіне, Түбі жоқ терең көл екен, Ел қонбайтын шөл екен - Келмейтұғын неме екен! Адам өмірі туралы Риза болсаң құдайға, түзелер сонда ісіңіз. Дін, иман туралы Тірнектеп жүріп іс қылған жарлыны жарлы демеңіз. Жарлы байға тең келіп, жайлауға көшпес демеңіз. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жалғызды жалғыз демеңіз, Жалғыз да көпке теңеліп, Бір майданда жолығып, Кегін бір алмас демеңіз. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Мінген атың арыса - қатарға ену күн болар, Қара көзден нұр тайса - қарға адым жер мұң болар. Адам өмірі туралы Өлең - сөздің данасы, шындықтың анасы. Өлең туралы Шын жолында сөйлесең - басыңа келер пәлесі. Сақтық туралы Өзіңе еркіндік бермесе, азат бастан не пайда. Еркіндік туралы Алатаудан асыңыз, ашуыңызды басыңыз. Сабырлық туралы Жаңғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Арғымағын жоғалтып, тай жүгірткен заман -ай. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ерге дәулет бітпесе, шүлдірлеген қызыл тілден не пайда?! Пайдасыздық, керексіздік туралы Байдың малын көтерме: тайып кетсе табаның, шашынды берсең жетер ме?! Сақтық туралы Сыпайы сырын білдірмес. Сақтық туралы Екі жақсы қас болмас - екі жаман дос болмас. Достық туралы Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Хандар киген қамқа тон - шүберек болар тозған соң, Жігіт жақсы бола алмас - алғаны жаман болған соң. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Айтқан сөзге тұрмаған - жаман емей немене, сұрағанды бермеген - сараң емей немене, кісі ақысын көп жеген - арам емей немене, сыртыңдағы қулығың - амал емей немене, сусағанда берген су - шекер емей немене, ынжық ерге біткен мал - бекер емей немене?! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Өлетұғын тай үшін,

Қалатұғын сай үшін,

Қылмаңдар жанжал, ерегіс.

Тәлім-тірбие, өсиет, тағлым туралы

Аталыдан би қойсаң - адаспас жол мен жорадан,

Атасыздан би қойсаң - босамас аузы парадан.

Тәлім-тірбие, өсиет, тағлым туралы

Жал-құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз,

Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз.

Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас,

Жаман қатын алсаңыз - топқа кірер ұл тумас.

Сақтық туралы

Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,

Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге.

Байлық-кедейлік туралы

Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да - тартпай қоймас негізге.

Байлық-кедейлік туралы

Асқар таудың өлгені - басын мұнар шалғаны,

Көктегі бұлттың өлгені - аса алмай таудан қалғаны.

Ай мен күннің өлгені - еңкейіп барып батқаны,

Айдын шалқар өлгені - мұз болып тастай қатқаны.

Қара жердің өлгені - қар астында қалғаны,

Өлмегенде не өлмейді - ғалымның хаты өлмейді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ауылда адам бар болса - ауыл ада болмайды,

Ел иесі бар болса - елі ала болмайды.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ақсақалға жарасар - тілеуқорлық тобасы,

Бәйбішеге жарасар - қолдағы қара сабасы.

Келіншекке жарсар - емшектегі баласы.

Қыз он беске келгенде - шашынан көп жаласы,

Бұл жалғанның жаманы - ағайынның аласы.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Арғымақтың жалы жоқ - жабылар жалымен теңесер,

Жақсылардың малы жоқ - жамандар малымен теңесер.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жетпіс деген жел екен.

Адам өмірі туралы

Жетпіс бес жасқа келгенде,

Жылуы болмас қойныңның,

Қаруы болмас сойылдың -

Өлмесең де жойылдың.

Адам өмірі туралы

Сексен бес жасқа келгенде,

Екі қара көзді алар,

Ауыздағы сөзді алар,

Бойыңдағы әлді алар,

Бетіңдегі нұрды алар,

Етіңдегі шырды алар,

Аузыңдағы тісті алар,

Қолыңдағы істі алар -

Өлмегенде нең қалар?!

Адам өмірі туралы

Тоқсан бес деген торы екен,

Дүйім жанның қоры екен,

Адам өмірі туралы

Қарайын десең -

Екі жағың ор екен,

Найза бойы жар екен,

Түсіп кетсең түбіне,

Түбі жоқ терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен -

Келмейтұғын неме екен!

Адам өмірі туралы

Риза болсаң құдайға, түзелер сонда ісіңіз.

Дін, иман туралы

Тірнектеп жүріп іс қылған жарлыны жарлы демеңіз.

Жарлы байға тең келіп, жайлауға көшпес демеңіз.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жалғызды жалғыз демеңіз,

Жалғыз да көпке теңеліп,

Бір майданда жолығып,

Кегін бір алмас демеңіз.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Мінген атың арыса - қатарға ену күн болар,

Қара көзден нұр тайса - қарға адым жер мұң болар.

Адам өмірі туралы

Өлең - сөздің данасы, шындықтың анасы.

Өлең туралы

Шын жолында сөйлесең - басыңа келер пәлесі.

Сақтық туралы

Өзіңе еркіндік бермесе, азат бастан не пайда.

Еркіндік туралы

Алатаудан асыңыз, ашуыңызды басыңыз.

Сабырлық туралы

Жаңғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Арғымағын жоғалтып, тай жүгірткен заман -ай.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ерге дәулет бітпесе, шүлдірлеген қызыл тілден не пайда?!

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Байдың малын көтерме: тайып кетсе табаның, шашынды берсең жетер ме?!

Сақтық туралы

Сыпайы сырын білдірмес.

Сақтық туралы

Екі жақсы қас болмас - екі жаман дос болмас.

Достық туралы

Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Хандар киген қамқа тон - шүберек болар тозған соң,

Жігіт жақсы бола алмас - алғаны жаман болған соң.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Айтқан сөзге тұрмаған - жаман емей немене, сұрағанды бермеген - сараң емей немене, кісі ақысын көп жеген - арам емей немене, сыртыңдағы қулығың - амал емей немене, сусағанда берген су - шекер емей немене, ынжық ерге біткен мал - бекер емей немене?!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: