Білге қаған, Базар Оңдасұлы

14 Мамыр 2013, 08:06

Білге қаған Білге (684-734) — көне түркі мемлекетінің билеушісі. Есімі — Мерген (қытайша Могилан). Әкесі — ел төресі Құтлұғ қаған. Алты жасында жетім қалады. Байсалдылығымен, ақылдылығымен және зор әскери дарынымен ерте ел көзіне түсіп, түрік-қытай билеушілерінің ықыласына бөленген. 715 жылы қаған тағына отырып, 19 жыл ел биледі. Тасқа қашалған таспалы ой орамдарынан елдік пен ерлік жайлы даналық сарындары сезіледі.     Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.   Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Түркіні бұзар - тәтті сөз. Асыл сөз туралы Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды. Мінез-құлық туралы Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады. Мінез-құлық туралы Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады. Мінез-құлық туралы Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы. Отан, туған жер туралы Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Тастағы жазудан тағлым алғайсың. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар. Батырлық, ерлік туралы Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы   Базар Оңдасұлы Оңдасұлы Базар (1842-1911) - ойшыл, ақын-жырау. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Өзбекстанның Тамды ауданында жерленген. Терең мағыналы сұлу сөздері ақыл-өсиет түрінде кең тараған.    Әр заманның өзіне лайық сөзі болады. Асыл сөз туралы Ақылды әйел ерінің атын шығарады. Әйел, ана туралы Жақсы мен жаманның арасы - жер мен көктей. Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес. Жақсы мен жаман туралы Тереңдігі - теңіздей, қайраты - қара өгіздей. Батырлық, ерлік туралы Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар, Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар. Пайдасыздық, керексіздік туралы Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай, Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай. Жақсы мен жаман туралы Қу қанжыға жүйріктен - қаба жалды берік артық, Жылуы жоқ тымақтан - баса киген бөрік артық. Жаман болса алғаның - мақтасы қалың көрпе артық, Қараға жауап бергеннен - аққа берген серт артық. Пайдасыздық, керексіздік туралы Ділмәр боп жүр бұл күнде, Дым білместің талайы. Жоқтықтан қолы байланып, Кеңеске басы кірмей жүр, Жігіттің не бір сығайы. Байлық-кедейлік туралы Тіріде - жанға тыным жоқ, қызыл тілде - буын жоқ. Тіл туралы Ұмсынған жерге жетпесе, Қайтады ердің райы. Мінер ат, киер киімге, Мұқтаж болған жігіттің, Шықпайды ешбір шырайы. Байлық-кедейлік туралы Ханның бағы таярда - Дұшпаны сырттан көбейіп, Жаны ашыр досы аз қалар; Бидің бағы таярда - Үлгілі сөзден айырылып, Әркімнің мінін қазбалар; Байдың бағы таярда - Танабын құдай тарылтып, Қасынан қоңсы қозғалар. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы


Білге қаған

Білге (684-734) — көне түркі мемлекетінің билеушісі. Есімі — Мерген (қытайша Могилан). Әкесі — ел төресі Құтлұғ қаған. Алты жасында жетім қалады. Байсалдылығымен, ақылдылығымен және зор әскери дарынымен ерте ел көзіне түсіп, түрік-қытай билеушілерінің ықыласына бөленген. 715 жылы қаған тағына отырып, 19 жыл ел биледі. Тасқа қашалған таспалы ой орамдарынан елдік пен ерлік жайлы даналық сарындары сезіледі.  

 

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.  

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Түркіні бұзар - тәтті сөз.

Асыл сөз туралы

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.

Мінез-құлық туралы

Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.

Мінез-құлық туралы

Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.

Мінез-құлық туралы

Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.

Отан, туған жер туралы

Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тастағы жазудан тағлым алғайсың.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.

Батырлық, ерлік туралы

Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Базар Оңдасұлы

Оңдасұлы Базар (1842-1911) - ойшыл, ақын-жырау. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Өзбекстанның Тамды ауданында жерленген. Терең мағыналы сұлу сөздері ақыл-өсиет түрінде кең тараған.

  

Әр заманның өзіне лайық сөзі болады.

Асыл сөз туралы

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.

Әйел, ана туралы

Жақсы мен жаманның арасы - жер мен көктей.

Өмірде адам не көрмес: көтергенмен кеудесін - жақсыға жаман тең келмес.

Жақсы мен жаман туралы

Тереңдігі - теңіздей, қайраты - қара өгіздей.

Батырлық, ерлік туралы

Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар,

Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай,

Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай.

Жақсы мен жаман туралы

Қу қанжыға жүйріктен - қаба жалды берік артық,

Жылуы жоқ тымақтан - баса киген бөрік артық.

Жаман болса алғаның - мақтасы қалың көрпе артық,

Қараға жауап бергеннен - аққа берген серт артық.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Ділмәр боп жүр бұл күнде,

Дым білместің талайы.

Жоқтықтан қолы байланып,

Кеңеске басы кірмей жүр,

Жігіттің не бір сығайы.

Байлық-кедейлік туралы

Тіріде - жанға тыным жоқ, қызыл тілде - буын жоқ.

Тіл туралы

Ұмсынған жерге жетпесе,

Қайтады ердің райы.

Мінер ат, киер киімге,

Мұқтаж болған жігіттің,

Шықпайды ешбір шырайы.

Байлық-кедейлік туралы

Ханның бағы таярда -

Дұшпаны сырттан көбейіп,

Жаны ашыр досы аз қалар;

Бидің бағы таярда -

Үлгілі сөзден айырылып,

Әркімнің мінін қазбалар;

Байдың бағы таярда -

Танабын құдай тарылтып,

Қасынан қоңсы қозғалар.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: