Ақтамберді Сарыұлы

14 Мамыр 2013, 08:01

  Сарыұлы Ақтамберді (1675-1768) - ойшыл, жырау. Каратау бойында дүниеге келген. Жастайынан батырлығымен көзге түскен. Жоңғарға карсы күрес қаһармандарының бірі. Алдаспан жырларынан өрлік пен өміршеңдік, ел тәуелсіздігін ту еткен ерекше отаншылдық лебі еседі. Семейдің Абай ауданындағы Жүрек Жота деген төбе басында жерленген. Әділдікке - жан құрбан. Әділдік туралы Түйе мойнын тұз кесер, Жігіт мойнын қыз кесер. Дәрменсіздік туралы Атадан алтау туғанның, Жүрегінің бастауы - Алтын менен бу болар. Атадан жалғыз туғанның, Жүрегінің бастауы - Сары да жалқын су болар. Ағайын-туыс туралы Балпаң да балпаң кім баспас - басарға балтыр шыдамас, Батырмын деп кім шаппас - шабарға жүрек шыдамас. Батырлық, ерлік туралы Қыздың көркі - құлпыда, жігіттің көркі - жылқыда. Адам өмірі туралы Жауыңды аяма, жылағанды уат, жығылғанды тұрғыз. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Мал-басы өскен адамның алды-арты ду болар, Көкірегі өскен адамның жүрген жері шу болар. Бақыт, бақ-дәулет туралы Кәрі ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан. Ақыл-ой туралы Жеңіме жамау түскенін, кедейлік, сенен көремін, Жағама қолдың тигенін, жалғыздық, сенен көремін. Дәрменсіздік туралы Бұлаңдап жүрген жігіттің көкейін бірде жоқ тесер. Байлық-кедейлік туралы Ақбөкен келіп жығылар - алдын қазып орласа, Жігіттің бағы ашылмас - маңдайы ашық болмаса. Ер жігіт туралы Ата менен анасын күткен жанға - Мекке мен Мәдина үйдің іші. Ата-ана туралы Еділ-Жайық екі өзен талсыз болар деймісің, Жағалай жатқан қалың ел малсыз болар деймісің. Ел, халық туралы Орнын тапса ер жігіт - елсіз болар дейсің бе. Орда тігіп орнатса - төрсіз болар дейсің бе. Ер жігіт туралы Бақыт қонған басына - басқалармен тең өсер, Бақ қонбаған басына - жақсылардан кем өсер. Бақыт, бақ-дәулет туралы Қару алсаң мылтық ал: қарның ашса - тамағың, жаяу жүрсең - таяғың. Қару-жарақ туралы Күмбір-күмбір кісінетіп күрең де мінер ме екенбіз, күрек тісін ақситып сұлу да сүйер ме екенбіз; күдеріден бау тағып - кіреуке киер ме екенбіз, жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз - сауыт киер ме екенбіз; қоңыраулы найза қолға алып, жалаулы найза жанға алып - жау қашырар ма екенбіз; тобылғы сапты қамшы алып, тұмар мойын ат мініп - қоныс қарар ма екенбіз; ел жазылып жайлауда жақсылар кеңес құрғанда - мұртымыз көкке шаншылып, бұрын да сөйлер ме екенбіз. Батырлық, ерлік туралы Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең, Білімді туған жақсылар - аз да болса көппен тең. Ағайын-туыс туралы Қайырлы болса бай адам - дария шалқар көлмен тең, Қайырсыз болса жаман бай - ел қонбаған шөлмен тең. Байлық-кедейлік туралы Мінезді болса алғаның - күнде сонар қызбен тең, Жаман болса алғаның - астыңнан өткен сызбен тең. Әйел, ана туралы Бағасын білмес жаманға - алтын-күміс жезбен тең. Жақсы мен жаман туралы Халқы тозып кем болмас - әділ болса ұлығы. Ел, халық туралы Құдық қазсаң көлден қаз - көл суалса суалмас, Білімдіге бағынса - халық жүдеп-қуармас. Ғылым-білім, өнер туралы Әр нәрсені ойлаймын - сөз басқарар уақыт жоқ. Ақыл-ой туралы Өнер алды - бірлік, қылған жақсы тірлік. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Талпынбай көңіл жана ма, Еңбегің кетпес далаға. Еңбек туралы Татулық деген - береке. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы    Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Сарыұлы Ақтамберді (1675-1768) - ойшыл, жырау. Каратау бойында дүниеге келген. Жастайынан батырлығымен көзге түскен. Жоңғарға карсы күрес қаһармандарының бірі. Алдаспан жырларынан өрлік пен өміршеңдік, ел тәуелсіздігін ту еткен ерекше отаншылдық лебі еседі. Семейдің Абай ауданындағы Жүрек Жота деген төбе басында жерленген.

Әділдікке - жан құрбан.

Әділдік туралы

Түйе мойнын тұз кесер,

Жігіт мойнын қыз кесер.

Дәрменсіздік туралы

Атадан алтау туғанның,

Жүрегінің бастауы -

Алтын менен бу болар.

Атадан жалғыз туғанның,

Жүрегінің бастауы -

Сары да жалқын су болар.

Ағайын-туыс туралы

Балпаң да балпаң кім баспас - басарға балтыр шыдамас,

Батырмын деп кім шаппас - шабарға жүрек шыдамас.

Батырлық, ерлік туралы

Қыздың көркі - құлпыда, жігіттің көркі - жылқыда.

Адам өмірі туралы

Жауыңды аяма, жылағанды уат, жығылғанды тұрғыз.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Мал-басы өскен адамның алды-арты ду болар,

Көкірегі өскен адамның жүрген жері шу болар.

Бақыт, бақ-дәулет туралы

Кәрі ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан.

Ақыл-ой туралы

Жеңіме жамау түскенін, кедейлік, сенен көремін,

Жағама қолдың тигенін, жалғыздық, сенен көремін.

Дәрменсіздік туралы

Бұлаңдап жүрген жігіттің көкейін бірде жоқ тесер.

Байлық-кедейлік туралы

Ақбөкен келіп жығылар - алдын қазып орласа,

Жігіттің бағы ашылмас - маңдайы ашық болмаса.

Ер жігіт туралы

Ата менен анасын күткен жанға -

Мекке мен Мәдина үйдің іші.

Ата-ана туралы

Еділ-Жайық екі өзен талсыз болар деймісің,

Жағалай жатқан қалың ел малсыз болар деймісің.

Ел, халық туралы

Орнын тапса ер жігіт - елсіз болар дейсің бе.

Орда тігіп орнатса - төрсіз болар дейсің бе.

Ер жігіт туралы

Бақыт қонған басына - басқалармен тең өсер,

Бақ қонбаған басына - жақсылардан кем өсер.

Бақыт, бақ-дәулет туралы

Қару алсаң мылтық ал: қарның ашса - тамағың, жаяу жүрсең - таяғың.

Қару-жарақ туралы

Күмбір-күмбір кісінетіп күрең де мінер ме екенбіз, күрек тісін ақситып сұлу да сүйер ме екенбіз; күдеріден бау тағып - кіреуке киер ме екенбіз, жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз - сауыт киер ме екенбіз; қоңыраулы найза қолға алып, жалаулы найза жанға алып - жау қашырар ма екенбіз; тобылғы сапты қамшы алып, тұмар мойын ат мініп - қоныс қарар ма екенбіз; ел жазылып жайлауда жақсылар кеңес құрғанда - мұртымыз көкке шаншылып, бұрын да сөйлер ме екенбіз.

Батырлық, ерлік туралы

Ағайының көп болса - ұлы шерік қолмен тең,

Білімді туған жақсылар - аз да болса көппен тең.

Ағайын-туыс туралы

Қайырлы болса бай адам - дария шалқар көлмен тең,

Қайырсыз болса жаман бай - ел қонбаған шөлмен тең.

Байлық-кедейлік туралы

Мінезді болса алғаның - күнде сонар қызбен тең,

Жаман болса алғаның - астыңнан өткен сызбен тең.

Әйел, ана туралы

Бағасын білмес жаманға - алтын-күміс жезбен тең.

Жақсы мен жаман туралы

Халқы тозып кем болмас - әділ болса ұлығы.

Ел, халық туралы

Құдық қазсаң көлден қаз - көл суалса суалмас,

Білімдіге бағынса - халық жүдеп-қуармас.

Ғылым-білім, өнер туралы

Әр нәрсені ойлаймын - сөз басқарар уақыт жоқ.

Ақыл-ой туралы

Өнер алды - бірлік, қылған жақсы тірлік.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Талпынбай көңіл жана ма,

Еңбегің кетпес далаға.

Еңбек туралы

Татулық деген - береке.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

  

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: