13 Мамыр 2013, 12:20
Еліміздегі Ұлттық паралимпиадалық комитеттің вице-президенті болып бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова тағайындалды. Бұл жөнінде ол өзінің Twitter-аккаунтында жазды деп хабарлайды today.kz.
«Ресми түрде мәлімдеймін: Мені, Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиадалық комитеттің вице-президенті лауазымына тағайындады. Маған сәттілік тілеңдер!» деп жазыпты ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Паралимпиадалық комитеті Қазақстанның мүгедек-спортшыларын қолдай отырып, олардың халықаралық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етумен айналысады.
Baq.kz