Егемен Қазақстан республикасының демографиялык дамуы (тарихи-демографиялық талдау)

9 Қараша 2012, 03:46

Соңғы редакциялау: 30 қазан 2012 Егемен Қазақстан республикасының демографиялык дамуы (тарихи-демографиялық талдау) КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының  нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті. Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында. Қазақстан  2724,9 мың шаршы километрге тең кең байтақ аумақты алып жатса да, халық аз қоныстанған ел болып табылады. Бірінші Ұлттық санақ деректеріне сәйкес, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге небәрі 5,5 адамды құрады. Қазақстан халқына 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) бойынша біркелкі орналаспау тән. Қала және қала секілді поселкалар саны - 284. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 16,9 адамнан келетін Оңтүстік Қазақстан облысы халқы ең тығыз орналасқан аумақ болып табылса, Маңғыстау облысында халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 1,9 адамды құрады. 1997 жылы Қазақстан Республикасында ауылдық аудандар мен әкімшілік аумақтардың шекарасын өзгерту туралы реформа жүргізілді, соған сәйкес республикадағы 19 облыс 14 облыс болып қайта құрылды [1]. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың  демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады.  Қазақстандағы 16 млн. халықтың аймақтық орналасу ерекшеліктері әртүрлі еді. Республика халқының 45,2% Оңтүстік аймақта, 23,0% - Солтүстік аймақта, 14,4% - Батыс, 8,9% - Шығыс, 8,5% - Орталықта өмір сүреді. Оңтүстік аймақ тұрғындары үлесі 1989-2009 жж. 6,9%, ал адам саны 15,9% (яғни 935 мың) өсті. Солтүстіктің 4 облысы тұрғындары саны 1 млн 114 мыңға азайды, тек Астана тұрғындары 358 мыңға көбейіп, аймақ үлесі 4,1% кеміді. Сол сияқты, Шығыс және Орталық аймақтардың тұрғындары да азая түсті: олардың үлесі тиісінше 10,9%-дан 9,0%-ға, 10,8%-дан 8,5%-ға дейін төмендесе, тұрғындар саны тиісінше 19,8% және 22,7%-ға азайды. Батыста, Оңтүстік сияқты, үлесі 13,0%-дан 14,4%-ға көтеріліп, тұрғындар саны 7,0%-ға көбейді [2]. 20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды.  Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында – 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406,6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108,5 мың адамы кеміп қалды [3]. Кеткендер ең алдымен европалық этнос өкілдері, оның ішінде әсіресе орыс, украин мен белорустар және немістер өз тарихи отандарына қайта оралды. Тек 1993-2004 жж. арасында көші-қон теріс айырымында орыстар саны 1 206,7 мың, немістер 531,2 мың, украиндер 177,5 мыңға дейін жетті. Жалпы 1991-2009 жж. теріс айырым бойынша 2 млн. 058 мың адам шетелдерге кетсе, соның басым көпшілігі Ресей мен Германияға барды, олардың 1 370 мыңы орыстар, 690,1 мың немістер, басқа ұлт өкілдері – 398,7 мың еді [4]. Дегенмен көші-қонның да оң нәтижелері де болды – ол шетелдерге ауып кеткен отандастарымыздың өз еліне қайта оралуы еді. Бұл толқынмен келген оралман бауырларымыз Кеңес өкіметі дәуірінде аштық пен қуғын-сүргінге ұшырап, ауа көшкендер мен солардың ұрпақтары болатын. Жалпы тәуелсіздік жылдары ресми мәлімет бойынша 750 мыңдай қазақ өз Отанына оралды, оған еңбек етуге және оқуға келгендерді қоса есептесек, 1 млн-дай қазақ қайта оралған екен. Сөйтіп, көші-қон процестерінің қайта қалпына түсуі еліміздегі халық санының бұрынғы деңгейіне жетуіне әсер етті. Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоцациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда. Көші-қон процестердің әсерінен Қазақстандағы көп ұлттың  құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды.  Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және беларустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді. 1-кестеде көрсетілгендей, ұлттық құрамның күрт өзгеруі ең алдымен қазақтардың үлесі көбейгені мен европа ұлт өкілдерінің азаюынан көрініс тапты. Қазақтар 1989 ж. 40,1% болса, 1999 ж. – 53,5%-ға, ал 2009 ж. – 63,1%-ға жетті, яғни осы 20 жыл ішінде олардың үлесі 23,0%-ға өсті, саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға жетіп, 3 млн 600 мыңға өсті, яғни 55,4%-ға көбейді [5]. 1-кесте Қазақстан республикасының ұлттық құрамы Ұлттар мың адам үлесі, пайызбен санақ қорытындысы бойынша   санақ қорытындысы бойынша 1989 ж. 1999 ж. 2009 ж. 1989 ж. 1999 ж. 2009 ж. Барлығы 16199154 14953126 16009597 100 100 100 қазақтар 6496858 7985039 10096763 40,1 53,5 63,1 орыстар 6062019 4479620 3793764 37,4 29,9 23,6 украиндар 875691 547054 333031 5,4 3,7 2,1 өзбектер 331042 370663 456997 2,0 2,5 2,8 немістер 946855 353441 178409 5,9 2,4 1,1 татарлар 320747 248894 204229 2,0 1,7 1,3 ұйғырлар 181526 210365 224713 1,1 1,4 1,4 беларустар 177938 111927 66476 1,1 0,8 0,4 корейлер 100739 99665 100385 0,6 0,7 0,6 азербайжандар 88951 78295 85292 0,6 0,5 0,5 түріктер 49475 75933 97015 0,3 0,5 0,6 поляктар 59354 47297 34057 0,7 0,3 0,2 басқа ұлттар 567313 392230 338466 3,5 2,5 5,0 Қазақтар көптеген ғасырлар бойы алғаш рет 10 млн-нан асып, өз елінде тәуелсіздік жылдары басымдыққа ие болды. Кеңес заманында, 1931-1933 жж. ашаршылықта жаппай қырғынға ұшыраған қазақтар үлесі 1939 ж.- 38,9%, ал 1959 ж. - 29,8%-ға дейін құлдырап, тек 1960-1980 жж. табиғи өсім арқылы 1980 ж.- 40,1% әзер жеткен-ді. Енді 63,1% болып, Қазақстан халқының демографиялық даму көздері мен жолдарын, табиғи өсім, көші-қон, жастық-жыныстық құрамын, білім деңгейін, қала мен ауыл, аймақтар мен облыстарға орналасу ерекшеліктерін де анықтайтын, еліміздің санын да, өсу бағытын да өзі ғана белгілейтін дәрежеге көтерілген көш басшы ұлтқа айналды. Қазақтардың аймақтар  мен облыстарға орналасуы дәстүрлі түрде күшейе түсті: тәуелсіздік жағдайында қазақтардың жартысынан көбі – 50,4% - Оңтүстікте орналасуы ерекшелене түсті, ал қалған қазақтар Батыста – 19,1%, Солтүстікте – 16,9%, Шығыста - 8%, Орталықта – 6,2% еді. Қазақтардың үлесі Қызылорда облысында 95,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 72,3%, Жамбыл облысында – 71,30%, Алматы облысында – 67,6%, Алматы қаласында – 53,0%, Атырау облысында – 91,1%, Маңғыстау облысында – 88,2%, Ақтөбе облысында – 79,3%, Батыс Қазақстан облысында – 72,2%, Шығыс Қазақстанда – 55,9%, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) – 46,3%, Солтүстікте де әлі де қазақтар басым емес (46,3%), Павлодар облысында – 47,6%, Ақмола облысында – 47,3%, қалған екі облыста мұнан да төмен: Қостанайда – 37,1%, Солтүстік Қазақстан облысында – 33,3%. Тек Астанада ғана қазақтар үлесі 69,3% болып, басымдыққа ие болды [6]. Орыстардың үлесі 20 жыл ішінде 37,4%-дан 23,7%-ға дейін, яғни – 13,7%-ға төмендеді, саны 2 млн 268 мың адамға азайып кетті. Орыстар дәстүрлі түрде Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарда орналасқан, осы үш аймақта Қазақстандағы орыстардың 2009 ж. 64,5% тұрды. Сыртқа бағытталған көші-қон нәтижесінде орыстардың үлесі бұл аймақтар тұрғындары арасында да едәуір төмендеп, 2009 ж. солтүстікте – 37,9%, шығыста – 40,2%, орталықта – 39,5% болды. Дегенмен орыстардың үлесі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың жартысынан (50,4%) әлі де асып тұр,  Қостанай облысында 43%-ға жетеді. Сан жағынан үшінші орынға шыққан өзбектер (456,9 мың – 2,8%) негізінде - 98%-ға жуығы – Оңтүстік аймақты мекендейді, ал төртінші орындағы украиндықтардың (333,0 мың – 2,1%) үштен екісі Солтүстікте тұрады, қалғандары басқа аймақтарда шашыранды түрде орналасқан (9-15%), тек Шығыста олар өте аз (2,5%). Бесінші орындағы ұйғырлардың (224,7 мың – 1,4%) басым көпшілігі – Оңтүстік аймақта (98,0%), негізінде Алматы облысы мен қаласында тұрады. Келесі орындағы татарлардың (204,2 мың – 1,3%) үштен екісі Оңтүстік аймақта, нақтылап айтқанда Алматы қаласы мен облысында орналасқан, қалғандары Солтүстік пен Астанада тұрады. Сан жағынан 1989 ж. қазақтар мен орыстардан кейінгі үшінші орындағы немістер (946,8 мың – 5,9%) енді жетінші орынға түсті – 178,4 мың – 1,1%, олардың жартысынан көбі Солтүстікте, 18,4% - Орталықта, 7,8% - Шығыста тұрады, қалғандары басқа аймақтарды шашырап мекендейді. Саны жүз мыңнан асқан этнос өкілдерінің соңғысы – кәрістер (100,3 мың – 0,6%) – 1989 ж. салыстырғанда сол деңгейден (100,7 мың – 0,6%) сәл-ақ төмендеді. Олар негізінде - 70%-ға жуығы – Оңтүстікте орналасқан. Қалғандары Солтүстік пен Орталық  аймақтары қалаларында тұрады [7]. Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан халқының қала мен ауылдық (селолық) мекендерге орналасуы қайшылыққа толы урбандану процесі ықпалында жүруге мәжбүр болды. Урбандану негізінде қала халқының, біріншіден, үлесі де, саны да азаюымен  қабат, екіншіден, қалалықтардың дәстүрлі (европалық этнос өкілдері басым) ұлттық құрамында алғаш рет қазақтардың басымдыққа жетуі, яғни, бұрын негізінде аграрлық этнос болып келген қазақтардың қалаға бет бұруымен ерекшеленді. Қала тұрғындарының үлесі де, саны да кемуі онда мекендеген орыс, украин, белорус, неміс және басқа европалық этнос өкілдерінің сыртқа, өз тарихи отандарына көші-қоны себебінің нәтижесі еді. Бұған қосымша 1980 ж. соңы мен 1990-жылдардағы экономикалық дағдарыс та қала халқының кемуіне зор әсер етті. 2-кестеде көрсетілгендей, Республика халқының арасында қала тұрғындары 1989 ж. 56,7% болса, 1999 ж. – 56,0%, ал 2009 ж. – 54,1%-ға төмендеп, осы 20 жыл ішінде 2,6% азайды; ал саны 9 182,6 мыңнан 8 662,4 мыңға түсті, яғни 520,2 мыңға кеміді. Әсіресе, алғашқы онжылдықта кему күшті болды – (- 805,3 мың еді), тек екінші онжылдықта қала тұрғындары саны қайтадан көтеріле бастады – (285,1 мың адам қосылды). Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп-дамуына жол ашқан көптеген ірі завод, фабрика, шахта және басқа кәсіпорындар тоқтап қалды, олардың және күйзеліске ұшыраған ауыл шаруашылығы (кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылған соң) еңбеккерлері ірі – Алматы және Астана қалалары мен облыс орталықтарына қарай беталды, соның нәтижесінде жұмыссыздық проблемалары да күшейе түсті. Қалаға беталғандардың, әсіресе ауылдан келгендердің ішінде қазақ жастары басым еді. 2-кесте Қазақстан Республикасының қала халқы   1989 ж. 1999 ж. 1989- 1999 жж. 2009 ж. 1999-2009 жж.   абс. % абс. % абс. %   Қазақстан Рес. 9182636 56,7 8377303 56,0 -805333 8662432 54,1 285129 Ақмола обл. 502382 47,2 380427 45,5 -121955 341915 46,4 -38512 Ақтөбе обл. 396377 54,1 383674 56,2 -12703 461050 60,8 77376 Алматы обл. 537040 32,7 464953 29,8 -72087 416858 23,1 -48095 Атырау обл. 256011 60,3 256121 58,2 110 238936 46,8 -17185 Шығ.Қазақ. обл. 1031598 58,4 899745 58,8 -131853 801475 57,4 -98270 Жамбыл обл. 491769 47,3 456939 46,2 -34830 404535 39,6 -52404 Батыс-Қаз. обл. 267362 42,5 251761 40,8 -15601 277751 46,4 25990 Қарағанды обл. 1426386 81,7 1158948 82,2 -267438 1040203 77,5 -118745 Қостанай обл. 617938 50,5 552104 54,2 -65834 439554 49,6 -112550 Қызыл-Орда обл. 345782 60,2 360985 60,5 15203 284248 41,9 -76737 Маңғыс. обл. 287239 88,6 246848 78,4 -40391 263182 54,2 16334 Павлодар обл. 603176 64,0 511900 63,4 -91276 504579 68,0 -7321 Солт.Қаз. обл. 327450 35,9 274631 37,8 -52819 237436 39,8 -37195 Оңт.Қаз. обл. 738947 40,5 729587 36,9 -9360 972072 39,4 242485 Астана қ. 281252 100 319324 100 38072 613006 100 293682 Алматы қ. 1071927 100 1129356 100 57429 1365632 100 236276 1989-1999 жж. Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік тұрғындар азайды, Бұл азаю 10%-дан 25%-ға дейін көтерілді. Әсіресе ірі индустриялық орталықтар осы жағдайға душар болды. Мысалы, тұрғындар саны Балхашта 24,6%, Теміртауда – 20,2%, Риддерде – 18,1%, Жезқазғанда – 15,9%, Семейде – 15,0%, Кентауда – 13,1%, Рудныйда – 12,6% және көптеген облыс орталықтарында: Талдықорған – 17,4%, Петропавловск – 15,1%, Қарағанды – 13,9% және т.б. кеміп кетті. Қазақстан  бойынша тұрғындар тек бес қалада, оның ішінде Астана (13,4%) мен Алматыда (5,4%), екі облыс орталығы: Тараз (8,6%) бен Қызылордада (4,6%) және жалғыз Түркістанда (10,2%) өскені байқалады [10]. Урбандану процесі 1980 ж. соңында Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында күшті болса (тиісінше, қала тұрғындары үлесі 88,6% және 81,7%), 2009 ж. Қарағанды мен Павлодар облыстары (тиісінше 77,5% және 68,0%) алға шықты. Қалалану процесі Оңтүстік өңірде төмен болды. Мысалы, қала тұрғындарының үлесі Алматы облысында 23,1%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 39,4%, Жамбыл облысында – 39,6% ғана еді; Солтүстік Қазақстанда осы деңгейге (39,8%) жақын болды. Қазақтардың қалаға бет бұруына келсек, Кеңес заманында қазақтардың қаланы мекендеуі төмен болды (1989 ж. 27,1%). Тәуелсіздік жағдайында қала тұрғындары арасында қазақтардың саны да, үлесі де күрт өзгерді: қаладағы үлесі 1999 ж. 43,2%-ға, ал 2009 ж. – 55,9% жетіп, осы 20 жыл ішінде 12,7% өсті, ал саны 2.488,9 мыңнан 4 841,0 мыңға көтеріліп, екі есеге жуық – 2 352,1 мың адамға көбейді, яғни 2,5 млн. қазақ жаңадан қалаға келіп орналасып, (заңды түрде есепке тіркелмегендерді қоса есептегенде) өмір сүріп жатыр деген сөз. 3-кестеде көрсетілгендей, еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматыда 724202 мың қазақ тұрады, олардың үлесі 53,0%, Астанада 425298 мың қазақ бар, үлесі – 69,3%. Облыс орталықтары ішінде қазағы көп Қызылорда (95,2%) мен Атырау (91,1%). Қазақтар едәуір басым қалалар: Ақтөбе – 68,2%, Ақтау – 64,4%, Талдықорған – 64,2%, Семей – 62,4%-і; қазақтары тұрғындардың жартысынан асатын қалалар: Тараз (59,1%), Шымкент (57,5%), Орал (53,2%), Көкшетау (50,9%). Қазақтар үлесі өте төмен қалалар: Петропавловск (20,8%), Өскемен (26,5%), Қостанай (27,7%), Павлодар (37,8%), Қарағанды (35,3%). Бұларда орыстар қазақтардан едәуір басым: Өскеменде – 68,1%, Петропавлда – 66,8%, Қостанайда – 50,9%, Павлодарда – 46,4%, Қарағандыда – 46,2% [11]. Жоғарыда көрсетілген урбанданудағы екі бағыт та ауыл шаруашылығының, әсіресе қазақ ауылының қайта жаңғырып, кең даму жолына түскенше жалғана беруі мүмкін. 3-кесте Қазақтардың өсу динамикасы Облыстар Қазақтар саны қазақтардың үлес салмағы 1989 ж. 1999 ж. 2009 ж. 1989 ж. 1999 ж. 2009 ж. Қазақстан Республикасы 6496858 7985039 10096763 40,1 53,4 63,1 Ақмола обл. 266831 313488 349086 25,1 37,5 47,3 Ақтөбе обл. 407222 482285 601463 55,6 70,7 79,3 Алматы обл. 741737 926137 1223181 45,1 59,4 67,6 Атырау обл. 338998 391672 465033 79,8 89,0 91,1 Шығыс Қазақстан обл. 687879 743098 781732 38,9 48,5 55,9 Жамбыл обл. 507302 640346 729675 48,8 64,8 71,3 Батыс-Қазақстан обл. 351123 399030 432517 55,8 64,7 72,2 Қарағанды  обл. 449837 529478 622265 25,8 37,5 46,3 Қостанай обл. 279787 314801 328936 22,9 30,9 37,1 Қызыл-Орда обл. 504126 561630 646645 87,8 94,2 95,2 Маңғыстау обл. 165043 247644 428386 50,9 78,7 88,2 Павлодар обл. 268512 311862 353711 28,5 38,6 47,6 Солтүстік Қазақстан обл. 206060 214697 198641 22,6 29,6 33,2 Оңтүстік Қазақстан обл. 1017470 1340889 1785992 55,8 67,8 72,3 Астана қаласы 49798 133585 425298 17,7 41,8 69,3 Алматы қаласы 255133 434397 724202 23,8 38,5 53,0 Республика халқының көпшілігі әлі де болса ауылда тұрады. 1989 ж. санақ бойынша ауыл халқы 43,3% болса, 1999 ж. – 44,0%, 2009 ж. – 45,9% құраған. Республикадағы ауыл халқының өсу динамикасын мына төмендегі кестеден көре аламыз. 4-кесте Қазақстан Республикасының ауыл халқы   1989 ж. 1999 ж. 1989- 1999 жж. 2009 ж. 1999-2009 жж.   абс. % абс. % абс. % Қазақстан Рес. 7016518 43,3 6575823 44,0 -440695 7347165 45,9 771342 Ақмола обл. 562024 52,8 455844 54,5 -106180 395580 53,6 -60264 Ақтөбе обл. 336276 45,9 298884 43,8 -37392 296718 39,2 -2166 Алматы обл. 1105877 67,3 1093581 70,2 -12296 1391036 76,9 297455 Атырау обл. 168697 39,7 184165 41,8 15468 271441 53,2 87276 Шығ.Қазақ. обл. 735627 41,6 631279 41,2 -104348 595118 42,6 -36161 Жамбыл обл. 546898 52,7 531901 53,8 -14997 617594 60,4 85693 Батыс-Қаз. обл. 362132 57,5 365039 59,2 2907 321129 53,6 -43910 Қарағанды обл. 319062 18,3 251270 17,8 -67792 301497 22,5 50227 Қостанай обл. 605906 49,5 465625 45,8 -140281 446016 50,4 -19609 Қызыл-Орда обл. 228682 39,8 235230 39,5 6548 394546 58,1 159316 Маңғыс. обл. 37004 11,4 67821 21,6 30817 222210 45,8 154389 Павлодар обл. 339137 62,0 295083 36,6 -44054 237896 32,0 -57187 Солт.Қаз. обл. 584615 64,1 451349 62,2 -133266 359099 60,2 -92250 Оңт.Қаз. обл. 1084581 59,5 1248752 63,1 164171 1497285 60,6 248533 4-кестеде берілген деректерге қарай отырып, екі санақ аралығында (1989-1999 жж.) республика бойынша ауылда тұратын халық саны 440695 адамға кеміген болса, керісінше (1999-2009 жж.) аралығында 771342 мың адамға өскен. 20 жыл аралығында халықтың үлесі 2,6% өскен. Жалпы алғанда ауыл халқы әлі де кемуде, Қазақстанның Қостанай (-19609 адамға); Солтүстік Қазақстан (-92250 адамға); Ақмола (-60264 адамға); Шығыс Қазақстан (-36161 адамға), Павлодар (-57187) және Ақтөбе (-2166 адамға) облыстарында көптеп кемігені көрінеді. Керісінше халық санының өсуі Оңтүстік Қазақстан (248533 адам), Атырау (87276 адам), Маңғыстау (154389 адам) Қызылорда (159316 адам) және  Алматы (297455 адам) облыстарында байқалады. 2009 жылдың мәліметі бойынша, Республикада тұратын ауыл халқының үлесі 45,9% құрап, абсолюттік саны  - 7347,1  мың адамға жетті. Ең көп ауылда тұратын халықтар Алматы облысында – 76,9%, Оңтүстік Қазақстан – 60,6%, Жамбыл облысы – 60,4%, Солтүстік Қазақстан – 60,2%, Қызыл-Орда - 58,1%,   және Батыс Қазақстан  мен Ақмола облыстарында – 53,6% болып тұр [12]. Қазақстан халқының тәуелсіздік жағдайында білім деңгейінің көтерілуі негізінде мемлекеттік және жеке меншік оқу орындар жүйесінің кең дамуына сүйенді. 1989-1999 жж. арасында елдің білім деңгейі 47 промиллеге, оның ішінде жоғарғы білім бойынша 29 промиллеге, арнайы орта білім – 40 промиллеге, орта білім – 27 промиллеге өсті. Дегенмен, негізінде орта және бастауыш білім бойынша бұрынғы деңгейден едәуір төмендеп кетті. Осы жылдары қазақтардың  жоғарғы білім алғандары 12,6%-дан 15,9% -ға, арнайы орта білімділері 15,6%-дан 19,7%-ға, жалпы орта білімділері – 39,8%-дан 42,3%, бастауыш білімділері – 7,5%-дан 23,0%-ға дейін көтерілді. Дегенмен 44 этнос өкілдері ішінде қазақтар жоғарғы білім бойынша сегізінші, аяқталмаған жоғары білімнен – оныншы, арнайы орта білімнен – жиырма сегізінші, жалпы орта білім бойынша – он бірінші, негізгі орта білімнен – отыз жетінші, бастауыш білімнен – отыз бесінші орында [13]. Бұл тек қатардағы қазақтардың ғана проблемасы емес, мемлекеттік мәселе екенін түсінгеніміз жөн. Қорыта келгенде, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқының демографиялық дамуы қазіргі кезде негізінде оң қалыптасуда. Көші-қонның сыртқа бағытталған толқыны баяулап, оң айырым қалыптасты. Табиғи өсім де бұрынғы деңгейіне жетті. Ұлттық құрылымда қазақтардың басымдығына қол жетті. Ендігі демографиялық көрсеткіштерді қазақ ұлтының өз дамуы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекетіміздің демографиялық және әлеуметтік салада ғылым мен тәжірибеге негізделген саясат жүргізуін талап етіп отырған проблемалар да баршылық. Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. 1 том. –Алматы, -7 б. Казахстан за годы независимости 1991-2009. Статистический сборник. – Астана, 2010. – С. 11. Там же.  – С. 12. // Отан тарихы. 2010. №3. 28-29 бб. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы. 1-том. Алматы, 2000. -6-8 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 10-11. Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 11. Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 11. Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. 1 том, Алматы. 2001.11-12 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 17.  Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Алматы, 1999. с. 12; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана, 2010. – С. 17.  Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы халық санағының қорытындылары. 1 том, Алматы. 2001. 11-12 бб.; Перепись населения Республики Казахстан 2009 года. Краткие итоги. – Астана. 2010. – С.6 // Отан тарихы. 2010. №3. 29-30 бб. Омарова Г.А.  

Соңғы редакциялау:

30 қазан 2012

Егемен Қазақстан республикасының демографиялык дамуы (тарихи-демографиялық талдау)

КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының  нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.

Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.

Қазақстан  2724,9 мың шаршы километрге тең кең байтақ аумақты алып жатса да, халық аз қоныстанған ел болып табылады. Бірінші Ұлттық санақ деректеріне сәйкес, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге небәрі 5,5 адамды құрады. Қазақстан халқына 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) бойынша біркелкі орналаспау тән. Қала және қала секілді поселкалар саны - 284. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 16,9 адамнан келетін Оңтүстік Қазақстан облысы халқы ең тығыз орналасқан аумақ болып табылса, Маңғыстау облысында халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 1,9 адамды құрады. 1997 жылы Қазақстан Республикасында ауылдық аудандар мен әкімшілік аумақтардың шекарасын өзгерту туралы реформа жүргізілді, соған сәйкес республикадағы 19 облыс 14 облыс болып қайта құрылды [1].

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың  демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады. 

Қазақстандағы 16 млн. халықтың аймақтық орналасу ерекшеліктері әртүрлі еді. Республика халқының 45,2% Оңтүстік аймақта, 23,0% - Солтүстік аймақта, 14,4% - Батыс, 8,9% - Шығыс, 8,5% - Орталықта өмір сүреді. Оңтүстік аймақ тұрғындары үлесі 1989-2009 жж. 6,9%, ал адам саны 15,9% (яғни 935 мың) өсті. Солтүстіктің 4 облысы тұрғындары саны 1 млн 114 мыңға азайды, тек Астана тұрғындары 358 мыңға көбейіп, аймақ үлесі 4,1% кеміді. Сол сияқты, Шығыс және Орталық аймақтардың тұрғындары да азая түсті: олардың үлесі тиісінше 10,9%-дан 9,0%-ға, 10,8%-дан 8,5%-ға дейін төмендесе, тұрғындар саны тиісінше 19,8% және 22,7%-ға азайды. Батыста, Оңтүстік сияқты, үлесі 13,0%-дан 14,4%-ға көтеріліп, тұрғындар саны 7,0%-ға көбейді [2].

20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды.  Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында – 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406,6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108,5 мың адамы кеміп қалды [3].

Кеткендер ең алдымен европалық этнос өкілдері, оның ішінде әсіресе орыс, украин мен белорустар және немістер өз тарихи отандарына қайта оралды. Тек 1993-2004 жж. арасында көші-қон теріс айырымында орыстар саны 1 206,7 мың, немістер 531,2 мың, украиндер 177,5 мыңға дейін жетті. Жалпы 1991-2009 жж. теріс айырым бойынша 2 млн. 058 мың адам шетелдерге кетсе, соның басым көпшілігі Ресей мен Германияға барды, олардың 1 370 мыңы орыстар, 690,1 мың немістер, басқа ұлт өкілдері – 398,7 мың еді [4]. Дегенмен көші-қонның да оң нәтижелері де болды – ол шетелдерге ауып кеткен отандастарымыздың өз еліне қайта оралуы еді. Бұл толқынмен келген оралман бауырларымыз Кеңес өкіметі дәуірінде аштық пен қуғын-сүргінге ұшырап, ауа көшкендер мен солардың ұрпақтары болатын. Жалпы тәуелсіздік жылдары ресми мәлімет бойынша 750 мыңдай қазақ өз Отанына оралды, оған еңбек етуге және оқуға келгендерді қоса есептесек, 1 млн-дай қазақ қайта оралған екен. Сөйтіп, көші-қон процестерінің қайта қалпына түсуі еліміздегі халық санының бұрынғы деңгейіне жетуіне әсер етті.

Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоцациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.

Көші-қон процестердің әсерінен Қазақстандағы көп ұлттың  құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды.  Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және беларустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді.

1-кестеде көрсетілгендей, ұлттық құрамның күрт өзгеруі ең алдымен қазақтардың үлесі көбейгені мен европа ұлт өкілдерінің азаюынан көрініс тапты. Қазақтар 1989 ж. 40,1% болса, 1999 ж. – 53,5%-ға, ал 2009 ж. – 63,1%-ға жетті, яғни осы 20 жыл ішінде олардың үлесі 23,0%-ға өсті, саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға жетіп, 3 млн 600 мыңға өсті, яғни 55,4%-ға көбейді [5].

1-кесте Қазақстан республикасының ұлттық құрамы

Ұлттар

мың адам

үлесі, пайызбен

санақ қорытындысы бойынша

 

санақ қорытындысы бойынша

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

1989 ж.

1999 ж.

2009 ж.

Барлығы

16199154

14953126

16009597

100

100

100

қазақтар

6496858

7985039

10096763

40,1

53,5

63,1

орыстар

6062019

4479620

3793764

37,4

29,9

23,6

украиндар

875691

547054

333031

5,4

3,7

2,1

өзбектер

331042

370663

456997

2,0

2,5

2,8

немістер

946855

353441

178409

5,9

2,4

1,1

татарлар

320747

248894

204229

2,0

1,7

1,3

ұйғырлар

181526

210365

224713

1,1

1,4

1,4

беларустар

177938

111927

66476

1,1

0,8

0,4

корейлер

100739

99665

100385

0,6

0,7

0,6

азербайжандар

88951

78295

85292

0,6

0,5

0,5

тү

Бөлісу: