Асқар Сүлейменов

13 Мамыр 2013, 06:01

  Сүлейменов Асқар (1938-1992) - ойшыл, эрудит-стилист жазушы. Шымкент облысында дүниеге келген. Эстетикалық һәм философиялық ерен білімі мен біліктілігі шығармаларындағы оқшау қолтаңбасына негіз болған.   Тәңірінің бір аты-шындық.  Шындық, ақиқат туралы Құран - не ол? Құран зат есім мен етістік. Мұхаммед те сол. Ұлт та солай болса дауа. Дін, иман туралы Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді. Мұхтар Омарханович Әуезов алдымен - Мұхтар Әуезов, сонсоң барып әлем әдебиетінің классигі. Ақын-жазушы туралы Қанша атжанды болғанда да екі ат мінген адам алаламай тұрмайды. Бірімен еңбек етсе, бірімен жұмыс қылады. Совхозға - еңбек, әуіліне - жұмыс. Еңбек туралы Кем талант - кемтар талант. Талант, дарын туралы От пен түтін, адам мен қылмыс - жатырлас. Адам өмірі туралы  «Сен кетіп барады деп жылайсың - мен қайтып келе ме деп жылаймын». Мен тақылеттестер қалың халықтың құлағын аспандап естілер анықтауыштармен сарсы қылған СССР-дің өтіп-кеткеніне, кетіп кеткеніне сене алмайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Қит етсе болды америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай. Қоғам, мемлекет, заман туралы Әр сөздің өз ұяты бар. Ар-намыс, ұят туралы Жақсы кітап -ұяттың антологиясы. Кітап туралы Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай. Ақын-жазушы туралы Өтірікті кешіруге болады - тек ақтауға емес. Өсек-өтірік туралы Дін құрыса - тіл сақтайды, тіл құрыса - үн сақтайды, бәрі құрыса - діл сақтайды (иаһуди-еврейлер, мысалы). Дін, иман туралы Таранбаған әйелде - бір мекиеннің, таранған әйелде - екі мекиеннің миы бар. Әйел, ана туралы Экономикалық қауіпсіздіктің мәселесі, ең алдымен, - ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі. Қоғам, мемлекет, заман туралы Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу. Тәрбие туралы Ұлтжандылықты ауаның деңгейіне көтерген үш халық болса, екеуі " Француздар мен поляктар, екі халық болса - тағы сол екеуі. Ұлтшылдықпен тыныстау олар үшін табиғи нәрсе. Парижде қайтқан Шопеннің жүрегін Варшавадағы шіркеуге мирас қылғаны ұмыт қалмайды.  Ал, Американың жалауына шырылдауы қалай? Ұлтжандылық туралы Келіншектің сұлу кезі - ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес. Әйел, ана туралы Кем талант - мүмкіндігінше, шын талант - қалағанынша жазады. Талант, дарын туралы   Қазақтың радиомаразмы: «махаббаттың сүйісненшілігіне бөленіп...» Махаббат туралы Отау көтеріп оңаша тұрып алмай достастықтың құшағына қойып кету - саяси логикаға қиналып сиысады. Достық туралы Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін! Идея туралы Қазаққа жетпей жүргенді басқаның аузына тосу, Ресейдің әскеріне құрақтай төселу - бұл қай Атымтай жомарттық? Қай көрегендік? Солдаттың ойыны бітті ме - кетсін келген жеріне. Отан, туған жер туралы Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой». Ақын-жазушы туралы Мұқағали: Екеумізге жүз жүрмейді. Бізге 99 не 101 жүреді. -Неге? . . -Біліп тұрып сұрау - Қадырдың еншісі. Ақын-жазушы туралы Текстің дәмін алудың төте жолы - талмай оқу. Ғылым-білім, өнер туралы Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес. Ақын-жазушы туралы Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ. Күй, жыр туралы Стилі жоқтың жазғанын оқу - арпа талқанды құрғақ асағандай. Стильсіз жазушы, стилін таба алмаған жазушы - іріге еліктеп көлеңке калькаға барады да, сорпаның сорпасының сорпасы болады. Стиль туралы Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де бодады. Адамгершілік туралы Библияның күй басы: алдымен туған сөз еді - сол сөз «құдай» болатын. Дін, иман туралы Ұяла алмаған - тірі өлік. Ар-намыс, ұят туралы Есесін жіберген ел - ел емес. Ел, халық туралы Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамнкасы бар. Ғылым-білім, өнер туралы Қанша сүмірейткенмен: ой ойламай - сөйлем жоқ. Ақыл-ой туралы Адамның адамдығын - оның басқаға, басқаларға шын зәрулігімен өлшеуге болады. Адамгершілік туралы Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік. Байлық-кедейлік туралы Үлкен арман сабырда жатады. Сабырлық туралы Сөз - құлын да, ой - жылқы. Асыл сөз туралы   Ел ділімен танылмақ. Ел, халық туралы Ашық айту - анық айту болғанымен, ақиқатты айту емес. Шындық, ақиқат туралы Өмір - тән, өнер - жан: тән тұншыкқанда - жан шыңғырады. Адам өмірі туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы


 

Сүлейменов Асқар (1938-1992) - ойшыл, эрудит-стилист жазушы. Шымкент облысында дүниеге келген. Эстетикалық һәм философиялық ерен білімі мен біліктілігі шығармаларындағы оқшау қолтаңбасына негіз болған.

 

Тәңірінің бір аты-шындық. 

Шындық, ақиқат туралы

Құран - не ол? Құран зат есім мен етістік. Мұхаммед те сол. Ұлт та солай болса дауа.

Дін, иман туралы

Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді. Мұхтар Омарханович Әуезов алдымен - Мұхтар Әуезов, сонсоң барып әлем әдебиетінің классигі.

Ақын-жазушы туралы

Қанша атжанды болғанда да екі ат мінген адам алаламай тұрмайды. Бірімен еңбек етсе, бірімен жұмыс қылады. Совхозға - еңбек, әуіліне - жұмыс.

Еңбек туралы

Кем талант - кемтар талант.

Талант, дарын туралы

От пен түтін, адам мен қылмыс - жатырлас.

Адам өмірі туралы

 «Сен кетіп барады деп жылайсың - мен қайтып келе ме деп жылаймын». Мен тақылеттестер қалың халықтың құлағын аспандап естілер анықтауыштармен сарсы қылған СССР-дің өтіп-кеткеніне, кетіп кеткеніне сене алмайды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Қит етсе болды америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Әр сөздің өз ұяты бар.

Ар-намыс, ұят туралы

Жақсы кітап -ұяттың антологиясы.

Кітап туралы

Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.

Ақын-жазушы туралы

Өтірікті кешіруге болады - тек ақтауға емес.

Өсек-өтірік туралы

Дін құрыса - тіл сақтайды, тіл құрыса - үн сақтайды, бәрі құрыса - діл сақтайды (иаһуди-еврейлер, мысалы).

Дін, иман туралы

Таранбаған әйелде - бір мекиеннің, таранған әйелде - екі мекиеннің миы бар.

Әйел, ана туралы

Экономикалық қауіпсіздіктің мәселесі, ең алдымен, - ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.

Тәрбие туралы

Ұлтжандылықты ауаның деңгейіне көтерген үш халық болса, екеуі " Француздар мен поляктар, екі халық болса - тағы сол екеуі. Ұлтшылдықпен тыныстау олар үшін табиғи нәрсе. Парижде қайтқан Шопеннің жүрегін Варшавадағы шіркеуге мирас қылғаны ұмыт қалмайды.  Ал, Американың жалауына шырылдауы қалай?

Ұлтжандылық туралы

Келіншектің сұлу кезі - ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес.

Әйел, ана туралы

Кем талант - мүмкіндігінше, шын талант - қалағанынша жазады.

Талант, дарын туралы

 

Қазақтың радиомаразмы: «махаббаттың сүйісненшілігіне бөленіп...»

Махаббат туралы

Отау көтеріп оңаша тұрып алмай достастықтың құшағына қойып кету - саяси логикаға қиналып сиысады.

Достық туралы

Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!

Идея туралы

Қазаққа жетпей жүргенді басқаның аузына тосу, Ресейдің әскеріне құрақтай төселу - бұл қай Атымтай жомарттық? Қай көрегендік? Солдаттың ойыны бітті ме - кетсін келген жеріне.

Отан, туған жер туралы

Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».

Ақын-жазушы туралы

Мұқағали:

Екеумізге жүз жүрмейді. Бізге 99 не 101 жүреді.

-Неге? . .

-Біліп тұрып сұрау - Қадырдың еншісі.

Ақын-жазушы туралы

Текстің дәмін алудың төте жолы - талмай оқу.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес.

Ақын-жазушы туралы

Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ.

Күй, жыр туралы

Стилі жоқтың жазғанын оқу - арпа талқанды құрғақ асағандай. Стильсіз жазушы, стилін таба алмаған жазушы - іріге еліктеп көлеңке калькаға барады да, сорпаның сорпасының сорпасы болады.

Стиль туралы

Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де бодады.

Адамгершілік туралы

Библияның күй басы: алдымен туған сөз еді - сол сөз «құдай» болатын.

Дін, иман туралы

Ұяла алмаған - тірі өлік.

Ар-намыс, ұят туралы

Есесін жіберген ел - ел емес.

Ел, халық туралы

Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамнкасы бар.

Ғылым-білім, өнер туралы

Қанша сүмірейткенмен: ой ойламай - сөйлем жоқ.

Ақыл-ой туралы

Адамның адамдығын - оның басқаға, басқаларға шын зәрулігімен өлшеуге болады.

Адамгершілік туралы

Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік.

Байлық-кедейлік туралы

Үлкен арман сабырда жатады.

Сабырлық туралы

Сөз - құлын да, ой - жылқы.

Асыл сөз туралы

 

Ел ділімен танылмақ.

Ел, халық туралы

Ашық айту - анық айту болғанымен, ақиқатты айту емес.

Шындық, ақиқат туралы

Өмір - тән, өнер - жан: тән тұншыкқанда - жан шыңғырады.

Адам өмірі туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: