Сәлім Тәшенов

13 Мамыр 2013, 04:09

Футболда 40 жасқа дейін жоғары деңгейде өнер көрсету кез келген ойыншыға бұйыра бермейтін бақыт. Жалпы ресми ойындарда «Целинниктің» жейдесін 498 рет киіп шығады. 500-ге тек екі ойын саны ғана жетпей қалды. Бұл клуб тарихындағы абсолютті рекордтық көрсеткіш. Мұндай нәтижеге клуб сапындағы ешқандай ойыншы маңайлай алмайды. Біз әрине жоғарғы лигада өнер көрсеткен соң «Қайратты» көбірек айтамыз. Сол команданың ойыншыларының шеберлігін аңыз қылып, соққан голдарын тамсана еске аламыз. «Қайрат» – біздің мақтанышымыз. Бұған әрине ешқандай талас жоқ. Бірақ сол кездердің өзінде аймақтарда өз деңгейінде өнер көрсеткен командаларымыз болды. Сондай командалардың бірі  ақмолалық «Целинник» болатын. Міне, осы команданың аңыз ойыншыларының бірі – Сәлім Тәшенов. Сәлім Тәшенов – 1956 жылы 12 желтоқсанда Ақмола облысында дүниге келген. Өзге балалардың доп тепкеніне қызығып, футбол үйірмесіне жазылады. Алғаш Целиноградтың «Динамосының» балалар футбол мектебінен тәлім алады. Ал 1974 жылы 17 жастағы бозбала негізгі құрамға ілігеді. Бұл сөзсіз жас баланың талантымен еңбекқорлығының арқасы. Әйтпесе, ол кезеңде қазақтарды кемсіту, әсіресе, санаулы ғана қазағы бар солтүстік аймақта өзінді дәлелдеу оңай шаруа емес еді. Бірақ Сәлім жас та болса да өзін көрсете білді. Бұл кездері команданы тәжірбиелі бапкер Владимир Алексеевич Котляров жаттықтыратын. Кейіннен Алматыдағы дене тәрбиесі институтына оқуға түседі. Сол жерде оқып жүріп, институттың футбол құрамасына қабылданады. Олар бұл кездері екі айналымдық жүйеден тұратын КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсететін. Бұл жарыста бізден елден сегіз команда бар еді. 1979-1980 жылдары Степногордың «Химик» командасының намысын қорғады. Осы командада ойнап жүріп, әр ойында тұрақты түрде гол соғып жүреді. Команданың бас мергені атанады. Осыдан кейін «Целлиник» өз қатарларына шақырады. 1980 жылдары «Целиниктің»  жұлдызды ойыншыларының бірі болды. Сондай-ақ, екінші лиганың мергендер тізіміне әр кез ілігіп жүрді. 1984 жылы «Целинниктің» сапында КСРО чемпионатының  екінші лиагасының сегізінші аймағында жеңімпаз атанады. Ал 1985 жылы екінші орынға тұрақтайды. Тағы  үш мәрте қола жүлдеге қол созады. 1986 жылы Республика кубогын иеменденеді. Оның алдында финалға дейін жетіп, тек ақтық айқаста сүрінген болатын. Шымкенттің «Мелиоратор» командасы сапында бір жыл бой көрсетеді. Шымқалада өзінің жақсы қырынан көрсетіп, 1987 жылы командасы екінші лиганың сегізінші аймағының чемпионы әрі Республика кубогын ұтып алады. Келесі жылы көршілес Қарағанды облысының намысын қорғайды. Бір қызығы, Сәлім ойнамаған жылы «Целиник» бар болғаны 12-ші орынға тұрақтайды. Ал Сәлім бар кездері команда бесінші орыннан төмен сырғып көрмеген еді. Содан келесі жылы туған еле қайта оралып, командасы есін жинап, сол жылы үшінші орынға қол жеткізеді. Чемпион болған павлодарлық «Трактордан» бар-жоғы бір ұпай кем жинайды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан чемпионатында да өнер көрсетті. Өзінің туған қаласының намысын 40 жасқа дейін қорғады. 1994 жылы футболағы карьерасын аяқтауға шешім қабылдайды. Дегенмен, «Цесна» сәтсіз өнер көрсетіп, команда басшылары тәжірбиелі ойыншыға тағы бір жылға қалуын өтінеді. Айтқан өтінішті жерге тастамай, командада қалып, жастарға өзінің тәжірбиесімен бөліседі. Футболда 40 жасқа дейін жоғары деңгейде өнер көрсету кез келген ойыншыға бұйыра бермейтін бақыт. Жалпы ресми ойындарда «Целинниктің» жейдесін 498 рет киіп шығады. 500-ге тек екі ойын саны ғана жетпей қалды. Бұл клуб тарихындағы абсолютті рекордтық көрсеткіш. Мұндай нәтижеге клуб сапындағы ешқандай ойыншы маңайлай алмайды. Сондай-ақ, жалпы жиынтығы 118 голдың авторы атанады. Бұл жөнінен тек Георгий Мартьянға ғана жол береді. Ойыншы ретінде карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрды. Алдымен шортандылық «Автомобилисттің» бас бапкері болса, кейіннен астаналық клубтың екінші бапкері болып қызмет атқарды. 2007 жылы 6 шілдеде яғни қала күні мерексінде КСРО ардагерлері мен Қазақстанның ардагерлер құрамасы арасындағы ойынға қатысты. Осы ойында жанкүйерлер өздерінің сүйікті ойыншысына ерекше құрмет көрсетті. Жергілікті команданың аңыз ойыншысының сол жылы  ердің жасы елу жас мерейтойы болатын. Бұл кездесу Тәшенов үшін соңғы ойын болды. Сол жылы көп өтпей 51 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл жыл әрине қазақ футбол үшін аса қайғылы жыл болды. Сәлімнен бөлек, сол жылы Олег Литвиненко, Николай Шведков, Сергей Квочкин сияқты қазақ футболының қайталанбас аңыз ойыншылары да жарық дүниемен қош айтысқан болатын. Бек Төлеуов «Sport» газеті.  

Футболда 40 жасқа дейін жоғары деңгейде өнер көрсету кез келген ойыншыға бұйыра бермейтін бақыт. Жалпы ресми ойындарда «Целинниктің» жейдесін 498 рет киіп шығады. 500-ге тек екі ойын саны ғана жетпей қалды. Бұл клуб тарихындағы абсолютті рекордтық көрсеткіш. Мұндай нәтижеге клуб сапындағы ешқандай ойыншы маңайлай алмайды.

Біз әрине жоғарғы лигада өнер көрсеткен соң «Қайратты» көбірек айтамыз. Сол команданың ойыншыларының шеберлігін аңыз қылып, соққан голдарын тамсана еске аламыз. «Қайрат» – біздің мақтанышымыз. Бұған әрине ешқандай талас жоқ. Бірақ сол кездердің өзінде аймақтарда өз деңгейінде өнер көрсеткен командаларымыз болды. Сондай командалардың бірі  ақмолалық «Целинник» болатын. Міне, осы команданың аңыз ойыншыларының бірі – Сәлім Тәшенов.

Сәлім Тәшенов – 1956 жылы 12 желтоқсанда Ақмола облысында дүниге келген. Өзге балалардың доп тепкеніне қызығып, футбол үйірмесіне жазылады. Алғаш Целиноградтың «Динамосының» балалар футбол мектебінен тәлім алады. Ал 1974 жылы 17 жастағы бозбала негізгі құрамға ілігеді. Бұл сөзсіз жас баланың талантымен еңбекқорлығының арқасы. Әйтпесе, ол кезеңде қазақтарды кемсіту, әсіресе, санаулы ғана қазағы бар солтүстік аймақта өзінді дәлелдеу оңай шаруа емес еді. Бірақ Сәлім жас та болса да өзін көрсете білді. Бұл кездері команданы тәжірбиелі бапкер Владимир Алексеевич Котляров жаттықтыратын.

Кейіннен Алматыдағы дене тәрбиесі институтына оқуға түседі. Сол жерде оқып жүріп, институттың футбол құрамасына қабылданады. Олар бұл кездері екі айналымдық жүйеден тұратын КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсететін. Бұл жарыста бізден елден сегіз команда бар еді.

1979-1980 жылдары Степногордың «Химик» командасының намысын қорғады. Осы командада ойнап жүріп, әр ойында тұрақты түрде гол соғып жүреді. Команданың бас мергені атанады. Осыдан кейін «Целлиник» өз қатарларына шақырады.

1980 жылдары «Целиниктің»  жұлдызды ойыншыларының бірі болды. Сондай-ақ, екінші лиганың мергендер тізіміне әр кез ілігіп жүрді. 1984 жылы «Целинниктің» сапында КСРО чемпионатының  екінші лиагасының сегізінші аймағында жеңімпаз атанады. Ал 1985 жылы екінші орынға тұрақтайды. Тағы  үш мәрте қола жүлдеге қол созады. 1986 жылы Республика кубогын иеменденеді. Оның алдында финалға дейін жетіп, тек ақтық айқаста сүрінген болатын.

Шымкенттің «Мелиоратор» командасы сапында бір жыл бой көрсетеді. Шымқалада өзінің жақсы қырынан көрсетіп, 1987 жылы командасы екінші лиганың сегізінші аймағының чемпионы әрі Республика кубогын ұтып алады. Келесі жылы көршілес Қарағанды облысының намысын қорғайды. Бір қызығы, Сәлім ойнамаған жылы «Целиник» бар болғаны 12-ші орынға тұрақтайды. Ал Сәлім бар кездері команда бесінші орыннан төмен сырғып көрмеген еді. Содан келесі жылы туған еле қайта оралып, командасы есін жинап, сол жылы үшінші орынға қол жеткізеді. Чемпион болған павлодарлық «Трактордан» бар-жоғы бір ұпай кем жинайды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан чемпионатында да өнер көрсетті. Өзінің туған қаласының намысын 40 жасқа дейін қорғады. 1994 жылы футболағы карьерасын аяқтауға шешім қабылдайды. Дегенмен, «Цесна» сәтсіз өнер көрсетіп, команда басшылары тәжірбиелі ойыншыға тағы бір жылға қалуын өтінеді. Айтқан өтінішті жерге тастамай, командада қалып, жастарға өзінің тәжірбиесімен бөліседі.

Футболда 40 жасқа дейін жоғары деңгейде өнер көрсету кез келген ойыншыға бұйыра бермейтін бақыт. Жалпы ресми ойындарда «Целинниктің» жейдесін 498 рет киіп шығады. 500-ге тек екі ойын саны ғана жетпей қалды. Бұл клуб тарихындағы абсолютті рекордтық көрсеткіш. Мұндай нәтижеге клуб сапындағы ешқандай ойыншы маңайлай алмайды. Сондай-ақ, жалпы жиынтығы 118 голдың авторы атанады. Бұл жөнінен тек Георгий Мартьянға ғана жол береді.

Ойыншы ретінде карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрды. Алдымен шортандылық «Автомобилисттің» бас бапкері болса, кейіннен астаналық клубтың екінші бапкері болып қызмет атқарды.

2007 жылы 6 шілдеде яғни қала күні мерексінде КСРО ардагерлері мен Қазақстанның ардагерлер құрамасы арасындағы ойынға қатысты. Осы ойында жанкүйерлер өздерінің сүйікті ойыншысына ерекше құрмет көрсетті. Жергілікті команданың аңыз ойыншысының сол жылы  ердің жасы елу жас мерейтойы болатын. Бұл кездесу Тәшенов үшін соңғы ойын болды. Сол жылы көп өтпей 51 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл жыл әрине қазақ футбол үшін аса қайғылы жыл болды. Сәлімнен бөлек, сол жылы Олег Литвиненко, Николай Шведков, Сергей Квочкин сияқты қазақ футболының қайталанбас аңыз ойыншылары да жарық дүниемен қош айтысқан болатын.

Бек Төлеуов «Sport» газеті.

 

Бөлісу: