Сергей Волгин

13 Мамыр 2013, 04:07

Ал 1985 жылы Алматыда мәскеулік «Спартак» арасындағы ойынды жанкүйерлер ұмыта қоймаған болар. Сол жылғы керемет ойын 4:4 есебімен тең аяқталды. Осы соғылған төрт голдың үшеуін Сергей соққан болатын, яғни футболдың тілімен айтқанда хет-трих жасады.Тіпті, покер жасайтын тамаша мүкіндігі болған еді бірақ, соққан төртінші голын төрешілер есепке алмай қояды. Қазақ футболы жайлы сөз қозғағанда, аузымызға бірінші кезекте «Қайрат» командасы және сол команданың үздік футболшылары түседі. Кешегі алып империяның басты футбол жарысы саналған жоғарғы лигаға қатысқан жалғыз командамызда осы «Қайрат» болатын. Міне, сол сүйікті командамамыздың өткен ғасырдың 80-жылдарындағы шабуылшыларының қаншалықты тегеуірінді болғанын үнемі айтып келеміз. Осыған дейін біздер сол шабуылшылардан Сергей Стукашов пен Евстафий Пехлеваниди туралы жазсақ, бүгін тағы бір талантты шабуылшымыз Сергей Волгинді толығырақ таныстырмақшымыз. Сергей Васильевич Волгин – 1960 жылы 5 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Фуболға деген қызығушылығын оятқан ағасы Виктор болатын. Виктор да өз заманында «АДК» командасында өнер көрсеткен. Інісін де өзі ойнаған «АДК» командасына әкеледі. Бала Сергейдің футболдағы жолы осылайша бастау алады. Алғашқы бапкері Александр Иванович Малышевтен футболдың қыр-сырын үйренеді. Сондай-ақ Владимир Алексеевич Котляров  Борис Брониславович Лях сияқты кәнігі футбол білгірлері де Сергейдің футболшы ретінде қалыптасуы үшін көмектерін аямады. Алғашқы үлкен футболдағы өнер көрсеткен командасы новосібірдің «Чкаловец» командасы. Бұл команда КСРО чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсететін. Осы команданың сапында 1978-1979 жылғы маусымда өткізеді. Ал 1980 жылы Оралдың «Уралец» командасы сапына ауысады. Одан кейін Республикадағы жас футболшылардың арманы болған «Қайраттан» ұсыныс түседі. Бұл ұсынысқа әрине қуана келісім береді. Дегенмен, 1980-1981 жылдары жоғарғы лигада бар болғаны үш-ақ ойын өткізеді. Әскер қатарына шұғыл шақырылып, «Қайратпен» еріксіз қош айтысады. Осылайша, 1981-1983 жылдары әскери борышымен қатар екінші лигада өнер көрсетіп жүрген талдықорғандық «Жетісуда» ойнады. Әскери борышын өтеп қайтқан соң, «Қайратқа» қайта оралады. Бұл кездері алматылық клубты Леонид Константинович Остроушко жаттықтыратын. Остроушко бапкер тәртіпке баса мән беретін бапкерлердің бірі болатын. Әрине, тәртіп болмаған жерде нәтиженің де болмайтынын жақсы түсінетін еді. Бұл бапкердің қарамағында  Кұрбан Бердыев, Сергей Ледовских, Владимир Никитенко, Вахид Масудов, Антон Шох, Фанас Салимов, Евстафий Пехлеваниди сияқты алдыңғы шептің үздік ойыншылары ойнайтын. Осындай мықты бәсекелестің арасында негізгі құрамнан өз орнынды табу оңай шаруа емес еді. Бірақ, төккен тер мен өзінің шеберлігі арқасында «Қайраттың» негізгі құрамынан өз орнын табады.   Ал 1985 жылы Алматыда мәскеулік «Спартак» арасындағы ойынды жанкүйерлер ұмыта қоймаған болар. Сол жылғы керемет ойын 4:4 есебімен тең аяқталды. Осы соғылған төрт голдың үшеуін Сергей соққан болатын, яғни футболдың тілімен айтқанда хет-трих жасады.Тіпті, покер жасайтын тамаша мүкіндігі болған еді бірақ, соққан төртінші голын төрешілер есепке алмай қояды. Сондай-ақ сол жылғы маусымда КСРО чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарына енеді. Блохин, Дасаев, Гаврилов сияқты шеберлермен бір қатарда тұру зор мақтаныш еді. 1986 жылы мәскеулік «Спартактың» әйгілі бапкері Константин Иванович Бесков командасына шақырады. Сол жылғы маусымның бірінші жартысын осы команданың сапында өткізеді. Алаңға тоғыз рет шығып, бір мәрте қанжығасын майлайды. Маусымның екінші жартысында елге оралады. Өзі бұл жайлы былай дейді: «Спартак» өз алдына үлкен мақсат қойған үздік командалардың бірі болатын. Команда құрамында кілең шеберлер ойнайтын болғандықтан негізгі құрамда өнер көрсету үшін бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды. Бұл футболшы үшін психолгиялық жағынан да оңайға соқпасы анық. Сондай-ақ, отбасым Алматыда қалғандықтан олардан жырақта жүру де қиын болды». «Қайратқа» қайтып келгелі жаман болмады. Алматылықтар сол жылы бас бапкер Леонид Остроушконың көмегімен жоғарғы лигадағы үздік көрсеткіші жетінші орынға қол жеткізген болатын. Міне, осы нәтижеге оның да қосқан үлесі ұшан-теңіз. Өзі бұл жылдарды былай еске алады: «Біз 1986 жылы клуб тарихында жоғарғы лигада ең үздік көрсеткіш жетінші орынға қол жеткіздік. Бұл керемет кезеңдер болатын. Қазір ешкім сенбейді, сол кездері Орталық алаңға 30 мыңның үстінде жанкүйер жиналатын. Тіпті, бірінші лигада өнер көрсеткен кездің өзінде 20 мыңға жуық көрермен келетін еді. «Қайраттың» қатарында соңғы үш маусымда 115 ойын өткізіп, 20 гол соғады. Кейіннен 1989 жылы Запорожье облысының «Металлург» командасына ауысады. Бұл команда сол жылы жоғарғы лигаға шыққан болатын. Осы ұжымның сапында екі маусымын өткізеді. Ал 1992 жылы «Қайраттың» сапында тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш чемпионатының бас жүлдесімен қатар Қазақстан кубогын да жеңіп алады. Сондай-ақ, еліміздің алғашқы чемпионатының үздік ойыншысы атанады. Дегенмен тағы да тұрақтамай ресейлік «Текстильщик» командасына ауысады. Бұл команда 1993 жылы Ресей чемпионатында төртінші орынға қол жеткізеді. Сосын УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алады. Алдымен венгериялық «Бекешчабу» командасын аса ірі есеппен ұтып келесі кезеңге шығады. Тек кейіннен болашақ чемпион франциялық «Нантуға» аса тартысты өткен бәсекеде есе жібереді. Одан кейінгі жылдары ресейлік «Факел», «Энергия» командаларында өнер көрсетеді. 1996 жылы ауыр жарақат алып, ота жасатады. Бірақ жасатқан отасы аса сәтті болмай, футболмен біржолата қош айтысады. Сергей Волгин футболшы ретінде әртүрлі клубтың қатарында 500-ден астам ойында 130 гол соққан. Қазақ футболының флагманы саналған «Қайраттың» ойыншысы ретінде 206 ойында 49 голды өз атына жазғызған. Бапкер ретінде мына командаларда қызмет атқарған: 2001-2004 жылдары «Уралан»     2005-2007 жылдары «Ертіс» 2008 жылы         «Атырау» 2008 жылы         «Қарасай Сарбаздары» 2009-2010 жылдары «Қайрат» 2013 жылдан бастап «Қайсар» Бек Төлеуов «Sport» газеті.  

Ал 1985 жылы Алматыда мәскеулік «Спартак» арасындағы ойынды жанкүйерлер ұмыта қоймаған болар. Сол жылғы керемет ойын 4:4 есебімен тең аяқталды. Осы соғылған төрт голдың үшеуін Сергей соққан болатын, яғни футболдың тілімен айтқанда хет-трих жасады.Тіпті, покер жасайтын тамаша мүкіндігі болған еді бірақ, соққан төртінші голын төрешілер есепке алмай қояды.

Қазақ футболы жайлы сөз қозғағанда, аузымызға бірінші кезекте «Қайрат» командасы және сол команданың үздік футболшылары түседі. Кешегі алып империяның басты футбол жарысы саналған жоғарғы лигаға қатысқан жалғыз командамызда осы «Қайрат» болатын. Міне, сол сүйікті командамамыздың өткен ғасырдың 80-жылдарындағы шабуылшыларының қаншалықты тегеуірінді болғанын үнемі айтып келеміз. Осыған дейін біздер сол шабуылшылардан Сергей Стукашов пен Евстафий Пехлеваниди туралы жазсақ, бүгін тағы бір талантты шабуылшымыз Сергей Волгинді толығырақ таныстырмақшымыз.

Сергей Васильевич Волгин – 1960 жылы 5 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Фуболға деген қызығушылығын оятқан ағасы Виктор болатын. Виктор да өз заманында «АДК» командасында өнер көрсеткен. Інісін де өзі ойнаған «АДК» командасына әкеледі. Бала Сергейдің футболдағы жолы осылайша бастау алады. Алғашқы бапкері Александр Иванович Малышевтен футболдың қыр-сырын үйренеді. Сондай-ақ Владимир Алексеевич Котляров  Борис Брониславович Лях сияқты кәнігі футбол білгірлері де Сергейдің футболшы ретінде қалыптасуы үшін көмектерін аямады.

Алғашқы үлкен футболдағы өнер көрсеткен командасы новосібірдің «Чкаловец» командасы. Бұл команда КСРО чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсететін. Осы команданың сапында 1978-1979 жылғы маусымда өткізеді. Ал 1980 жылы Оралдың «Уралец» командасы сапына ауысады.

Одан кейін Республикадағы жас футболшылардың арманы болған «Қайраттан» ұсыныс түседі. Бұл ұсынысқа әрине қуана келісім береді. Дегенмен, 1980-1981 жылдары жоғарғы лигада бар болғаны үш-ақ ойын өткізеді. Әскер қатарына шұғыл шақырылып, «Қайратпен» еріксіз қош айтысады. Осылайша, 1981-1983 жылдары әскери борышымен қатар екінші лигада өнер көрсетіп жүрген талдықорғандық «Жетісуда» ойнады.

Әскери борышын өтеп қайтқан соң, «Қайратқа» қайта оралады. Бұл кездері алматылық клубты Леонид Константинович Остроушко жаттықтыратын. Остроушко бапкер тәртіпке баса мән беретін бапкерлердің бірі болатын. Әрине, тәртіп болмаған жерде нәтиженің де болмайтынын жақсы түсінетін еді. Бұл бапкердің қарамағында  Кұрбан Бердыев, Сергей Ледовских, Владимир Никитенко, Вахид Масудов, Антон Шох, Фанас Салимов, Евстафий Пехлеваниди сияқты алдыңғы шептің үздік ойыншылары ойнайтын. Осындай мықты бәсекелестің арасында негізгі құрамнан өз орнынды табу оңай шаруа емес еді. Бірақ, төккен тер мен өзінің шеберлігі арқасында «Қайраттың» негізгі құрамынан өз орнын табады.  

Ал 1985 жылы Алматыда мәскеулік «Спартак» арасындағы ойынды жанкүйерлер ұмыта қоймаған болар. Сол жылғы керемет ойын 4:4 есебімен тең аяқталды. Осы соғылған төрт голдың үшеуін Сергей соққан болатын, яғни футболдың тілімен айтқанда хет-трих жасады.Тіпті, покер жасайтын тамаша мүкіндігі болған еді бірақ, соққан төртінші голын төрешілер есепке алмай қояды.

Сондай-ақ сол жылғы маусымда КСРО чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарына енеді. Блохин, Дасаев, Гаврилов сияқты шеберлермен бір қатарда тұру зор мақтаныш еді.

1986 жылы мәскеулік «Спартактың» әйгілі бапкері Константин Иванович Бесков командасына шақырады. Сол жылғы маусымның бірінші жартысын осы команданың сапында өткізеді. Алаңға тоғыз рет шығып, бір мәрте қанжығасын майлайды. Маусымның екінші жартысында елге оралады.

Өзі бұл жайлы былай дейді: «Спартак» өз алдына үлкен мақсат қойған үздік командалардың бірі болатын. Команда құрамында кілең шеберлер ойнайтын болғандықтан негізгі құрамда өнер көрсету үшін бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды. Бұл футболшы үшін психолгиялық жағынан да оңайға соқпасы анық. Сондай-ақ, отбасым Алматыда қалғандықтан олардан жырақта жүру де қиын болды».

«Қайратқа» қайтып келгелі жаман болмады. Алматылықтар сол жылы бас бапкер Леонид Остроушконың көмегімен жоғарғы лигадағы үздік көрсеткіші жетінші орынға қол жеткізген болатын. Міне, осы нәтижеге оның да қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Өзі бұл жылдарды былай еске алады: «Біз 1986 жылы клуб тарихында жоғарғы лигада ең үздік көрсеткіш жетінші орынға қол жеткіздік. Бұл керемет кезеңдер болатын. Қазір ешкім сенбейді, сол кездері Орталық алаңға 30 мыңның үстінде жанкүйер жиналатын. Тіпті, бірінші лигада өнер көрсеткен кездің өзінде 20 мыңға жуық көрермен келетін еді.

«Қайраттың» қатарында соңғы үш маусымда 115 ойын өткізіп, 20 гол соғады. Кейіннен 1989 жылы Запорожье облысының «Металлург» командасына ауысады. Бұл команда сол жылы жоғарғы лигаға шыққан болатын. Осы ұжымның сапында екі маусымын өткізеді.

Ал 1992 жылы «Қайраттың» сапында тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш чемпионатының бас жүлдесімен қатар Қазақстан кубогын да жеңіп алады. Сондай-ақ, еліміздің алғашқы чемпионатының үздік ойыншысы атанады. Дегенмен тағы да тұрақтамай ресейлік «Текстильщик» командасына ауысады. Бұл команда 1993 жылы Ресей чемпионатында төртінші орынға қол жеткізеді. Сосын УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алады. Алдымен венгериялық «Бекешчабу» командасын аса ірі есеппен ұтып келесі кезеңге шығады. Тек кейіннен болашақ чемпион франциялық «Нантуға» аса тартысты өткен бәсекеде есе жібереді.

Одан кейінгі жылдары ресейлік «Факел», «Энергия» командаларында өнер көрсетеді. 1996 жылы ауыр жарақат алып, ота жасатады. Бірақ жасатқан отасы аса сәтті болмай, футболмен біржолата қош айтысады.

Сергей Волгин футболшы ретінде әртүрлі клубтың қатарында 500-ден астам ойында 130 гол соққан. Қазақ футболының флагманы саналған «Қайраттың» ойыншысы ретінде 206 ойында 49 голды өз атына жазғызған.

Бапкер ретінде мына командаларда қызмет атқарған:

2001-2004 жылдары «Уралан»    

2005-2007 жылдары «Ертіс»

2008 жылы         «Атырау»

2008 жылы         «Қарасай Сарбаздары»

2009-2010 жылдары «Қайрат»

2013 жылдан бастап «Қайсар»

Бек Төлеуов «Sport» газеті.

 

Бөлісу: