Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Еділ Оразов қатысты. Ол жарысқа қатысушыларды құттықтап, ұландарға жеңістен жеңіске жете берулеріне тілек білдірді.
Салтанатты шараның соңында жиылған жұртшылық Республикалық ұланның арнайы көрсетілімін тамашалады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі