Қазақстан ТМД елдерінің қарулы күштері тарихында бірінші болып Жауынгерлік парад өткізеді. Бұл жөнінде бүгін BNews.kz агентігінің студиясында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов мәлімдеді.
«Біз Отан қорғаушы күнін айрықша атап өткіміз келді, әскери күштердің сап түзеуін, техниканы әскери қолданусыз әрекетін қайталайтын кәдімгі қалыптағы парадтардан бас тарттық. Әскери парад дегеніміз – әскери күштерді сынау, олардың соғыс қаруын, техникасын, жарағын қолдануын көру, әуе шайқасын көрсету, әскери-тасымал ұшағын қара жерге қондыру. Біз сарбаздарымыздың өнерін, сондай-ақ соңғы жылдары алынған жаңа техникаларымызды көрсеткіміз келеді», - деді ол.
Парадта қауіпсіздік шараларына да тәуекелді сын болатындықтан одан сақтану үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынатындығын атап өтті С.Жасұзақов.
«Ерекшелігіне тоқталсақ, біз барлық қару түрлерін, танкілерді қолдайтын жаңа әскери машиналарды, жаңа отшашар жүйесін көрсетеміз. Парадтың қатысушылардың барлығы әскери қаруымен, елімізде жасалған каскамен шығады», - дейді Бас штабының бастығы.
Сонымен қатар, 7 мамырды мерекелеу кезінде отандық әскери техникалардың, құрылғылардың көрмесі ұйымдастырылады.
BNews.kz