Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбае

13 Мамыр 2013, 03:21

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлеріне жоғары әскери атақтарды тапсырды.  «Сіздердің бәріңіз ерен еңбектеріңізбен және қалтқысыз қызметтеріңізбен ерекшелендіңіздер. Сіздердің басты міндеттеріңіз – халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан мәртебе жоқ. Тату еліміздегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету өздеріңізге тікелей байланысты. Сіздер өз борыштарыңызды аса біліктілікпен атқарып келесіздер. Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет. Осының бәрі де  сіздердің бойларыңыздан табылады деп ойлаймын. Қарулы күштер, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтің тиісті құрамаларында қызмет ете жүріп, сіздер осынау жоғары атаққа лайықты болдыңыздар. Сіздер патриотизм мен асқан ептілік көрсете отырып, өз қызметтеріңізбен Отанға берілгендікті одан әрі дәлелдей бересіздер деп сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   Полковник Марат Оразұлы Едігеев І дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болған соң), подполковник Руслан Раифұлы Галимзянов  II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.   Президент генерал-лейтенант әскери атағын Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы Құрбан Қаражановқа табыс етті.    Генерал-майор әскери атағын өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары -  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы Мұрат Бектанов, ҚР ҚК Бас штабы Орталық командалық пунктінің бастығы Жомарт Қуанғалиев, ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің бастығы Талғат Мұхтаров, 14776 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Нұрлан Сағандықов алды.   ҚР ПРезидентінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 558 Жарлығымен орден медальдермен наградталғандар:   ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен: генерал-майор Талғат Қойбақов; генерал-майор Асхат Рыспаев.   ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: полковник Игорь Баталыгин; полковник Е.Ермекбаев; полковник Мұрат Қажымұратов; подполковник Берік Ерғалиев.    ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: штаб-сержант Ринат Сүйіндіков; аға сержант Андрей Караваев;   «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен: полковник Айдар Әбдірахман; майор Әділет Беркінбаев; майор Мақсат Шамелов; майор Дмитрий Шевченко; старшина Алексей Горбачев.    «Ерлігі үшін» медалімен: кіші сержант Нұрсұлтан Сұлтанәлиев; аға лейтенант Станислав Маметьев; аға лейтенант Қайрат Шаршанқұлов.    ҚР ҚМ Баспасөз қызметі,  Мұхтар Холдорбековтың суреті

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлеріне жоғары әскери атақтарды тапсырды. 

«Сіздердің бәріңіз ерен еңбектеріңізбен және қалтқысыз қызметтеріңізбен ерекшелендіңіздер. Сіздердің басты міндеттеріңіз – халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан мәртебе жоқ. Тату еліміздегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету өздеріңізге тікелей байланысты. Сіздер өз борыштарыңызды аса біліктілікпен атқарып келесіздер. Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет. Осының бәрі де  сіздердің бойларыңыздан табылады деп ойлаймын. Қарулы күштер, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтің тиісті құрамаларында қызмет ете жүріп, сіздер осынау жоғары атаққа лайықты болдыңыздар. Сіздер патриотизм мен асқан ептілік көрсете отырып, өз қызметтеріңізбен Отанға берілгендікті одан әрі дәлелдей бересіздер деп сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Полковник Марат Оразұлы Едігеев І дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болған соң), подполковник Руслан Раифұлы Галимзянов  II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.
 
Президент генерал-лейтенант әскери атағын Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы Құрбан Қаражановқа табыс етті. 
 
Генерал-майор әскери атағын өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары -  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы Мұрат Бектанов, ҚР ҚК Бас штабы Орталық командалық пунктінің бастығы Жомарт Қуанғалиев, ҚР ҚМ Кадрлар департаментінің бастығы Талғат Мұхтаров, 14776 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Нұрлан Сағандықов алды.
 
ҚР ПРезидентінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 558 Жарлығымен орден медальдермен наградталғандар:
 
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен:
генерал-майор Талғат Қойбақов;
генерал-майор Асхат Рыспаев.
 
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
полковник Игорь Баталыгин;
полковник Е.Ермекбаев;
полковник Мұрат Қажымұратов;
подполковник Берік Ерғалиев. 
 
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
штаб-сержант Ринат Сүйіндіков;
аға сержант Андрей Караваев;
 
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:
полковник Айдар Әбдірахман;
майор Әділет Беркінбаев;
майор Мақсат Шамелов;
майор Дмитрий Шевченко;
старшина Алексей Горбачев. 
 
«Ерлігі үшін» медалімен:
кіші сержант Нұрсұлтан Сұлтанәлиев;
аға лейтенант Станислав Маметьев;
аға лейтенант Қайрат Шаршанқұлов. 
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі,

 Мұхтар Холдорбековтың суреті

Бөлісу: