Қазақ халқының 1000 әні

9 Қараша 2012, 03:41

  Соңғы редакциялау: 22 қазан, 2012   “Қазақ халқының 1000 әні” – музыкалық-этнографиялық жинақ. Оған енген халық мұраларын А.В. Затаевич 1920 – 24 ж. арасында жинап, нотаға түсірген. 1925 ж. бірінші басылымы Орынборда, 1963 ж. екінші толықтырылған басылымы Мәскеуде (Музгиз) жарық көрген. Соңғысына Қазақ КСР ҒА М.О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тының ғалымдары араласып, көптеген әндердің мәтіндерін қалпына келтірген. Бірінші басылымына А.Д. Кастальский мен А.В. Затаевич алғы сөз жазса, соңғысына Б.Г. Ерзаковичтің кіріспесі қосылған. Кітап соңына қосымшалар, көрсеткіштер, ән мәтіндері, олардың аудармалары, түсініктер берілген. Кітаптағы ғ1 – 39 шығармалар Адай уезі, ғ40 – 237 – Ақмола, ғ238 – 292 – Ақтөбе, ғ293 – 403 – Бөкей, ғ404 – 533 – Қостанай, ғ534 – 623 – Орынбор, ғ624 – 787 – Семей губернияларынан, ғ788 – 850 – Торғай уезі, ғ851 – 908 – Түркістан, ғ909 – 1000 – Орал губерниясынан және өнер, әдебиет, ғылым, мемл. қайраткерлерінен (146 адам) жазылып алынған. Жинақта қазақтың халық әндерімен қатар Естай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, т.б. көптеген әйгілі ақын-композиторлардың елге танымал әндері алғаш нотаға түсірілген. Этнографтың назарынан “Қобыланды”, “Көрұғлы”, “Қыз Жібек”, “Терме”, “Терме ән”, “Толғау сазы”, Жыршы әні” сияқты эпик. жанрдағы туындылар да тыс қалмаған. Этногр. сипаттағы шығармаларды топонимдер – “Атырау”, “Нарындық ән”, “Сарыарқа”, оронимдер – “Қаратау”, “Боғда”, “Көкшетау”, гидронимдер – “Жайық”, “Еділ бойы”, “Сары өзен”, “Сыр дуан” деп жіктеуге болады. Сонымен қатар А. Затаевич этнонимдік сипаттағы “Аймауыт”, “Найман”, “Тобықты Сүлеймен”, “Алтай”, “Қара балық”, “Қыпшақ”, “Төлеңгіт”, “Арғын-Қыпшақ”, “Арғын руының екі әні”, “Әлім”, “Қожа руының екі әншісі” атты әндерге де ерекше мән берген. Жинақ тек қана ән үлгілерімен шектелмейді. Оған С. Сейфуллиннің орындауындағы “Тоқа”, “Терісқақпай” күйлері, сондай-ақ “Ілме күй”, “Терісқақпай”, “Боғда”, “Қос алқа”, “Мерген күй”, “Шалқыма”, “Соқыр Есжан”, “Ақсақ құлан”, “Тепеңкөк”, қобызға арналған “Ащы көл”, “Қазақтың әскери маршы”, “Итерме”, “Сары бақсы”, т.б. күйлер де енген. Қазақ ән-күйлерінің сарқылмас қазынасы саналатын “Қ. х. 1000 ә.” әлемдік маңызы бар кітап. Онымен кезінде француз жазушысы әрі музыка зерттеушісі Р.Роллан, А.М. Горький, Б.В. Асафьев, т.б. танысып, аса жоғары бағалаған. Н.Мясковский, С.Прокофьев, С.Василенко, М.Штейнберг, В.Власов, т.б. композиторлар ондағы әндерді өз шығармаларында пайдаланған. Барлығы 23 күй, 977 ән енген. Осы еңбектері арқылы Затаевич, В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ә.А. Диваев этнографтар қатарына қосылды. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

 

Соңғы редакциялау:

22 қазан, 2012

 

Қазақ халқының 1000 әні” – музыкалық-этнографиялық жинақ. Оған енген халық мұраларын А.В. Затаевич 1920 – 24 ж. арасында жинап, нотаға түсірген. 1925 ж. бірінші басылымы Орынборда, 1963 ж. екінші толықтырылған басылымы Мәскеуде (Музгиз) жарық көрген. Соңғысына Қазақ КСР ҒА М.О. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тының ғалымдары араласып, көптеген әндердің мәтіндерін қалпына келтірген. Бірінші басылымына А.Д. Кастальский мен А.В. Затаевич алғы сөз жазса, соңғысына Б.Г. Ерзаковичтің кіріспесі қосылған. Кітап соңына қосымшалар, көрсеткіштер, ән мәтіндері, олардың аудармалары, түсініктер берілген. Кітаптағы ғ1 – 39 шығармалар Адай уезі, ғ40 – 237 – Ақмола, ғ238 – 292 – Ақтөбе, ғ293 – 403 – Бөкей, ғ404 – 533 – Қостанай, ғ534 – 623 – Орынбор, ғ624 – 787 – Семей губернияларынан, ғ788 – 850 – Торғай уезі, ғ851 – 908 – Түркістан, ғ909 – 1000 – Орал губерниясынан және өнер, әдебиет, ғылым, мемл. қайраткерлерінен (146 адам) жазылып алынған. Жинақта қазақтың халық әндерімен қатар Естай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, т.б. көптеген әйгілі ақын-композиторлардың елге танымал әндері алғаш нотаға түсірілген. Этнографтың назарынан “Қобыланды”, “Көрұғлы”, “Қыз Жібек”, “Терме”, “Терме ән”, “Толғау сазы”, Жыршы әні” сияқты эпик. жанрдағы туындылар да тыс қалмаған. Этногр. сипаттағы шығармаларды топонимдер – “Атырау”, “Нарындық ән”, “Сарыарқа”, оронимдер – “Қаратау”, “Боғда”, “Көкшетау”, гидронимдер – “Жайық”, “Еділ бойы”, “Сары өзен”, “Сыр дуан” деп жіктеуге болады. Сонымен қатар А. Затаевич этнонимдік сипаттағы “Аймауыт”, “Найман”, “Тобықты Сүлеймен”, “Алтай”, “Қара балық”, “Қыпшақ”, “Төлеңгіт”, “Арғын-Қыпшақ”, “Арғын руының екі әні”, “Әлім”, “Қожа руының екі әншісі” атты әндерге де ерекше мән берген. Жинақ тек қана ән үлгілерімен шектелмейді. Оған С. Сейфуллиннің орындауындағы “Тоқа”, “Терісқақпай” күйлері, сондай-ақ “Ілме күй”, “Терісқақпай”, “Боғда”, “Қос алқа”, “Мерген күй”, “Шалқыма”, “Соқыр Есжан”, “Ақсақ құлан”, “Тепеңкөк”, қобызға арналған “Ащы көл”, “Қазақтың әскери маршы”, “Итерме”, “Сары бақсы”, т.б. күйлер де енген. Қазақ ән-күйлерінің сарқылмас қазынасы саналатын “Қ. х. 1000 ә.” әлемдік маңызы бар кітап. Онымен кезінде француз жазушысы әрі музыка зерттеушісі Р.Роллан, А.М. Горький, Б.В. Асафьев, т.б. танысып, аса жоғары бағалаған. Н.Мясковский, С.Прокофьев, С.Василенко, М.Штейнберг, В.Власов, т.б. композиторлар ондағы әндерді өз шығармаларында пайдаланған. Барлығы 23 күй, 977 ән енген. Осы еңбектері арқылы Затаевич, В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ә.А. Диваев этнографтар қатарына қосылды.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу: