Өзбекстан халқының саны 30 миллионнан асты

10 Мамыр 2013, 06:05

Өзбекстанның мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, елдің халқы 30 миллион адамнан асқан. Осы мекеменің дерегіне сүйенген ақпарат құралдары Өзбекстанда 2013 жылдың 1 қаңтарында 29 миллион 994 мың адам болғанын, биылғы жылдың үш айында 81 мың сәби өмірге келгенін жазады. Агенттіктің дерегінше, Өзбекстанда ерлер мен әйелдердің үлесі шамалас. Ел халқының 51 пайызы қалада тұрады, деп хабарлайды «Азаттық». Бұл есепке тек Өзбекстанда тіркелген азаматтар енгенін айтқан агенттік басқа елдерде (Қазақстан, Ресей) жүрген жұмысшы мигранттарды санаққа қоспаған. ҚазАқпарат.

Өзбекстанның мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, елдің халқы 30 миллион адамнан асқан.

Осы мекеменің дерегіне сүйенген ақпарат құралдары Өзбекстанда 2013 жылдың 1 қаңтарында 29 миллион 994 мың адам болғанын, биылғы жылдың үш айында 81 мың сәби өмірге келгенін жазады.

Агенттіктің дерегінше, Өзбекстанда ерлер мен әйелдердің үлесі шамалас. Ел халқының 51 пайызы қалада тұрады, деп хабарлайды «Азаттық».

Бұл есепке тек Өзбекстанда тіркелген азаматтар енгенін айтқан агенттік басқа елдерде (Қазақстан, Ресей) жүрген жұмысшы мигранттарды санаққа қоспаған.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: