«Барша қазақстандықтарды Ұлы жеңіс мерекесі 9 мамыр күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Жеңіс бізден алыстай берген сайын оның қадір-қасиеті өсе береді. Арамыздағы ардагерлер азайып барады. Сондықтан олардан қолдан келгенше еш қамқорлықты аямау керек. Кейін өкінбейтін болайық», - деді Елбасы өзінің құттықтау сөзінің басында.