«EXPO» көрмесі: Елорданың 2017 жылғы келбеті

9 Мамыр 2013, 05:17

Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананы одан әрі дамыту мәселесіне арналған биылғы алқалы жиында елімізде өтетін «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесіне дайындық барысы көңіл көншітпейтінін айтып, әлемдік шараны ұтымды ұйымдастыруға келгенде мойны жар бермей жүрген бірқатар жауапты мемлекеттік шенеуніктердің сылбыр қимылын сынға алды. Атап айтқанда, нысандарды жобалау жұмыстары басталмай жатып-ақ сәтсіздікке ұшырап, оның айналасында жүргендердің бәрі «бас-басына би болғандығының» салдарынан жұмыстың нәтижесін сұрайтын бір адамның табылмай отырғанына көңілі толмайтынын білдірді. Президенттің бұл сыны атқамінерлердің «ұйқысын» шайдай ашса керек, іле-шала Премьер-министрдің көрме дизайнын жасауға қатысушылармен кездесуі барысында «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы – ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ басқарма басшысы Талғат Ермегияев көрмені өткізудің Тұжырымдамасын таныстырып, нақты істерге кірісіп кетті. Сонымен, Елбасының ойындағы «EXPO-ға» дайындық шаралары қай деңгейде, көрме кезінде елорданың келбеті қандай болуы тиіс? 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуды алдына мақсат етіп қойған Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық әлеуетін паш ететін, бүкіл әлем оның елордасына көз тігетін тарихи сәтке бас-аяғы 3-4 жыл қалғанын ескерсек, Мемлекет басшысының «Тездетіңдер!» дейтіндей жөні бар. Өйткені, алда миллиондаған келушілерді күтіп алып, олардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауды айтпағанда, көрме павильондарын салу, елорданың инфрақұрылымын заманға сай жетілдіру сынды қыруар шаруа тұр. Соның бәрін сәтті ұйымдастырған жағдайда ғана әлемдік қауымдастық алдында алаштың абыройы асқақтап, соның есебінен болашақта еліміздің экономикалық қуаты арта түспек. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO-2017» көрме нысандарын жобалау жұмыстарын таяу уақытта аяқтап, құрылыс жұмыстарын, көрмеге жауапты тұлғалар жоспарлап жүргендей, келер жылдан емес, 2013 жылдың ішінде-ақ бастап кетуді тапсырды. Әрине, бұл – осыған дейін Астанада көрмеге дайындық жұмыстары мүлдем жүргізілмеді деген сөз емес. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізу үшін арнайы құрылған «Астана «EXPO-2017» ұлттық компаниясы біраз істі қолға алғанын айтпай кетуге болмас. Бұған дейін не істелгендігі және не істелуі қажеттігі туралы әңгіме қозғап көрелік. Дәл қазіргі уақытта көрмеге дайындық жүргізетін ведомстволарды тиімді үйлестіру үшін штат жасақталып, жұмыс жоспары әзірленіп жатыр. Іс-шараны ұйымдастыруға ұлттық компаниядан басқа қалалық әкімдік пен «EXPO-ны қолдау қоры» атсалысуда. Көрме қалашығын жобалаумен биыл өткізілетін арнайы тендердің жеңімпазы айналыспақ. Олар қалашықтың сәулеттік келбетін әзірлеуді де өз мойнына алады. Белгілі болып отырғандай, 2017 жылы Астанада өтетін «EXPO» көрмесі тұрақты емес, маусымдық форматқа лайықталған. Бұған Қытайдың Шаңқай қаласында ұйымдастырылған көрмені мысалға келтірсек, жаңылыспаймыз. Әлем халқына есігін айқара ашқан бұл елге туристердің миллиондап ағылуы алған бағыттың дұрыс екенін аңғартатындай. Қазақстанның елордасы да келушілерді осы үлгіде қабылдауды жөн деп тауып отырғандықтан, мұндағы барлық іс-шаралар уақытша сипат алатыны түсінікті. Демек, мәлім етілген 5 миллион адамды қабылдап үлгеру үшін Астана жаз маусымына бар күшті салғаны лазым. Көрме бюджетінің қомақты болуы, яғни, 1,5 миллиард долларға бағалануы сондықтан болса керек. Рас, бұл әзірге нақты емес, болжам ғана. Ғаламдық шара біздің елге қаншаға түсетіні барлық есептер жүргізілгеннен кейін барып, жылдың соңында белгілі болады. Астанадағы көрмені өткізуге дайындық шаралары барысында әлемдік тәжірибенің озық үлгілері зерттелген. Әсіресе, келушілер саны жоспарланған межеден асып түскен Лиссабон, Ёсу сияқты қалалардың сәтті ұйымдастыру жүйесі басты назарда. Айта кету керек, мұндағы павильондар, көрме алаңдары әлі күнге шейін қалаға пайда әкеліп отыр. Ал халық елдің өзге өңірлерінде жаңартылған инфрақұрылымдар мен жаңа көлік жолдарының қызығын көруде. Осы тұрғыдан келгенде, Көкшетау, Алматы және Қарағанды қаласына туристер үшін жол-жөнекей «хаб» рөлін атқару мүмкіндігі берілмек. Соңғы уақытта Көлік және коммуникация министрлігінде жиі айтылып жүрген төрт жолақты «Қарағанды-Астана» жолы көрмеге дейін салынуы мүмкін. Сонымен қатар, «Эйр Астана» әуе компаниясына уақытша салмақ түсетіндіктен, Алматы жалдамалы рейстермен елордаға келетін туристер үшін тағы бір жиын алаңына айналады деп болжануда. Сондай-ақ, Астана әкімдігі таяу жылдары елорданың әуе қақпасы 5 миллион адамды, яғни, күтіліп отырған барлық туристер ағынын қабылдай алады деп ант-cу ішіп отыр. Темір жолмен саяхат жасайтын қонақтарды мейлінше көбірек қабылдау үшін елорданың сол жағалауынан жаңа темір жол терминалы салынбақ. Бурабай курортын да көрменің туристік серіктесі ете отырып, толығымен өзгерту жоспарлануда. Ол үшін су қоймалары тазаланып, өңірде жаңа қонақ үй кешендері мен туристер тоқтайтын қалашықтар салынуы тиіс. Тұтастай алғанда, Ақмола облысында трамплин кешені бар шаңғы базасын, сонымен бірге, бірнеше этноауыл салу таяу уақытта қолға алынатын істердің бірі болмақ. Дәл осы этнографиялық ауылдар елді мекендер экономикасы мен фермерлерге демеу болуы әбден ықтимал. Өйткені, аграрлық туризм көптеген елдердің негізгі табыс көзінің бірі екені белгілі. Ал елорда шенеуніктері туристерге анағұрлым жайлы жағдай жасау үшін қалада қосымша «Хилтон», «Мэриот», «Ритц-Карлтон», «Фор Сизонс» қонақ үйлері салынады деп сендіруде. Әрине, бұл нысандардың құрылысын үлкен кешендер салуда мол тәжірибесі бар компаниялар жүргізеді. Сонымен қатар, әкімдіктің таратқан ақпараты бойынша, Астананың архитектуралық келбетін салынып бітуге жақын опера және балет театры, Президенттің кітапханасы мен қоры ажарландыра түссе, көп функционалды «Абу-Даби Плаза» кешені елорда қонақтарының көзайымына айналмақ. Елорда аумағынан 97 павильонға лайықталған «EXPO-қалашыққа» шамамен 100 гектар жер бөлінетіні бұған дейін де талай айтылды. Ел басшылығы белгіленген аумақта жермен байланысты қандай да бір айла-шарғы жасауға қатаң тыйым салғандықтан, құрылысқа бөлінетін бюджет қаржысы тиімді пайдаланылады деген сенімдеміз. Қазір бұрын саяжай болған 200-250-ге тарта жер учаскесін тұрғындардан сатып алуға ұсыныс жасалуда. Сонымен қатар, жасыл квартал мен жабық қалашық салу идеясы іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан қолдауға ие болып отыр. Оларды көрме аяқталған соң Астана тұрғындарына тұрғын үй ретінде беру көзделуде. Біздіңше, бұл «бір оқпен екі қоянды атып алуға» мүмкіндік берілетін аса пайдалы іс. «EXPO» көрме қалашығына қарай байланыстырушы жолдар тартылатынын да маңызды оқиғалардың бірі ретінде атап өту керек. 17 шақырымдық шағын айналма жолдың құрылысын аяқтап, қаладағы ерекше күрделі орындарды жаңа және қайта жасалған жолдардың көмегімен азайту жоспарлануда. Ең бастысы, 2017 жылы Астанада 42 шақырым жол арқылы қаланы толық айналып шығып, тікелей көрмені байланыстыратын жеңіл рельсті жолдар іске қосылады. Осы орайда, «Болашақ энергиясы» тақырыбын арқау еткен «EXPO-2017» көрме кешені толығымен жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз етілетінін айтпай кетуге болмас. Бұған, әрине, Астанада салынып жатқан күн батереялары зауыты мен Ерейментауда салынған жел станциясының көп көмегі тиері сөзсіз. Қалай болғанда да көрме елдегі баламалы энергетиканың анағұрлым қарқынды дамуына оң ықпал етеді. Екінші жағынан, энергия тиімділікті кеңінен насихаттау адамдарға оның артықшылықтары туралы көбірек білуге көмектеседі. Мұнда тиімді технологиялар мен материалдарды қолданып, жаңғырту есебінен болатын Астананың оң жағалауында орналасқан ескі үйлердің энергия аудиті тиімді құралға айналады дейді мамандар. Бұл шынымен де таза, энергия үнемді және өзге өңірлерге үлгі қала болуға Астана үшін зор мүмкіндік береді. Рас, көрмеге дейін құрылысы аяқталуы тиіс үшінші Жылу электр орталығының (ЖЭО) «жасыл» энергияны дамытуға қандай қатысы болатыны әзірге еш түсініксіз. Өйткені оған да көмір пайдаланылады. Яғни, экологиялық тұрғыдан тиімсіз жобалардың бірі болып қалмақ. ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 қаланы көк түтінмен тұмшалап тұрғанын ескерсек, мүмкін, үшінші ЖЭО-ның қажетсіз екені туралы қайта ойлану керек сияқты. Ұйымдастырушылар көрмеге қатысушыларды межеленген көлемде тарту үшін жаһандық ақпараттық саясатты да мықтап қолға алуы тиіс. Ақпараттық дәуірде ғұмыр кешіп жатқандығымыздан бұны да естен шығармаған жөн. Сондай-ақ, «EXPO-2017» көрмесін маркетингтік дамыту ісіне әлемдік деңгейде күш салсақ, нұр үстіне нұр. Әзірге маркетингтік жұмыстарды роликтер мен көрменің веб-сайтынан ғана байқауға болады. Міне, осы және өзге де «керектер» мен «тиістердің» жолында жауапты мекемелер мен ондағы қызметшілер терін төгіп, жанын салар болса, Алаштың абыройы асқақтаған үстіне асқақтамақ. Дәйім солай болғай.  Сейіт СЕРІ BNews.kz  

Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананы одан әрі дамыту мәселесіне арналған биылғы алқалы жиында елімізде өтетін «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесіне дайындық барысы көңіл көншітпейтінін айтып, әлемдік шараны ұтымды ұйымдастыруға келгенде мойны жар бермей жүрген бірқатар жауапты мемлекеттік шенеуніктердің сылбыр қимылын сынға алды.
Атап айтқанда, нысандарды жобалау жұмыстары басталмай жатып-ақ сәтсіздікке ұшырап, оның айналасында жүргендердің бәрі «бас-басына би болғандығының» салдарынан жұмыстың нәтижесін сұрайтын бір адамның табылмай отырғанына көңілі толмайтынын білдірді. Президенттің бұл сыны атқамінерлердің «ұйқысын» шайдай ашса керек, іле-шала Премьер-министрдің көрме дизайнын жасауға қатысушылармен кездесуі барысында «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы – ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ басқарма басшысы Талғат Ермегияев көрмені өткізудің Тұжырымдамасын таныстырып, нақты істерге кірісіп кетті.

Сонымен, Елбасының ойындағы «EXPO-ға» дайындық шаралары қай деңгейде, көрме кезінде елорданың келбеті қандай болуы тиіс? 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуды алдына мақсат етіп қойған Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық әлеуетін паш ететін, бүкіл әлем оның елордасына көз тігетін тарихи сәтке бас-аяғы 3-4 жыл қалғанын ескерсек, Мемлекет басшысының «Тездетіңдер!» дейтіндей жөні бар. Өйткені, алда миллиондаған келушілерді күтіп алып, олардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауды айтпағанда, көрме павильондарын салу, елорданың инфрақұрылымын заманға сай жетілдіру сынды қыруар шаруа тұр. Соның бәрін сәтті ұйымдастырған жағдайда ғана әлемдік қауымдастық алдында алаштың абыройы асқақтап, соның есебінен болашақта еліміздің экономикалық қуаты арта түспек. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO-2017» көрме нысандарын жобалау жұмыстарын таяу уақытта аяқтап, құрылыс жұмыстарын, көрмеге жауапты тұлғалар жоспарлап жүргендей, келер жылдан емес, 2013 жылдың ішінде-ақ бастап кетуді тапсырды. Әрине, бұл – осыған дейін Астанада көрмеге дайындық жұмыстары мүлдем жүргізілмеді деген сөз емес. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізу үшін арнайы құрылған «Астана «EXPO-2017» ұлттық компаниясы біраз істі қолға алғанын айтпай кетуге болмас. Бұған дейін не істелгендігі және не істелуі қажеттігі туралы әңгіме қозғап көрелік.

Дәл қазіргі уақытта көрмеге дайындық жүргізетін ведомстволарды тиімді үйлестіру үшін штат жасақталып, жұмыс жоспары әзірленіп жатыр. Іс-шараны ұйымдастыруға ұлттық компаниядан басқа қалалық әкімдік пен «EXPO-ны қолдау қоры» атсалысуда. Көрме қалашығын жобалаумен биыл өткізілетін арнайы тендердің жеңімпазы айналыспақ. Олар қалашықтың сәулеттік келбетін әзірлеуді де өз мойнына алады.

Белгілі болып отырғандай, 2017 жылы Астанада өтетін «EXPO» көрмесі тұрақты емес, маусымдық форматқа лайықталған. Бұған Қытайдың Шаңқай қаласында ұйымдастырылған көрмені мысалға келтірсек, жаңылыспаймыз. Әлем халқына есігін айқара ашқан бұл елге туристердің миллиондап ағылуы алған бағыттың дұрыс екенін аңғартатындай. Қазақстанның елордасы да келушілерді осы үлгіде қабылдауды жөн деп тауып отырғандықтан, мұндағы барлық іс-шаралар уақытша сипат алатыны түсінікті. Демек, мәлім етілген 5 миллион адамды қабылдап үлгеру үшін Астана жаз маусымына бар күшті салғаны лазым. Көрме бюджетінің қомақты болуы, яғни, 1,5 миллиард долларға бағалануы сондықтан болса керек. Рас, бұл әзірге нақты емес, болжам ғана. Ғаламдық шара біздің елге қаншаға түсетіні барлық есептер жүргізілгеннен кейін барып, жылдың соңында белгілі болады.

Астанадағы көрмені өткізуге дайындық шаралары барысында әлемдік тәжірибенің озық үлгілері зерттелген. Әсіресе, келушілер саны жоспарланған межеден асып түскен Лиссабон, Ёсу сияқты қалалардың сәтті ұйымдастыру жүйесі басты назарда. Айта кету керек, мұндағы павильондар, көрме алаңдары әлі күнге шейін қалаға пайда әкеліп отыр. Ал халық елдің өзге өңірлерінде жаңартылған инфрақұрылымдар мен жаңа көлік жолдарының қызығын көруде.

Осы тұрғыдан келгенде, Көкшетау, Алматы және Қарағанды қаласына туристер үшін жол-жөнекей «хаб» рөлін атқару мүмкіндігі берілмек. Соңғы уақытта Көлік және коммуникация министрлігінде жиі айтылып жүрген төрт жолақты «Қарағанды-Астана» жолы көрмеге дейін салынуы мүмкін. Сонымен қатар, «Эйр Астана» әуе компаниясына уақытша салмақ түсетіндіктен, Алматы жалдамалы рейстермен елордаға келетін туристер үшін тағы бір жиын алаңына айналады деп болжануда. Сондай-ақ, Астана әкімдігі таяу жылдары елорданың әуе қақпасы 5 миллион адамды, яғни, күтіліп отырған барлық туристер ағынын қабылдай алады деп ант-cу ішіп отыр. Темір жолмен саяхат жасайтын қонақтарды мейлінше көбірек қабылдау үшін елорданың сол жағалауынан жаңа темір жол терминалы салынбақ.

Бурабай курортын да көрменің туристік серіктесі ете отырып, толығымен өзгерту жоспарлануда. Ол үшін су қоймалары тазаланып, өңірде жаңа қонақ үй кешендері мен туристер тоқтайтын қалашықтар салынуы тиіс. Тұтастай алғанда, Ақмола облысында трамплин кешені бар шаңғы базасын, сонымен бірге, бірнеше этноауыл салу таяу уақытта қолға алынатын істердің бірі болмақ. Дәл осы этнографиялық ауылдар елді мекендер экономикасы мен фермерлерге демеу болуы әбден ықтимал. Өйткені, аграрлық туризм көптеген елдердің негізгі табыс көзінің бірі екені белгілі.

Ал елорда шенеуніктері туристерге анағұрлым жайлы жағдай жасау үшін қалада қосымша «Хилтон», «Мэриот», «Ритц-Карлтон», «Фор Сизонс» қонақ үйлері салынады деп сендіруде. Әрине, бұл нысандардың құрылысын үлкен кешендер салуда мол тәжірибесі бар компаниялар жүргізеді. Сонымен қатар, әкімдіктің таратқан ақпараты бойынша, Астананың архитектуралық келбетін салынып бітуге жақын опера және балет театры, Президенттің кітапханасы мен қоры ажарландыра түссе, көп функционалды «Абу-Даби Плаза» кешені елорда қонақтарының көзайымына айналмақ.

Елорда аумағынан 97 павильонға лайықталған «EXPO-қалашыққа» шамамен 100 гектар жер бөлінетіні бұған дейін де талай айтылды. Ел басшылығы белгіленген аумақта жермен байланысты қандай да бір айла-шарғы жасауға қатаң тыйым салғандықтан, құрылысқа бөлінетін бюджет қаржысы тиімді пайдаланылады деген сенімдеміз. Қазір бұрын саяжай болған 200-250-ге тарта жер учаскесін тұрғындардан сатып алуға ұсыныс жасалуда. Сонымен қатар, жасыл квартал мен жабық қалашық салу идеясы іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан қолдауға ие болып отыр. Оларды көрме аяқталған соң Астана тұрғындарына тұрғын үй ретінде беру көзделуде. Біздіңше, бұл «бір оқпен екі қоянды атып алуға» мүмкіндік берілетін аса пайдалы іс. «EXPO» көрме қалашығына қарай байланыстырушы жолдар тартылатынын да маңызды оқиғалардың бірі ретінде атап өту керек. 17 шақырымдық шағын айналма жолдың құрылысын аяқтап, қаладағы ерекше күрделі орындарды жаңа және қайта жасалған жолдардың көмегімен азайту жоспарлануда. Ең бастысы, 2017 жылы Астанада 42 шақырым жол арқылы қаланы толық айналып шығып, тікелей көрмені байланыстыратын жеңіл рельсті жолдар іске қосылады.

Осы орайда, «Болашақ энергиясы» тақырыбын арқау еткен «EXPO-2017» көрме кешені толығымен жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз етілетінін айтпай кетуге болмас. Бұған, әрине, Астанада салынып жатқан күн батереялары зауыты мен Ерейментауда салынған жел станциясының көп көмегі тиері сөзсіз. Қалай болғанда да көрме елдегі баламалы энергетиканың анағұрлым қарқынды дамуына оң ықпал етеді.

Екінші жағынан, энергия тиімділікті кеңінен насихаттау адамдарға оның артықшылықтары туралы көбірек білуге көмектеседі. Мұнда тиімді технологиялар мен материалдарды қолданып, жаңғырту есебінен болатын Астананың оң жағалауында орналасқан ескі үйлердің энергия аудиті тиімді құралға айналады дейді мамандар. Бұл шынымен де таза, энергия үнемді және өзге өңірлерге үлгі қала болуға Астана үшін зор мүмкіндік береді.

Рас, көрмеге дейін құрылысы аяқталуы тиіс үшінші Жылу электр орталығының (ЖЭО) «жасыл» энергияны дамытуға қандай қатысы болатыны әзірге еш түсініксіз. Өйткені оған да көмір пайдаланылады. Яғни, экологиялық тұрғыдан тиімсіз жобалардың бірі болып қалмақ. ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 қаланы көк түтінмен тұмшалап тұрғанын ескерсек, мүмкін, үшінші ЖЭО-ның қажетсіз екені туралы қайта ойлану керек сияқты.

Ұйымдастырушылар көрмеге қатысушыларды межеленген көлемде тарту үшін жаһандық ақпараттық саясатты да мықтап қолға алуы тиіс. Ақпараттық дәуірде ғұмыр кешіп жатқандығымыздан бұны да естен шығармаған жөн. Сондай-ақ, «EXPO-2017» көрмесін маркетингтік дамыту ісіне әлемдік деңгейде күш салсақ, нұр үстіне нұр. Әзірге маркетингтік жұмыстарды роликтер мен көрменің веб-сайтынан ғана байқауға болады.

Міне, осы және өзге де «керектер» мен «тиістердің» жолында жауапты мекемелер мен ондағы қызметшілер терін төгіп, жанын салар болса, Алаштың абыройы асқақтаған үстіне асқақтамақ. Дәйім солай болғай. 

Сейіт СЕРІ

BNews.kz

 

Бөлісу: