Cерпе көтеруде Жазира 105 келіні алса, қытайлық Ван Синьюэ 115 келіні бағындырып көш бастады. Осы кезден-ақ Қытай спортшысы біздің басты қарсылас болатынын аңғардық.
Ал жұлқа көтеруде Жазира 135 келіні, қытай 130 келіні көтерді. Осыдан кейін Ван Синьюэ бес келі артықшылықпен чемпион атанды.
1. Ван Синьюэ (Қытай) – 245 (115+130)
2. Жазира Жапарқұл (Қазақстан) – 240 (105+135)
3. Гада Хассин (Туннис) – 222 (101+121)