8 Мамыр 2013, 04:41
Әйел адам - гүлмен тең.
Абай Құнанбаев
Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды.
Абай Құнанбаев
Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді.
Ғабит Мүсірепов
Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
Ғабит Мүсірепов
Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.
Ғабит Мүсірепов
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
Ғабит Мүсірепов
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе - бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе - бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
Ғабит Мүсірепов
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Ғабит Мүсірепов
Әйел асқақтаса - жылайды, еркек асқақтаса - құлайды.
Ғабит Мүсірепов
Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.
Ғабит Мүсірепов
Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды - тезірек еселеп, қайыруға тырысады.
Ғабит Мүсірепов
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет,
Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет.
Ғабит Мүсірепов
Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.
Шоқан Уәлиханов
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.
Бұқар Қалқаманұлы
Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.
Бұқар Қалқаманұлы
Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.
Шәңгерей Бөкеев
Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.
Сүйінбай Аронұлы
Қыз сипаты:
Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,
Ақ маңдай, жазық қабақ, сүмбіл шашты.
Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,
Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті.
Сүйінбай Аронұлы
Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді.
Махмұд Қашқари
Жаман әйел көп ұйықтар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман болса әйелің - арманда өтер өмірің: артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісінің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды -
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жанжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар,
Жиынға киер жібекті -
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым?» деп,
«Не көрсетіп қойдың?» деп -
Тағы езінді жазғырар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы