Келушілер назарына Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жиһаз, патефон, баян, майдан хаттары, суреттер сынды жәдігерлер мен сол кезгі әскери техникалардың үш жүздей макеті ұсынылды.
Көрменің ашылу рәсімінде соғыс және еңбек ардагерлері Қадыр Ғайсин мен Хамза Сафин естеліктерімен бөліссе, Күләш Васильева анасы, қазақтың партизан қызы Нұрғаным Байсейітова туралы сыр шертті.
Ғабдолла Тоқай атындағы музейдің басшысы Марат Багаутдинов соғыс кезіндегі әскери техникалар жөнінде әңгімелеп берді.
ҚазАқпарат.