Астанада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өтеу үшін шақырылғандарды шығарып салу рәсімі өтті. Жалпы көктемгі әскерге шақыру комиссиясынан 8000-ға жуық азамат өтеді екен. Соның 600-і мерзімді әскери қызметін өтеуге жөнелтіледі. Ал, бүгінгі күні Отан алдындағы борышын өтеуге 40 бозбала аттанғалы отыр.
Ғани Артықов, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшілерді келісім-шарт және шақыру бойынша іріктеу басқармасының бастығы:
Әскерге шақыру медициналық комиссиясынан өтіп жатқан жастардың 2-5%, 2-7%-ы бейбіт уақытта әскерге шақыруға, әскери қызмет атқаруға денсаулығы бойынша жарамсыз деп танылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға жоғарлап, не төмендеп отырған жоқ. Бірқалыпты. Ал, енді бізде әскерге шақырылып, медициналық комиссиядан өтетін жастардың саны көбейіп, жөнелтілетін жастардың саны шектеулі болатыны, әскер қатарында шақырылған жастардың денсаулығына, дене бітіміне, ойлау қабілетіне, психологиялық дайындығына байланысты болады. Олар көп сараптаудан өтеді.
20 жасар Заманбек Хайдар Талдықорған қаласындағы Десантты штурмды бригаданың аэроұтқырлар тобында Отан алдындағы борышын өтемек. Мұнай-газ саласы бойынша маманданған сарбаз алдағы уақытта әскери қызметін жалғастыруды көздейді.
Заманбек Хайдар, сарбаз:
Мен Отан алдындағы борышымды өтеуге дайынмын. Өйткені, әскерге барып, жауынгер атану бала күннен арманым еді.Нағыз азамат әскерде шынығады деп білемін. Болашақта қай салада қызмет ететінімді уақыт көрсетер. Дегенмен, ел тыныштығын күзетуге мен де атсалыссам деймін.
Жыл сайын әскери борышын өтеуге Астанадан 1000-нан астам азамат аттанады екен. Бүгін жастарды Армия қатарына шығарып салуға туған-туыстарынан бөлек әскери қызметкерлер, ардагерлер, студенттер, мектеп оқушылары қатысты.
http://astana.kz