7 мамыр ғылым мен техниканың әлемдік тарихына радионың туған күні ретінде енді.
Дәл осы күні 1895 жылы Орыс физика-химиялық қоғамының отырысында ресейлік физик Александр Попов баяндама жасап, өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырды.
1945 жылы 7 мамырда КСРО-да радионың ойлап табылғанына 50 жыл толуы кеңінен атап өтілді. Осыған байланысты ел үкіметі бұл датаны жыл сайынғы Радио күні деп белгілеуге шешім шығарды. Бүгінде бұл мереке посткеңестік елдерде ғана емес, сонымен қатар дүниежүзінің басқа мемлекеттерінде аталып өтеді.
ҚазАқпарат