«Отарда» жауынгерлік парадқа соңғы дайындықтар өтіп жатыр

7 Мамыр 2013, 05:20

«Отар» 40-шы әскери базасында Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік парадқа соңғы дайындық жасалып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz. тілшісі. Бүгін 7-ші мамыр Отан қорғаушы күні. Қазақстанның Қарулы күштері Жауынгерлік парадқа дайындалуда, оның басталуына санаулы сағаттар қалды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді. Парадта Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің заманауи қару-жарақ пен техниканы пайдалануының мүмкіндіктерін тактикалық және тәжірибелік тұрғыда көрсететін болады. «Жетісу» мен «Сұңқар» жоғарғы пилотаж бойынша өнер көрсетпек. Әскери, азаматтық және қосалқы міндет жүктелген арнайы техникалар, оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиожелілік стансалар, қар және батпақ үстімен жүре алатын «Тұлпар» техникасы, «Airbus» С-295 ұшағы, ЕС-145 тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері мен басқа да техникалар таныстырылады. Жауынгерлік парадқа 7 мыңнан астам әскери қызметші, 400-ден аса әскери техника, 80 шақты ұшақ пен тікұшақ қатысады.

«Отар» 40-шы әскери базасында Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік парадқа соңғы дайындық жасалып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz. тілшісі.

Бүгін 7-ші мамыр Отан қорғаушы күні. Қазақстанның Қарулы күштері Жауынгерлік парадқа дайындалуда, оның басталуына санаулы сағаттар қалды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді.

Парадта Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің заманауи қару-жарақ пен техниканы пайдалануының мүмкіндіктерін тактикалық және тәжірибелік тұрғыда көрсететін болады. «Жетісу» мен «Сұңқар» жоғарғы пилотаж бойынша өнер көрсетпек.

Әскери, азаматтық және қосалқы міндет жүктелген арнайы техникалар, оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиожелілік стансалар, қар және батпақ үстімен жүре алатын «Тұлпар» техникасы, «Airbus» С-295 ұшағы, ЕС-145 тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері мен басқа да техникалар таныстырылады.

Жауынгерлік парадқа 7 мыңнан астам әскери қызметші, 400-ден аса әскери техника, 80 шақты ұшақ пен тікұшақ қатысады.

Бөлісу: