6 Мамыр 2013, 08:11
Астанада автобус-кафе пайда болады деп хабарлайды vse.kz сайты.
Енді қала тұрғындары мен қонақтарына неміс маркалы MAN SL-200 автобусы арқылы дастархан басында отырып-ақ қаланың көрікті жерлерін тамашалауларына мүмкіндік бар. Әдемі безендірілген диван, үстел, VIP орындары бар ерекше автобус өз жолаушыларын «Бәйтерек» монументі мен «Хан Шатыр» ойын-сауда орталығының алдында күтеді.
Көңіл көтеру бағытындағы мұндай көлік отандастарымызға таңсық емес. Алматы қаласында романтикалық кездесулерге арналған трамвай-кафе бар екені белгілі.
Мақпал ЖҰМАШОВА