6 Мамыр 2013, 06:35
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
Әлихан Бөкейханов
Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.
Әлихан Бөкейханов
Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.
Әлихан Бөкейханов
Орыс патшалығының адам болып отырғаны - мұжықтың әділдігі.
Әлихан Бөкейханов
Орыс патшалығының бар адамының күнестік отырғаны - мұжықтың жанкештілігі (жаһитшілдігі).
Әлихан Бөкейханов
Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды.
Әлихан Бөкейханов
Болысқа орысша хат білу - тілмәштарға құл болмау үшін керек.
Әлихан Бөкейханов
Болыс болуға лайықты кісі - халық пайдасын білетін, жөн мен жол көрген, жұрт сөзін тыңдай да, құрметтей де алатын кісі.
Әлихан Бөкейханов
Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.
Әлихан Бөкейханов
Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.
Әлихан Бөкейханов
Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман.
Әлихан Бөкейханов
Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс.
Әлихан Бөкейханов
«Заманың түлкі болса - тазы боп шал» деген де - балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.
Әлихан Бөкейханов
Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.
Әлихан Бөкейханов
Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы.
Әлихан Бөкейханов
Шыңғыс хан дүниені алды - артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да - артында Самарқанд, мешіт, медіреседей белгі қалды. Шыңғыс - көшпелі, Ақсақ Темір - отырықшы.
Әлихан Бөкейханов
Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.
Әлихан Бөкейханов
Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.
Әлихан Бөкейханов
Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.
Әлихан Бөкейханов
Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейханов
Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.
Әлихан Бөкейханов
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы