Төрт түлік мал туралы

6 Мамыр 2013, 04:47

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?! Бұқар Қалқаманұлы Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі. Әлихан Бөкейханов Мал тұяғы - қазына. Әлихан Бөкейханов Зекетсіз мал айдама. Шортанбай Қанайұлы Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға. Шортанбай Қанайұлы Мал - дүниенің опасы. Дулат Бабатайұлы Ақ тұйғын келіп ілігер - алдын жайып торласа, Арғымақ ат жығылар - алдын қазып орласа. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Түйе - көштің көркі, жылқы - жетекші, қой - береке. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі. Әлихан Бөкейханов Қазақ жері - мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан. Әлихан Бөкейханов Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі. Әлихан Бөкейханов Біздің қазақ сиыры осы қазақ жерін жайлағанға ғылым жолында сегіз мың жыл болған. Әлихан Бөкейханов Профессор Кулешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ. Әлихан Бөкейханов Мұжық егінші болғанда, қазақ жақсы малшы болса - бірінен-бірі керектерін алып тұратын жақсы көрші болады. Әлихан Бөкейханов Қазақтың жылқысындай көнбіс жылқы жер бетінде жоқ, казақтың қозысының етіндей тәтті ет те жер бетінде жоқ. Әлихан Бөкейханов Ат - ердің қанаты. Мақал - мәтел Жөн білетін өгізге «өк» дегеннің өзі артық. Мақал - мәтел Ауыл көркі - мал, өзен көркі - тал. Мақал - мәтел Оттың жайын - жаққан білер, малдың жайын - баққан білер. Мақал - мәтел Сойып жесең - бір күндік, сауып ішсең - мың күндік. Мақал - мәтел Малды қыста - құмға, жазда - шымға айда. Мақал - мәтел Кесімді малға өлім бар. Мақал - мәтел Түзде бұзауы жамырағанның - үйде айраны төгілер. Мақал - мәтел Үш бие - бұлақ басы, екі бие - елдің асы, бір бие - жоқтың қасы. Мақал - мәтел Жақсы ат алдынан емес, артынан сүрінеді. Мақал - мәтел Жылқы - құлыннан өсер, теңге - тиыннан өсер. Мақал - мәтел Атының сыры иесіне мәлім. Мақал - мәтел Атты күнде мінсең - тулақ, аптады мінсең - қунақ, жылына мінсең тұлпар. Мақал - мәтел Нар баласын қарпып сүйеді. Мақал - мәтел Қойшы көп болса - қой арам өледі. Мақал - мәтел Түйені жел шайқаса - ешкіні көктен көр. Мақал - мәтел Қой шелді болмай - төлді болмайды. Мақал - мәтел Мал өсірсең - қой өсір. Мақал - мәтел Бұрын шыққан құлақтан - кейін шыққан мүйіз озады. Мақал - мәтел Қасапшыға - мал қайғы, қара ешкіге - жан қайғы. Мақал - мәтел Нары бардың - малы бар. Мақал – мәтел Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!

Бұқар Қалқаманұлы

Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.

Әлихан Бөкейханов

Мал тұяғы - қазына.

Әлихан Бөкейханов

Зекетсіз мал айдама.

Шортанбай Қанайұлы

Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.

Шортанбай Қанайұлы

Мал - дүниенің опасы.

Дулат Бабатайұлы

Ақ тұйғын келіп ілігер - алдын жайып торласа,

Арғымақ ат жығылар - алдын қазып орласа.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Түйе - көштің көркі, жылқы - жетекші, қой - береке.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.

Әлихан Бөкейханов

Қазақ жері - мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан.

Әлихан Бөкейханов

Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі.

Әлихан Бөкейханов

Біздің қазақ сиыры осы қазақ жерін жайлағанға ғылым жолында сегіз мың жыл болған.

Әлихан Бөкейханов

Профессор Кулешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ.

Әлихан Бөкейханов

Мұжық егінші болғанда, қазақ жақсы малшы болса - бірінен-бірі керектерін алып тұратын жақсы көрші болады.

Әлихан Бөкейханов

Қазақтың жылқысындай көнбіс жылқы жер бетінде жоқ, казақтың қозысының етіндей тәтті ет те жер бетінде жоқ.

Әлихан Бөкейханов

Ат - ердің қанаты.

Мақал - мәтел

Жөн білетін өгізге «өк» дегеннің өзі артық.

Мақал - мәтел

Ауыл көркі - мал, өзен көркі - тал.

Мақал - мәтел

Оттың жайын - жаққан білер, малдың жайын - баққан білер.

Мақал - мәтел

Сойып жесең - бір күндік, сауып ішсең - мың күндік.

Мақал - мәтел

Малды қыста - құмға, жазда - шымға айда.

Мақал - мәтел

Кесімді малға өлім бар.

Мақал - мәтел

Түзде бұзауы жамырағанның - үйде айраны төгілер.

Мақал - мәтел

Үш бие - бұлақ басы, екі бие - елдің асы, бір бие - жоқтың қасы.

Мақал - мәтел

Жақсы ат алдынан емес, артынан сүрінеді.

Мақал - мәтел

Жылқы - құлыннан өсер, теңге - тиыннан өсер.

Мақал - мәтел

Атының сыры иесіне мәлім.

Мақал - мәтел

Атты күнде мінсең - тулақ, аптады мінсең - қунақ, жылына мінсең тұлпар.

Мақал - мәтел

Нар баласын қарпып сүйеді.

Мақал - мәтел

Қойшы көп болса - қой арам өледі.

Мақал - мәтел

Түйені жел шайқаса - ешкіні көктен көр.

Мақал - мәтел

Қой шелді болмай - төлді болмайды.

Мақал - мәтел

Мал өсірсең - қой өсір.

Мақал - мәтел

Бұрын шыққан құлақтан - кейін шыққан мүйіз озады.

Мақал - мәтел

Қасапшыға - мал қайғы, қара ешкіге - жан қайғы.

Мақал - мәтел

Нары бардың - малы бар.

Мақал – мәтел

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: