Ғалымдар қазақ тілін үйретудің жаңа әдістемесін жасады

6 Мамыр 2013, 03:07

Ғалымдар қазақ тілін жеңіл әрі жылдам үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттігін алға тарта келе, тілді үйретудің жаңа инновациялық әдістемесін әзірлеген, деп хабарлайды 24 кз.   Бірі тіл білімі саласын 15 құрылымға жүйелесе, кейбірі деңгейлеп оқытуды қолға алған. Мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу – Питер Хауздың мақсаты. Ол осыдан 5 жыл бұрын Қазақстанға жұмыс бабымен Ұлыбританиядан келген. Бүгінде жеті тілді жетік меңгерген Питер тіл үйрену жас талғамайтындығын айтады.   Питер ХАУЗ, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ басқарушы директоры:   - Қазақстанда тұратын әр адам қазақ тілін білуі қажет. Мен қазір қазақ тілін үйреніп жатырмын. 2 жылдан кейін қазақ тілінде таза әрі сауатты сөйлеймін.   Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін үйретуді қолға алып отырған «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы тіл білімі саласын грамматикалық 15 құрылымға жүйелеген. Инновациялық әдістеме үйренушілердің эмоциялық және психологиялық кедергілерді тез еңсеруіне бағытталған. Осылайша орталық мамандары 2017 жылға қарай 1 миллионнан астам қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлейді деп жоспарлап отыр.   Сара ЖҰМАНОВА, «Тілдарын» әдістемелік орталығы директорының орынбасары:   - Осы әдістеме арқылы мемлекеттік тілді меңгеру өте жеңіл. Интерактивті әдіс негізінде тыңдаушы ұстазбен тығыз қарым-қатынаста болады. Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге қызығушылығы өте жоғары.   Қазақ тілін жеңіл әрі жедел түрде үйретудің тағы бір тәсілін Назарбаев университетінің ғалымдары жасады. Халықаралық тәжірибиеге негізделген әдістеме 6 деңгейден тұрады. Тіл үйренуші білім алу үшін алдымен тест тапсырады.   Гүлтас ҚҰРМАНБАЙ, Назарбаев университетінің профессоры:   - Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тесті тапсырған балалар өз деңгейіне байланысты оқитын болады. Ол бастауыш А деңгейі, кейінен В1, В2, С, С1 деңгейін оқиды.   Елімізде мемлекеттік тілді үйретуге арналған 130 орталық жұмыс істейді. Тіпті, әр азамат өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қазақ тілін тегін түрде оқи алады.   Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары:   - Қазір тіл үйренуге тілек білдіруші әрбір азамат өз білім деңгейі бойынша модульдік, қарапайым тіл үйрену жүйесінде оқи алады. Ол үшін түрлі оқулықтар мен элекронды құралдар да бар.  Мемлекеттік тілді оқимын, меңгеремін деген ел азаматтарына қазір толық мүмкіндік жасалған.   Мамандар инновациялық әдістемелер арқылы қазақ тілін үйрену жеңіл болатындығын айтады. Дегенмен тілек пен ниет болмаса, ешқандай әдістеме мемлекеттік тілді үйрете алмайды.

Ғалымдар қазақ тілін жеңіл әрі жылдам үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттігін алға тарта келе, тілді үйретудің жаңа инновациялық әдістемесін әзірлеген, деп хабарлайды 24 кз.

 

Бірі тіл білімі саласын 15 құрылымға жүйелесе, кейбірі деңгейлеп оқытуды қолға алған. Мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу – Питер Хауздың мақсаты. Ол осыдан 5 жыл бұрын Қазақстанға жұмыс бабымен Ұлыбританиядан келген. Бүгінде жеті тілді жетік меңгерген Питер тіл үйрену жас талғамайтындығын айтады.
 
Питер ХАУЗ, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ басқарушы директоры:
 
- Қазақстанда тұратын әр адам қазақ тілін білуі қажет. Мен қазір қазақ тілін үйреніп жатырмын. 2 жылдан кейін қазақ тілінде таза әрі сауатты сөйлеймін.
 
Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін үйретуді қолға алып отырған «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы тіл білімі саласын грамматикалық 15 құрылымға жүйелеген. Инновациялық әдістеме үйренушілердің эмоциялық және психологиялық кедергілерді тез еңсеруіне бағытталған. Осылайша орталық мамандары 2017 жылға қарай 1 миллионнан астам қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлейді деп жоспарлап отыр.
 
Сара ЖҰМАНОВА, «Тілдарын» әдістемелік орталығы директорының орынбасары:
 
- Осы әдістеме арқылы мемлекеттік тілді меңгеру өте жеңіл. Интерактивті әдіс негізінде тыңдаушы ұстазбен тығыз қарым-қатынаста болады. Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге қызығушылығы өте жоғары.
 
Қазақ тілін жеңіл әрі жедел түрде үйретудің тағы бір тәсілін Назарбаев университетінің ғалымдары жасады. Халықаралық тәжірибиеге негізделген әдістеме 6 деңгейден тұрады. Тіл үйренуші білім алу үшін алдымен тест тапсырады.
 
Гүлтас ҚҰРМАНБАЙ, Назарбаев университетінің профессоры:
 
- Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тесті тапсырған балалар өз деңгейіне байланысты оқитын болады. Ол бастауыш А деңгейі, кейінен В1, В2, С, С1 деңгейін оқиды.
 
Елімізде мемлекеттік тілді үйретуге арналған 130 орталық жұмыс істейді. Тіпті, әр азамат өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қазақ тілін тегін түрде оқи алады.
 
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары:
 
- Қазір тіл үйренуге тілек білдіруші әрбір азамат өз білім деңгейі бойынша модульдік, қарапайым тіл үйрену жүйесінде оқи алады. Ол үшін түрлі оқулықтар мен элекронды құралдар да бар.  Мемлекеттік тілді оқимын, меңгеремін деген ел азаматтарына қазір толық мүмкіндік жасалған.
 
Мамандар инновациялық әдістемелер арқылы қазақ тілін үйрену жеңіл болатындығын айтады. Дегенмен тілек пен ниет болмаса, ешқандай әдістеме мемлекеттік тілді үйрете алмайды.
Бөлісу: