Мәскеуде тұратын қандастарымыз қазақ мектебіне зәру

6 Мамыр 2013, 03:04

Қазір Ресей астанасында 12 мыңнан астам қазақ тұрады. Әр отбасы кемі екі баладан тәрбиелеуде, деп хабарлайды 24.kz. Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамдық қорының төрағасы Әбу Исламның айтуынша, еліміз тәуелсіздік алған жылдары Мәскеуде қазақ сыныбы ашылғанда қуаныштарында шек болмаған. Сол жылдары «Қазақ тілі» газеті де шыға бастаған.  «Қазақ тілі» қоғамының ашылғанына алдағы тоқсанда бір жыл ғана болады. Осында жексенбілік сынып ретінде қазақ тілі сабағы жүргізіледі. Газет шығару жобасын жергілікті қазақтармен бірігіп, қолға алғанбыз. Қаржыландыру жағынан қиындықтар туындаған соң тоқтатылды»,-дейді ол. Бүгінде Мәскеуде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өз мектептері бар. Кейбірі мәдени орталықтарында балаларға ана тілдерінде сабақ жүргізеді. Қазақтарда қоғамдық шараларға деп бөлінгені тек шағын бөлме ғана. Сондықтан, жергілікті қазақтар бұл мәселеде Қазақстан қол ұшын берсе деген тілектерін айтады.  - Біздің мемлекеттен қолдау болып жатса, Ресей тарапы қарсы емес,- дейді Әбу Ислам. Мәскеу қазақтары алғашқы қоңыраудың сыңғырлаған үні қазақ мектебінде естілер деген үміттен күдер үзбейді.

Қазір Ресей астанасында 12 мыңнан астам қазақ тұрады. Әр отбасы кемі екі баладан тәрбиелеуде, деп хабарлайды 24.kz.

Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамдық қорының төрағасы Әбу Исламның айтуынша, еліміз тәуелсіздік алған жылдары Мәскеуде қазақ сыныбы ашылғанда қуаныштарында шек болмаған. Сол жылдары «Қазақ тілі» газеті де шыға бастаған.

 «Қазақ тілі» қоғамының ашылғанына алдағы тоқсанда бір жыл ғана болады. Осында жексенбілік сынып ретінде қазақ тілі сабағы жүргізіледі. Газет шығару жобасын жергілікті қазақтармен бірігіп, қолға алғанбыз. Қаржыландыру жағынан қиындықтар туындаған соң тоқтатылды»,-дейді ол.

Бүгінде Мәскеуде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өз мектептері бар. Кейбірі мәдени орталықтарында балаларға ана тілдерінде сабақ жүргізеді. Қазақтарда қоғамдық шараларға деп бөлінгені тек шағын бөлме ғана. Сондықтан, жергілікті қазақтар бұл мәселеде Қазақстан қол ұшын берсе деген тілектерін айтады.

 - Біздің мемлекеттен қолдау болып жатса, Ресей тарапы қарсы емес,- дейді Әбу Ислам.

Мәскеу қазақтары алғашқы қоңыраудың сыңғырлаған үні қазақ мектебінде естілер деген үміттен күдер үзбейді.

Бөлісу: