4 Мамыр 2013, 11:50
Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты маңынан 600-ге жуық адам қатысқан спорттық марафон басталды.
Марафонға Қазақстанның қарулы күштері түгел құрамда шықты. Аталған спорттық шара ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громовтың бақылауда. Ақмола аймақтық әскери горнизонының қызметкерлері қала көшелерінде 5 шақырымды жүгіріп өтеді. ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты жанынан бастаған марафонға қатысушылар Достық көшесімен жүгіріп өтіп, Тұран даңғылы арқылы Түркістан, Тәуелсіздік көшелерінің бойымен министрлікке қайта оралады. Спорттық шара отан қорғаушылар күніне арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс емес, жастардың арасында бұқаралық спорт түрлерін дамытып, отансүйгіштікке тәрбиелейтін арнайы спорттық шара.