4 Мамыр 2013, 05:22
Американың ең үлкен қалаларының бірі Манчестерде ерекше ота жасалды. Трихотилломания деп аталатын дертке шалдығып, кірпіксіз қалған әйелге шаштан кірпіктер жапсырылды.
Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, шаштан кірпік жасау идеясының авторы – америкалық хирург Азим Шахмалак. Трихотилломания ауруымен ауырып, тоғыз жыл бойы кірпіксіз жүрген әйелдің көзінде бір-екі тал ғана кірпік қалған. Алдына көмек сұрап барған науқастың проблемасын шаштан кірпік жасаумен шешпек болған хирургтың бұл әдісі сәтті шығып, пациент сол күні-ақ үйіне босатылған. Төрт сағатқа жалғасқан операцияның нәтижесіне таңдана қарасқан мамандардың айтуынша, жаңа кірпіктер шаш сынды жылдам өсіп, қалыңдай түскен. Енді кірпіксіз қалған әйел жиі-жиі шаштаразға барып, жаңа кірпіктерін қысқартып жүр. Алдағы уақытта бұл технологияны көлік апаттарының немесе өрттің салдарынан кірпіксіз қалған әйелдерге қолдану ұсынылып отыр.