БЖЗҚ-ның жеке қорлардан айырмашылығы инвестициялық салымдардың толық табысты болуын қамтамасыз етеді

4 Мамыр 2013, 03:30

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру Қазақстан азаматтарының жинақтарын қорғап, салынған қаржының табысты болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық және қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеулер орталығының басшысы Сара Алпысбаева BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады. Макроэкономист ретінде С.Алпысбаева жинақтаушы зейнетақы жүйесін құрудың өзі әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып жасалған дұрыс қадам екеніне сенімді. «Әлем экономикасының өсу қарқыны бәсеңдеп, жеке елдерде дағдарыс белгілері, халықтың өмір жасы ұзақтығының өсу процесі жүріп жатқаны байқалуда. Әрине, мұның бәрі жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ескерілуі тиіс», - деп атап өтті ол. «Әлемде тұрақты, қатып қалған бірде-бір зейнетақы жүйесі жоқ. Оған әрқашан әлемдегі және елдегі өзгерістер, демографиялық үдерістер ескеріле отырып, нақты түзетулер енгізіліп тұрады», - деді С.Алпысбаева. «Осы тұрғыдан келгенде, мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінде өз шешімін қажет ететін қандай да бір проблемалар бар деп ойлаймын», - деп түсіндірді Зерттеулер орталығының директоры. Ең алдымен, оның сөзіне қарағанда, солардың бірі инвестициялық салымдар табысының аздығы болып отыр. Өзге нарыққа ену үшін, сарапшы атап өткендей, тәуекел-менеджментінің жоғары деңгейі, қаржы нарығында сапалы білім, сонымен қатар зейнетақы қорының үлкен салымы қажет. «Бұл проблеманы тек ірі жинақтаушы зейнетақы қоры шешуі мүмкін, қазір ол мемлекеттік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры түрінде құрылып жатыр. Бұл Ұлттық банк басқаратын Ұлттық қор сияқты әрекет етіп, өз салымдарының толық табысты болуын жүзеге асырады», - деп сендірді профессор. Сонымен қатар, БЖЗҚ құру қазіргі жинақтаушы зейнетақы қорларының салынған қаржының инвестициялық табыстылығын инфляциядан жоғары қамтамасыз ете алмауымен байланысты, бұл алшақтық мемлекеттік бюджет есебінен жабылуы тиіс. «Бұл да үлкен проблема. Неге біз төлеген салықтан қайсібір жинақтаушы зейнетақы қоры өз қаржысын тиімді басқара алмауына байланысты қосымша шығын шығуы керек?», - деп сауал тастады С.Алпысбаева. «Бірыңғай зейнетақы қоры құрылған кезде әрбір азамат өзінің жинақтарына мемлекет жауап беретіндіктен, оның табысы инфляциядан жоғары болатындықтан, алаңдамаса да болады. Осы тұрғыдан келгенде, мен қазір Үкімет ұстанған позиция өте дұрыс екеніне толық кепілдік беремін», - деп атап өтті С.Алпысбаева. Сабина СЕКСЕМБАЕВА

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру Қазақстан азаматтарының жинақтарын қорғап, салынған қаржының табысты болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық және қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеулер орталығының басшысы Сара Алпысбаева BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Макроэкономист ретінде С.Алпысбаева жинақтаушы зейнетақы жүйесін құрудың өзі әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып жасалған дұрыс қадам екеніне сенімді.

«Әлем экономикасының өсу қарқыны бәсеңдеп, жеке елдерде дағдарыс белгілері, халықтың өмір жасы ұзақтығының өсу процесі жүріп жатқаны байқалуда. Әрине, мұның бәрі жинақтаушы зейнетақы жүйесінде ескерілуі тиіс», - деп атап өтті ол.

«Әлемде тұрақты, қатып қалған бірде-бір зейнетақы жүйесі жоқ. Оған әрқашан әлемдегі және елдегі өзгерістер, демографиялық үдерістер ескеріле отырып, нақты түзетулер енгізіліп тұрады», - деді С.Алпысбаева.

«Осы тұрғыдан келгенде, мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінде өз шешімін қажет ететін қандай да бір проблемалар бар деп ойлаймын», - деп түсіндірді Зерттеулер орталығының директоры.

Ең алдымен, оның сөзіне қарағанда, солардың бірі инвестициялық салымдар табысының аздығы болып отыр.

Өзге нарыққа ену үшін, сарапшы атап өткендей, тәуекел-менеджментінің жоғары деңгейі, қаржы нарығында сапалы білім, сонымен қатар зейнетақы қорының үлкен салымы қажет.

«Бұл проблеманы тек ірі жинақтаушы зейнетақы қоры шешуі мүмкін, қазір ол мемлекеттік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры түрінде құрылып жатыр. Бұл Ұлттық банк басқаратын Ұлттық қор сияқты әрекет етіп, өз салымдарының толық табысты болуын жүзеге асырады», - деп сендірді профессор.

Сонымен қатар, БЖЗҚ құру қазіргі жинақтаушы зейнетақы қорларының салынған қаржының инвестициялық табыстылығын инфляциядан жоғары қамтамасыз ете алмауымен байланысты, бұл алшақтық мемлекеттік бюджет есебінен жабылуы тиіс.

«Бұл да үлкен проблема. Неге біз төлеген салықтан қайсібір жинақтаушы зейнетақы қоры өз қаржысын тиімді басқара алмауына байланысты қосымша шығын шығуы керек?», - деп сауал тастады С.Алпысбаева.

«Бірыңғай зейнетақы қоры құрылған кезде әрбір азамат өзінің жинақтарына мемлекет жауап беретіндіктен, оның табысы инфляциядан жоғары болатындықтан, алаңдамаса да болады. Осы тұрғыдан келгенде, мен қазір Үкімет ұстанған позиция өте дұрыс екеніне толық кепілдік беремін», - деп атап өтті С.Алпысбаева.

Сабина СЕКСЕМБАЕВА

Бөлісу: