Бұл жарысқа Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері өз отбасыларымен қатысатын болады. Айта кету керек, 500-ден астам марафоншыға Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов жол бастап береді.
Марафон жарысы Қорғаныс министрлігі ғимаратынан басталып Достық көшесі, Тұран даңғылы арқылы өтеді, әрі қарай Тәуелсіздік және Түркістан көшелерінің бойымен жалғасып,қайта Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында мәреге жетеді. Марафонның қашықтығы – 5 шақырым.