Егіздің сыңары үш айдан соң өмірге келді

3 Мамыр 2013, 05:17

Ирландық әйел егіз қыздарының сыңарын үш айдан кейін дүниеге әкелді. Енді ол Гиннесстің рекордтар кітабына енуі мүмкін.    Lenta.ru интернет порталының хабарлауынша, Гленмор қаласының 34 жастағы тұрғыны Марии Джонс-Эллиот жүктілігінің 23-інші апта­сында бірінші қызын босанған. Бес айлық болып туған Эми есімді бүлдіршіннің салмағы бір келіге де жетпеген көрінеді. Бірінші қыз туыл­ғаннан кейін жүкті әйелдің толғағы бірден тыйылып, егіздің сыңары анасының құрсағында дым бол­маған­дай қала беруі дәрігерлерді әлі күнге таңғалдырып отыр. Бастап­қыда жасанды жолмен босандырмақ болған ақ халаттылар кейін бұл ойларынан айнып, әйелдің табиғи жолмен босануын күткен. Кэти есімі берілген екінші қыз 87 күннен кейін дүние есігін ашқан. Мамандардың мәлімдеуінше, 2,6 келі болып туған қыздың денсаулығы жақсы, дене мүшелері де толық жетілген. Сөйтіп, егіз қыздардың аналары Гиннесстегі соңғы рекордты жаңартып отыр. Айта кетейік, 1995 жылы 11 қара­шада америкалық әйел алдымен Ханна есімді қызын, ал 1996 жылы 2 ақпанда, яғни 84 күннен кейін Эрик атты ұлын дүниеге әкелген болатын.   Алаш айнасы

Ирландық әйел егіз қыздарының сыңарын үш айдан кейін дүниеге әкелді. Енді ол Гиннесстің рекордтар кітабына енуі мүмкін. 

 

Lenta.ru интернет порталының хабарлауынша, Гленмор қаласының 34 жастағы тұрғыны Марии Джонс-Эллиот жүктілігінің 23-інші апта­сында бірінші қызын босанған. Бес айлық болып туған Эми есімді бүлдіршіннің салмағы бір келіге де жетпеген көрінеді. Бірінші қыз туыл­ғаннан кейін жүкті әйелдің толғағы бірден тыйылып, егіздің сыңары анасының құрсағында дым бол­маған­дай қала беруі дәрігерлерді әлі күнге таңғалдырып отыр. Бастап­қыда жасанды жолмен босандырмақ болған ақ халаттылар кейін бұл ойларынан айнып, әйелдің табиғи жолмен босануын күткен. Кэти есімі берілген екінші қыз 87 күннен кейін дүние есігін ашқан. Мамандардың мәлімдеуінше, 2,6 келі болып туған қыздың денсаулығы жақсы, дене мүшелері де толық жетілген. Сөйтіп, егіз қыздардың аналары Гиннесстегі соңғы рекордты жаңартып отыр. Айта кетейік, 1995 жылы 11 қара­шада америкалық әйел алдымен Ханна есімді қызын, ал 1996 жылы 2 ақпанда, яғни 84 күннен кейін Эрик атты ұлын дүниеге әкелген болатын.  


Алаш айнасы

Бөлісу: