2 Мамыр 2013, 09:14
Ұл он беске келгенше - қолыңдағы қобызың,
Ұл он бестен асқан соң - тіл алмаса доңызың.
Үмбетей Тілеуұлы
Жылға сай батпақ болса - өте алмассың,
Жастан шыққан жүйрікке - жете алмассың.
Үмбетей Тілеуұлы
Мейманға отың басы болса суық - еліңе жақсы жігіт атанбассың.
Үмбетей Тілеуұлы
Кісіні көрсең - есікке,
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар несіпке.
Үмбетей Тілеуұлы
Жеріңді жат баспағай.
Тоныкөк
Аяқтан шалма, қапыда қалма.
Жан беріп, жан алысар жорықта,
Жауым көп деп қорықпа.
Жауың басынса - жолың жабылар.
Тоныкөк
Жауыңды - басындырма, халқыңды - ашындырма.
Тоныкөк
Кетпеңдер өне бойы дүние қуып.
Сүйінбай Аронұлы
Тайып бара жатқанға таяныш бол
Сайф Сарайи
Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.
Сайф Сарайи
Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы.
Сайф Сарайи
Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.
Сайф Сарайи
Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн.
Сайф Сарайи
Көңіл берме - көңіл бермес кісіге.
Сайф Сарайи
Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.
Сайф Сарайи
Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
Сайф Сарайи
Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
Сайф Сарайи
Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.
Сайф Сарайи
Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.
Сайф Сарайи
Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады.
Сайф Сарайи
Жаманмен жолдас болма.
Сайф Сарайи
Тайып бара жатқанға таяныш бол.
Сайф Сарайи
Кісінің көңіліне қара.
Сайф Сарайи
Артықтан - тағылым ал, кемге - үйрет.
Міржақып Дулатов
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты.
Міржақып Дулатов
Көздің жасын құрғатар жігіт қайда,
Таршылықта қазақ тұр біздің жылап.
Жүріп, жастар, араға - жақындастыр,
Біздің халық өнерден жатыр жырақ.
Міржақып Дулатов
Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.
Майқы би
Құдықты көздеуі бар жерден қаз.
Құтып
Темірді жайлап иер болар.
Құтып
Оқ нысанаға ғана атылады.
Пеш ысыса - нан күйер.
Құтып
Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.
Құтып
Ақырын жүрген алысқа барады.
Құтып
Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.
Құтып
Тәуіптен ауырыңды жасырмағайсың.
Құтып
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.
Білге қаған
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы