Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы-6

2 Мамыр 2013, 09:12

  Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама. Мақал - мәтел   Әкімнің көңілінде бол, көзінде болма. Мақал - мәтел   Тебегеннен теріс жүр. Мақал - мәтел   Келгенді кеудеден итерме Мақал - мәтел   Би болу оңай, билік айту қиын. Мақал - мәтел   Өзіне-өзі өкпелеген - ол да білім барлығы, өзімнен өзар жоқ деген - қара көңіл тарлығы. Мақал - мәтел   Бақ деген бір қара шыбын: таздың басына да, пұшықтың мұрнына да, соқырдың көзіне де қона береді. Мақал - мәтел   Әуеде ұшқан бүркіт қалықтайды, Сүймеген жар - жолдасын жарытпайды. Сүйген жармен өмірлік жолдас болсаң, Өлгеніңше сол шіркін налытпайды. Қара  өлең   Жігіттің жолдас болма қорыменен. Қара  өлең   Жігіт бол жігіт болсаң тал жібектей, Жарамас қатты болу тікенектей. Білімің болса дағы ұшан-теңіз, Не керек өз жұртыңа қызмет етпей. Қара  өлең   Жігіт болсаң жігіт бол көңіл ашар, Өнер қуған жігіттен пәле қашар. Өміріңді өткізбе түндей қылып, Жігіттің де жігіті бір-ақ жасар. Қара  өлең   Қиын екен жігітке жұртқа жақпақ, Жақсы-жаман көңілін бірдей таппақ. Қара қылды қақ жарып жүрсең дағы, Біреу даттап кетеді, біреу мақтап. Қара  өлең   Жігіттер, дәурен өтер, дәурен өтер, Бәрі де бұл дүниенің - әуре бекер. Қаумалаған достарың сырт айналар, Қадіріңе сүйген жар - сәулең жетер. Қара  өлең   Келеміз жоғарыдан төмен қайтып, Көңілді көтерелік өлең айтып. Көңілді көтермесек өлең айтып, Әлі-ақ бір күн қалармыз жер томпайтып. Қара  өлең   Барында тіршіліктің түрлене бер, Дұшпаның көре алмаған не демейді. Қара  өлең   Бекерге сұлулықтың сәні қайсы - сүйсініп бал дәмінен татпаған Қара  өлең   Құрбылар, жас күніңде өнер үйрен - басыңды есіктегі төрге сүйрер. Қара  өлең   Анаң да мақтан еткен ұл туғанын, Қолыңнан келмес іске ұмтылмағын. Сояды халық қаласа хан түйесін, Ойлай жүр қайда жүрсең ұлтың қамын. Қара  өлең   Адал болсаң судай бол - су адамды көтереді, Мықты болсаң жердей бол - жер ғаламды көтереді. Би-шешендер   Ағайынның сөзінен аспа, Қарияның сөзін аяққа баспа. Көз қырын сала жүргейсің, Мен боламын деген жасқа. Би-шешендер   Арыстан айға шауып мерт болса - артында қалған баласы арыстаңдық етпес демеңіз, атасы аңсаған мұратқа баласы жетпес демеңіз. Би-шешендер   Үш сөзді ешқашан естен шығармаған жөн: олар - ұят, борыш, обал. Би-шешендер   Әйелді - теппе аяқпен, баланы - ұрма таяқпен: әйелді тепсең - сағың сынады, баланы ұрсаң - бағы сынады. Би-шешендер   Қонақ күтпеген келіннің - ырысы көшеді, Қариясын сыйламаған баланың - тынысы өшеді. Би-шешендер Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім, Судан терең дегенім - оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім - фани жалған, адамның өмірі, Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі. Би-шешендер Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама.

Мақал - мәтел

 

Әкімнің көңілінде бол, көзінде болма.

Мақал - мәтел

 

Тебегеннен теріс жүр.

Мақал - мәтел

 

Келгенді кеудеден итерме

Мақал - мәтел

 

Би болу оңай, билік айту қиын.

Мақал - мәтел

 

Өзіне-өзі өкпелеген - ол да білім барлығы, өзімнен өзар жоқ деген - қара көңіл тарлығы.

Мақал - мәтел

 

Бақ деген бір қара шыбын: таздың басына да, пұшықтың мұрнына да, соқырдың көзіне де қона береді.

Мақал - мәтел

 

Әуеде ұшқан бүркіт қалықтайды,

Сүймеген жар - жолдасын жарытпайды.

Сүйген жармен өмірлік жолдас болсаң,

Өлгеніңше сол шіркін налытпайды.

Қара  өлең

 

Жігіттің жолдас болма қорыменен.

Қара  өлең

 

Жігіт бол жігіт болсаң тал жібектей,

Жарамас қатты болу тікенектей.

Білімің болса дағы ұшан-теңіз,

Не керек өз жұртыңа қызмет етпей.

Қара  өлең

 

Жігіт болсаң жігіт бол көңіл ашар,

Өнер қуған жігіттен пәле қашар.

Өміріңді өткізбе түндей қылып,

Жігіттің де жігіті бір-ақ жасар.

Қара  өлең

 

Қиын екен жігітке жұртқа жақпақ,

Жақсы-жаман көңілін бірдей таппақ.

Қара қылды қақ жарып жүрсең дағы,

Біреу даттап кетеді, біреу мақтап.

Қара  өлең

 

Жігіттер, дәурен өтер, дәурен өтер,

Бәрі де бұл дүниенің - әуре бекер.

Қаумалаған достарың сырт айналар,

Қадіріңе сүйген жар - сәулең жетер.

Қара  өлең

 

Келеміз жоғарыдан төмен қайтып,

Көңілді көтерелік өлең айтып.

Көңілді көтермесек өлең айтып,

Әлі-ақ бір күн қалармыз жер томпайтып.

Қара  өлең

 

Барында тіршіліктің түрлене бер,

Дұшпаның көре алмаған не демейді.

Қара  өлең

 

Бекерге сұлулықтың сәні қайсы - сүйсініп бал дәмінен татпаған

Қара  өлең

 

Құрбылар, жас күніңде өнер үйрен - басыңды есіктегі төрге сүйрер.

Қара  өлең

 

Анаң да мақтан еткен ұл туғанын,

Қолыңнан келмес іске ұмтылмағын.

Сояды халық қаласа хан түйесін,

Ойлай жүр қайда жүрсең ұлтың қамын.

Қара  өлең

 

Адал болсаң судай бол - су адамды көтереді,

Мықты болсаң жердей бол - жер ғаламды көтереді.

Би-шешендер

 

Ағайынның сөзінен аспа,

Қарияның сөзін аяққа баспа.

Көз қырын сала жүргейсің,

Мен боламын деген жасқа.

Би-шешендер

 

Арыстан айға шауып мерт болса - артында қалған баласы арыстаңдық етпес демеңіз, атасы аңсаған мұратқа баласы жетпес демеңіз.

Би-шешендер

 

Үш сөзді ешқашан естен шығармаған жөн: олар - ұят, борыш, обал.

Би-шешендер

 

Әйелді - теппе аяқпен, баланы - ұрма таяқпен: әйелді тепсең - сағың сынады, баланы ұрсаң - бағы сынады.

Би-шешендер

 

Қонақ күтпеген келіннің - ырысы көшеді,

Қариясын сыйламаған баланың - тынысы өшеді.

Би-шешендер

Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім,

Судан терең дегенім - оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім - фани жалған, адамның өмірі,

Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі.

Би-шешендер

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: