2 Мамыр 2013, 09:05
Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс!
Әлихан Бөкейханов
Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады.
Мұхтар Әуезов
Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау.
Мұхтар Әуезов
Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле.
Мұхтар Әуезов
Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен.
Мұхтар Әуезов
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.
Мұхтар Әуезов
Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны - елдік.
Мұхтар Әуезов
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.
Мұхтар Әуезов
Тумай жатып - толдым деме, толмай жатып - болдым деме.
Мұхтар Әуезов
Жауға - жалынба, досқа - тарылма.
Мұхтар Әуезов
Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
Мұхтар Әуезов
Түреңді тот басса - тоқшылық күтпе.
Мұзафар Әлімбаев
Ескерткіш тозса да - естелік тозбайды.
Мұзафар Әлімбаев
Кемеңгер қарапайымдылық.
Мұзафар Әлімбаев
Арыз жазғанша - аруз жаз.
Мұзафар Әлімбаев
Атқа мінбеген - таққа мінбейді.
Мұзафар Әлімбаев
Ауылына тартпақтамай, бауырына жалтақтамай тура пікір айтқанға не жетсін.
Мұзафар Әлімбаев
Арманның көшесі жоқ атқан оқтай,
Шақырар қараңғыда жаққан оттай.
Қиялап, бұралаңдап қия бетте,
Қалбаңдап зырылдайсың қақан доптай.
Мұзафар Әлімбаев
Жер күтпеген - ерден түңіл,
Ер күтпеген - елден түңіл.
Мұзафар Әлімбаев
Аздың азаншысы болғанша - көптің қазаншысы бол.
Мұзафар Әлімбаев
Жемқорлық - індет, аластау - міндет.
Мұзафар Әлімбаев
Таяқтап сайда жүргенше - таяқталып қырда жүр.
Мұзафар Әлімбаев
Өз орнын таппаған ірілік - қушиған күйкілікке айналады.
Мұзафар Әлімбаев
Жалқау болсаң - азасың, еңбек етсең - озасың.
Мұзафар Әлімбаев
Жан шыдағанға - тән шыдамайды.
Мұзафар Әлімбаев
Бас иілмесе - тізе бүгілмейді.
Мұзафар Әлімбаев
Оңай - олжа бермейді.
Шерхан Мұртаза
Еңкейгенге еңкей - әкеңнен қалған құл емес,
Шалқайғанға шалқай - ол да құдайдың ұлы емес.
Мақал-мәтел
Келісіп пішкен тон келте болмас.
Мақал-мәтел
Елден бұрын елпеңдме.
Мақал-мәтел
Өнбейтін дауды өспейтін ұл қуады.
Мақал-мәтел
Ерте тұрған еркектің - ырысы артық, ерте тұрған әйелдің - бір артық.
Мақал-мәтел
Бір күн қонақ еткенге - мың күн сәлем.
Мақал-мәтел
Жүзі игіден түңілме.
Мақал - мәтел
Әке отырып - бала сөйлегеннен без, шешесі отырып - қыз сөйлегеннен без.
Мақал - мәтел
Таспен атқанды - аспан ат.
Мақал - мәтел
Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пшіер.
Мақал – мәтел
Алмақтың да салмағы бар.
Мақал - мәтел
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы