Надандық, ақымақтық, сабырлық, сараңдық туралы

2 Мамыр 2013, 08:50

  Надандық, ақымақтық туралы   Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің. Асан қайғы Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Кедей - тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас - атымды шығарамын деп, надан ақсақал - кек аламын деп ұрлық жасайды. Әлихан Бөкейханов Надандар ойын сөзді - кек көреді. Қара  өлең Ер жігітке о да өлім - серттен таймақ. Ит білер сыйлағанды, надан білмес. Шәді  Жәңгірұлы Қалтасында пұлы жоқ - өзін өзі би сайлайды. Би-шешендер Надандықтың белгісі - өзін-өзі мақтайды Көкірегі соқырға - өмірде таң атпайды. Шешеннің сөзі шын алмас - қап түбінде жетпейді. Би-шешендер Пышағым майлы болса - елімнің тоқтығы болар, Ақымақ деп атаңды сөксең - ақылыңның жоқтығы болар. Би-шешендер Ақымақтың  көңілі тоқ. Би-шешендер Ақылсыздың - сүйгені жаман, Ақымақтың - түйгені жаман. Би-шешендер Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың? Үмбетей Тілеуұлы Баласын мақтар - хоштаған, әйелін жақтар - қостаған. Үмбетей Тілеуұлы Ұқпасқа айтқан - сөз жетім, көрмеске берген - бөз жетім. Төле би Әлібекұлы Ақымақ жігіт белгісі - аз күнгі баққа алқынар. Сүйінбай Аронұлы Ақымақты мақтасаң - қуанар. Сайф Сарайи Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады. Сайф Сарайи Надандар білімді адамды көре алмайды. Сайф Сарайи Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды. Сайф Сарайи Сабырлық туралы   Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа. Асан қайғы   Сабыр - ақылдың серігі. Майлықожа Сұлтанқожаұлы   Сабыр түбі - сары алтын. Мақал - мәтел   Асықпаған арбамен қоянға жетеді. Мақал - мәтел   Жүгірген алмайды, бұйырған алады. Мақал - мәтел Қазаға - сабыр жолдас. Мақал - мәтел Сабыр қылсаң жетерсің - құдайдың болса берері. Шортанбай Қанайұлы Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. Махмұд Қашқари Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. Махмұд Қашқари Шатысқан істің шешімі - шыдам. Құтып Шүкіршілік қылғанға шыр бітер. Жүсіп Баласағұн Ұстамды бол, сабыр ет! Жүсіп Баласағұн Шыдамдының айы оңынан туар. Жүсіп Баласағұн Сабыр етсең - ісің оңға асады, шүкір қылсаң - жамандық та қашады. Жүсіп Баласағұн Ұстамсыз бәлеге ұрынар. Жүсіп Баласағұн Не болса да - сабыр қыл. Қожа Ахмет Йассауи Сараңдық туралы   Сараңнын сәбізі сарайдың түкпірінде жатады. Мұзафар Әлімбаев Сараңның өзі тойса да, көзі тоймайды. Мақал - мәтел Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. Махмұд Қашқари Сараң санға қосылмас. Махмұд Қашқари Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін. Майқы би Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Надандық, ақымақтық туралы

 

Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.

Асан қайғы

Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Кедей - тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас - атымды шығарамын деп, надан ақсақал - кек аламын деп ұрлық жасайды.

Әлихан Бөкейханов

Надандар ойын сөзді - кек көреді.

Қара  өлең

Ер жігітке о да өлім - серттен таймақ.

Ит білер сыйлағанды, надан білмес.

Шәді  Жәңгірұлы

Қалтасында пұлы жоқ - өзін өзі би сайлайды.

Би-шешендер

Надандықтың белгісі - өзін-өзі мақтайды

Көкірегі соқырға - өмірде таң атпайды.

Шешеннің сөзі шын алмас - қап түбінде жетпейді.

Би-шешендер

Пышағым майлы болса - елімнің тоқтығы болар,

Ақымақ деп атаңды сөксең - ақылыңның жоқтығы болар.

Би-шешендер

Ақымақтың  көңілі тоқ.

Би-шешендер

Ақылсыздың - сүйгені жаман,

Ақымақтың - түйгені жаман.

Би-шешендер

Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың?

Үмбетей Тілеуұлы

Баласын мақтар - хоштаған, әйелін жақтар - қостаған.

Үмбетей Тілеуұлы

Ұқпасқа айтқан - сөз жетім, көрмеске берген - бөз жетім.

Төле би Әлібекұлы

Ақымақ жігіт белгісі - аз күнгі баққа алқынар.

Сүйінбай Аронұлы

Ақымақты мақтасаң - қуанар.

Сайф Сарайи

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Сайф Сарайи

Надандар білімді адамды көре алмайды.

Сайф Сарайи

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.

Сайф Сарайи

Сабырлық туралы

 

Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.

Асан қайғы

 

Сабыр - ақылдың серігі.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

 

Сабыр түбі - сары алтын.

Мақал - мәтел

 

Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

Мақал - мәтел

 

Жүгірген алмайды, бұйырған алады.

Мақал - мәтел

Қазаға - сабыр жолдас.

Мақал - мәтел

Сабыр қылсаң жетерсің - құдайдың болса берері.

Шортанбай Қанайұлы

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл.

Махмұд Қашқари

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл.

Махмұд Қашқари

Шатысқан істің шешімі - шыдам.

Құтып

Шүкіршілік қылғанға шыр бітер.

Жүсіп Баласағұн

Ұстамды бол, сабыр ет!

Жүсіп Баласағұн

Шыдамдының айы оңынан туар.

Жүсіп Баласағұн

Сабыр етсең - ісің оңға асады, шүкір қылсаң - жамандық та қашады.

Жүсіп Баласағұн

Ұстамсыз бәлеге ұрынар.

Жүсіп Баласағұн

Не болса да - сабыр қыл.

Қожа Ахмет Йассауи

Сараңдық туралы

 

Сараңнын сәбізі сарайдың түкпірінде жатады.

Мұзафар Әлімбаев

Сараңның өзі тойса да, көзі тоймайды.

Мақал - мәтел

Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады.

Махмұд Қашқари

Сараң санға қосылмас.

Махмұд Қашқари

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Майқы би

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: