2 Мамыр 2013, 08:44
Мәдениет туралы |
Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері. Олжас Сүлейменов
«Төлтума мәдениет» деген патриоттық ұғымды әлдебір алыс мұхит төрінде сан ғасырлар бойы кеме зәкір (якорь) тастап көрмеген аралға қатысты ғана қолдануға болады. Олжас Сүлейменов
Гүлденген мәдениет дегеніміз - сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады. Олжас Сүлейменов
Пайдасыздық, керексіздік туралы
Батпағы бар көлдерден - су ішетін сай артық, Қамшылатқан шабаннан - езі жүрген тай артық. Жаманмен жолдас болғанша - саяқ жүрген көп артық. Би-шешендер Берекесі жоқ жақыннан - беделі бар жат артық, Бәдені жоқ қатыннан - бедері бар зат артық. Би-шешендер Көкірек таза болмаса - көз тазасы не керек, Пейілің таза болмаса - сөз тазасы не керек. Би-шешендер Көмексіз болса ер жігіт - жалғыз теңдік таба алмас. Шернияз Жарылғасұлы Арғымақ атқа көп міндім - садаға кетсін буданнан, Азаматқа көп ердім - садаға кетсін туғаннан. Шалгиіз Жарылғасұлы Екі арыстан қосылса дәуді өлтірер, ажал келсе - ауру түгіл сауды өлтірер, қаніпезер бұзақы жігіт болса - тыныш жатқан еліне дау келтірер. Шал Құлекеұлы Мың теңгелік қайғыдан бір теңгелік пайда жоқ. Шал Құлекеұлы Байлауы жоқ шешеннен - үндемеген есті артық, бәйгі алмаған жүйріктен - белі жуан бесті артық. Шал Құлекеұлы Байлауы жоқ шешеннен - үндемеген епті артық, Бәйге алмаған жүйріктен - белі жуан бесті артық. Шал Құлекеұлы Сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді. Үмбетей Тілеуұлы Панасыз таудың - несі тау. Үмбетей Тілеуұлы Арғымақ баптап не керек - жабы қуып жеткен соң, Ағайын-туған не керек - андысып күні өткен соң, Бес күн дәурен өтеді - ажал қуып жеткен соң. Төле би Әлібекұлы Қарғадан қарға туар қарқылдаған, Жаманнан жақсы туар жарқылдаған. Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр, Пайдасы өз басынан артылмаған. Сүйінбай Аронұлы Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық. Сайф Сарайи Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат. Сайф Сарайи Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық. Сайф Сарайи Тырнағанмен темір таты кетпейді. Сайф Сарайи Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық. Сайф Сарайи Қазан көп қайнаса - ас бұзылады. Құтып Ерден ердің несі артық - ептестірген сөзі артық, Жерден жердің несі артық - бір-екі уыс шөбі артық, Малдан малдың несі артық - бір-екі асым еті артық, Серттен тайған жігіттен - аштан өлген аюдың өті артық. Қазыбек Келдібекұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы |