Конституциялық құқық

9 Қараша 2012, 03:25

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ – елдің құқықтық жүйесінің жетекші саласы, негізі. Қазақстан Республикасында К.қ. – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамдардың құқықтық мәртебесін, мемл. органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуын және қызмет етуінің негіздерін, сайлау құқығы мен сайлау жүйесін, әкімш.-аумақтық құрылымын реттеп, бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы, яки өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесі. К. қ. нормалары мемлекеттің әлеум.-экон., саяси және аумақтық құрылымының, оның азаматтық қоғам ин-ттарымен қатынастары тәртібінің негізгі принциптерін, елдегі адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын реттейді, мемл. билік органдары жүйесін айқындайды. Қазақстанда және бірқатар басқа елдерде К. қ. құқықтық реттеудің мәні жөнінен, бүтіндей алғанда, мемлекеттік құқық деп аталатын ұғымға жуықтас келеді. Қазақстан Республикасында К. қ-тың негізгі принциптері: президенттік басқару нысаны, республиканың егемендігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы және мызғымайтындығы, мемл. биліктің Конституция мен заңдар негізінде үш буынға (заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі тармақтарына) бөлінуі. Қазақстан Республикасында К. қ-тың негізгі бастау көзі: 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның нормалары Президенттің заңдық күші бар Конституциялық жарлықтары мен конституциялық заңдар, парламенттік заңдар, атқарушы билік органдарының осы заңдарға негізделген актілері, соттың үлгілік іс-тәжірибелері мен рәсімдерінің барлығынан жоғары заңдық күшке ие. К. қ. нормалары реттейтін, бекітетін әлеум. қатынастар К. қ. пәні болып табылады. Ол қоғамдағы аса маңызды қатынастардан құралады. К. қ. нормалары реттейтін қатынастардың аясы кең. Өзге құқық нормалары қоғам өмірінің нақты бір саласына әсер етсе, К. қ. нормалары қоғамның барлық салаларына: саяси, экон., әлеум., мәдени, рухани, т.б. салаларға әсер етеді. Алайда, К. қ. нормалары аталмыш салаларды толығымен, тұтастай реттемейді. Олар тиісті салалардың бастапқы, негізгі қатынастарын ғана реттейді. Сөйтіп, К. қ. өзге салалар үшін базалық мәнге ие болып, іргетасқа айналады. Яғни К. қ. нормаларымен реттелетін әлеум. қатынастардың негізінде өзге құқық салаларының нормалары пайда болып, ол қатынастарды әрі қарай дамытып, жетілдіріп отырады. К. қ. – ұлттық құқықтың бір саласы, ол сондай-ақ, ғылым және оқу пәні. Ғылым ретінде К. қ. – құқық саласы ретіндегі К. қ. туралы, яғни К.қ. нормалары мен ин-ттары, олармен реттелетін әлеум. қатынастар туралы ғыл. ережелердің жиынтығы. Оқу пәні ретінде К. қ. – шәкірттердің оқып, пайдалануына арналған білім жүйесі, кәсіби білікті заңгер болудың алғашқы, негізгі іргетасы. Ә. Жарболова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ – елдің құқықтық жүйесінің жетекші саласы, негізі. Қазақстан Республикасында К.қ. – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамдардың құқықтық мәртебесін, мемл. органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуын және қызмет етуінің негіздерін, сайлау құқығы мен сайлау жүйесін, әкімш.-аумақтық құрылымын реттеп, бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы, яки өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесі. К. қ. нормалары мемлекеттің әлеум.-экон., саяси және аумақтық құрылымының, оның азаматтық қоғам ин-ттарымен қатынастары тәртібінің негізгі принциптерін, елдегі адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын реттейді, мемл. билік органдары жүйесін айқындайды. Қазақстанда және бірқатар басқа елдерде К. қ. құқықтық реттеудің мәні жөнінен, бүтіндей алғанда, мемлекеттік құқық деп аталатын ұғымға жуықтас келеді. Қазақстан Республикасында К. қ-тың негізгі принциптері: президенттік басқару нысаны, республиканың егемендігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы және мызғымайтындығы, мемл. биліктің Конституция мен заңдар негізінде үш буынға (заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі тармақтарына) бөлінуі. Қазақстан Республикасында К. қ-тың негізгі бастау көзі: 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның нормалары Президенттің заңдық күші бар Конституциялық жарлықтары мен конституциялық заңдар, парламенттік заңдар, атқарушы билік органдарының осы заңдарға негізделген актілері, соттың үлгілік іс-тәжірибелері мен рәсімдерінің барлығынан жоғары заңдық күшке ие.

К. қ. нормалары реттейтін, бекітетін әлеум. қатынастар К. қ. пәні болып табылады. Ол қоғамдағы аса маңызды қатынастардан құралады. К. қ. нормалары реттейтін қатынастардың аясы кең. Өзге құқық нормалары қоғам өмірінің нақты бір саласына әсер етсе, К. қ. нормалары қоғамның барлық салаларына: саяси, экон., әлеум., мәдени, рухани, т.б. салаларға әсер етеді. Алайда, К. қ. нормалары аталмыш салаларды толығымен, тұтастай реттемейді. Олар тиісті салалардың бастапқы, негізгі қатынастарын ғана реттейді. Сөйтіп, К. қ. өзге салалар үшін базалық мәнге ие болып, іргетасқа айналады. Яғни К. қ. нормаларымен реттелетін әлеум. қатынастардың негізінде өзге құқық салаларының нормалары пайда болып, ол қатынастарды әрі қарай дамытып, жетілдіріп отырады.

К. қ. – ұлттық құқықтың бір саласы, ол сондай-ақ, ғылым және оқу пәні. Ғылым ретінде К. қ. – құқық саласы ретіндегі К. қ. туралы, яғни К.қ. нормалары мен ин-ттары, олармен реттелетін әлеум. қатынастар туралы ғыл. ережелердің жиынтығы. Оқу пәні ретінде К. қ. – шәкірттердің оқып, пайдалануына арналған білім жүйесі, кәсіби білікті заңгер болудың алғашқы, негізгі іргетасы.

Ә. Жарболова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу: