Тілегі бір халық болашаққа сеніммен қарайды - Н.Назарбаев

1 Мамыр 2013, 07:38

Біздің мақсат-тілектеріміз ортақ болуы керек. Ол мақсат-тілектер өз болашағына, балаларының болашағына сеніммен қарайтын халқы бар мықты мемлекет құруға жұмыс істеуі керек. Бүгін бірлік күніне орай «Қазақ елі» монументінің жанында өтіп жатқан мерекені тамашалауға келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен мерекеге орай ұйымдастырылған үлкен концертті, театрландырылған қойылымды тамашалады. Кейін алаңға тігілген әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдени бұрыштарын аралап көрді. «Бірлік ата-бабамыздан келе жатқан аманат. Барлық қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен шын жүрегімнен құттықтап, бақыт тілеймін. Бала-шағамыз аман, болашағымыз зор болсын. Бүгін шынымен де тамаша мереке, бірлік мерекесі. Бірлік арқылы мемлекет үлкен белестерді бағындырып, азаматтардың тұрмысын жақсартты. Біз де егемендік жылдары осы бірліктің арқасында, тұрақтылық пен достықтың арқасында бір отбасыға айналдық. Біз де бірліктің көмегімен мемлекетімізді көркейтіп, халықтың өмірін жақсарттық, Отанымыз Қазақстанның атағын шығардық. Біздің еліміз бір, тағдырымыз бір, жеріміз бір. Сондықтан, мақсат-тілектеріміз де ортақ болуы керек. Сол мақсат-тілектер болашағына сеніммен қарайтын халқы бар мықты мемлекет құруға көмектеседі», - деген Елбасы барша қазақстандықтарға тілегін арнады. «Құрметті достар, құрметті отандастар, мерекелеріңізбен! Әрбір үйге құт-береке дарысын, Отанымыз көркейе берсін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, бүгін «Қазақ елі» монументінің маңындағы мереке кешке дейін созылады. Алаңда тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, гір көтеру сияқты әртүрлі спорт түрінен жарыстар, шағын-шағын қойылымдар ұйымдастырылып, ән-күй әуеленіп жатыр.   Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ BNews.kz  

Біздің мақсат-тілектеріміз ортақ болуы керек. Ол мақсат-тілектер өз болашағына, балаларының болашағына сеніммен қарайтын халқы бар мықты мемлекет құруға жұмыс істеуі керек. Бүгін бірлік күніне орай «Қазақ елі» монументінің жанында өтіп жатқан мерекені тамашалауға келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен мерекеге орай ұйымдастырылған үлкен концертті, театрландырылған қойылымды тамашалады. Кейін алаңға тігілген әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдени бұрыштарын аралап көрді.

«Бірлік ата-бабамыздан келе жатқан аманат. Барлық қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен шын жүрегімнен құттықтап, бақыт тілеймін. Бала-шағамыз аман, болашағымыз зор болсын. Бүгін шынымен де тамаша мереке, бірлік мерекесі. Бірлік арқылы мемлекет үлкен белестерді бағындырып, азаматтардың тұрмысын жақсартты. Біз де егемендік жылдары осы бірліктің арқасында, тұрақтылық пен достықтың арқасында бір отбасыға айналдық. Біз де бірліктің көмегімен мемлекетімізді көркейтіп, халықтың өмірін жақсарттық, Отанымыз Қазақстанның атағын шығардық. Біздің еліміз бір, тағдырымыз бір, жеріміз бір. Сондықтан, мақсат-тілектеріміз де ортақ болуы керек. Сол мақсат-тілектер болашағына сеніммен қарайтын халқы бар мықты мемлекет құруға көмектеседі», - деген Елбасы барша қазақстандықтарға тілегін арнады.

«Құрметті достар, құрметті отандастар, мерекелеріңізбен! Әрбір үйге құт-береке дарысын, Отанымыз көркейе берсін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін «Қазақ елі» монументінің маңындағы мереке кешке дейін созылады. Алаңда тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, гір көтеру сияқты әртүрлі спорт түрінен жарыстар, шағын-шағын қойылымдар ұйымдастырылып, ән-күй әуеленіп жатыр.

 

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

BNews.kz

 

Бөлісу: