Бүгін - Халықаралық джаз күні

30 Сәуір 2013, 04:43

Тұңғыш рет Халықаралық джаз күні (International Jazz Day) 2012 жылы тойланды, деп хабарлайды Қазақпарат.   ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы күнтізбеге жаңа атаулы күннің енгізілетіндігі туралы 2011 жылдың қарашасында жария етті.   Негізінен джаз АҚШ-та 19 ғасырдың соңында 20-шы ғасырдың басында африкалық және еуропалық мәдениеттердің үйлесімдігі түрінде пайда болды. Ол бүгінгі таңда да музыка өнерінің бірегей түрі ретінде қалып, нәсілдер мен ұлттарды біріктіреді. Джаздың тұңғыш күнін өткізу бойынша ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова: «Джаз өзінің тарихында оң өзгерістердің факторы болды, ол бүгін де солай болып қала беруде. Сондықтан ЮНЕСКО Халықаралық джаз күнін қабылдауға түрткі болды. Бұл әуеннің негізінде құлдыққа, қанаушылыққа қарсылық бар. Барлық мәдениеттер үшін маңызды еркіндік тілі джазға тән», -дейді.

Тұңғыш рет Халықаралық джаз күні (International Jazz Day) 2012 жылы тойланды, деп хабарлайды Қазақпарат.

 

ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы күнтізбеге жаңа атаулы күннің енгізілетіндігі туралы 2011 жылдың қарашасында жария етті.  

Негізінен джаз АҚШ-та 19 ғасырдың соңында 20-шы ғасырдың басында африкалық және еуропалық мәдениеттердің үйлесімдігі түрінде пайда болды. Ол бүгінгі таңда да музыка өнерінің бірегей түрі ретінде қалып, нәсілдер мен ұлттарды біріктіреді.

Джаздың тұңғыш күнін өткізу бойынша ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова: «Джаз өзінің тарихында оң өзгерістердің факторы болды, ол бүгін де солай болып қала беруде. Сондықтан ЮНЕСКО Халықаралық джаз күнін қабылдауға түрткі болды. Бұл әуеннің негізінде құлдыққа, қанаушылыққа қарсылық бар. Барлық мәдениеттер үшін маңызды еркіндік тілі джазға тән», -дейді.

Бөлісу: