Жақсы мен жаман туралы -4

Жақсының жүрген жері - той.

Шал Құлекеұлы

Жаманға дәулет бітсе - әуе айналар,

Жақсыға дәулет бітсе - бақ айналар.

Шал Құлекеұлы

Үйіңдегі ұлың жаман болса - есіктегі құлмен тең,

Қойныңдағы қатының жаман болса - қаңтардағы мұзбен тең.

Үмбетей Тілеуұлы

Жаманды қанша мақтасаң да - жайды білер ер болмас.

Төле би Әлібекұлы

Әйелің жақсы болса - мейманыңның тұрағы,

Балаң жақсы болса - жан-тәніңнің шырағы.

Төле би Әлібекұлы

Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.

Тоқсары

Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр.

Сүйінбай Аронұлы

Дүниеде қандай жақсы болсаң да - тіленсең қадірің кетер.

Сүйінбай Аронұлы

Жаман жігіт белгісі - алғаны мен бергенін сырттан жүріп санайды.

Сүйінбай Аронұлы

Ер жігіт - ел-жұртының панасындай,

Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады.

Сүйінбай Аронұлы

Жақсының сөзін әркім пайдаланар,

Миуалы алма-өріктің ағашындай.

Сүйінбай Аронұлы

Әркім құмар жақсымен таласуға.

Сүйінбай Аронұлы

Жамандық қылғанға - жақсылықпен жауап бер.

Сайф Сарайи

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.

Сайф Сарайи

Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар.

Махмұд Қашқари

Тоқты менен ешкінің - қаны бірдей,

Жақсы менен жаманның - жаны бірдей.

Жанақ Сағындықұлы

Көк езу - жаман пиғыл, нәмәрт кісі, адамның қадірлісі - жомарт кісі.

Жүсіп Баласағұн

Жамандық - алтын басыңды аяққа сүйрейді.

Жүсіп Баласағұн

Аз жақсылық жасағанға да - көп рахмет айту парыз.

Жүсіп Баласағұн

Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Жүсіп Баласағұн

Жамандық жасасаң - жауабы өкініш болар.

Жүсіп Баласағұн

Жақсы іс көп жасайды.

Жүсіп Баласағұн

Жақсыдан - шарапат.

Жүсіп Баласағұн

Жаман мінез жау қылмағанды қылар.

Жүсіп Баласағұн

Жақсының - тілегі таусылмайды, жаманның - мұңы бітпейді.

Жүсіп Баласағұн

Жаманға жуыспа.

Жүсіп Баласағұн

Жақсы - жақсы тілек тілейді, жаман - күнде қарғап-сілейді.

Жүсіп Баласағұн

Жазасын тартпайтын жамандық жоқ.

Жүсіп Баласағұн

Жақсылардың ісін өсекшілер бұзады.

Жүсіп Баласағұн

Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы,

Атың жаман болса - шыбын жанның азабы.

Қазыбек Келдібекұлы

Атадан жақсы ұл туса - елінің зоры болады,

Атадан жаман ұл туса - адам біткеннің қоры болады.

Қазыбек Келдібекұлы

Үй сыртында төбең болса - ерттеулі тұрған атпен тең,

Көп жасаған қартың болса - жазып кеткен хатпен тең.

Қазыбек Келдібекұлы

Жаман тәліп зікіршіл боп төс қағар,

Көздерінен жас тамбас.

Қожа Ахмет Йассауи

Жамандық ойлама.

Қожа Ахмет Йассауи

Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл - пайғамбарымыздың өнегесі.

Қожа Ахмет Йассауи

Ұрыншақтың - дауы көп,

Жамандардың - жауы көп.

Қожа Ахмет Йассауи

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы